Меншікті ауыз қуысының, cavitas oris propria, сыртқы қабырғаcын
тістік доғалар мен қызылиектердің тілдік беттері, жоғарғы қабырғасын
таңдай, ал төменгі қабырғасын ауыздың көкетін құрайтын, тіластыүстілік
бұлшықеттер ( негізгісі, жақсүйек - тіласты бұлшықеті, m.mylohyoideus,)
түзеді. Артқы қабырғасындағы тесік – аңқа (тамақ), fauces, арқылы
жұтқыншақпен қатынасады.
ТІСТЕР
Тістер, dentes, жоғарғы және төменгі жақсүйектердің тістік
ұяшықтарында орналасқан. Тістердің түбірлері үздіксіз қосылыстардың бір
түрі – қағу, gomphosis, арқылы ұяшықтарға бекіге н.
Тістердің қызметі: асты бөлу, шайнау, майдалау және дыбыстардың
дұрыс айтылуына, сол арқылы анық сөйлеуге мүмкіндік туғызу. Ересек
адамдарда 32 тіс болады. Алғашқы сүт тістер 6 айда пайда болады, ал 6 - 7
жастан бастап, олардың орнын тұрақты тістер алмастыра бастайды.
Әр тісте сауытын, мойнын және түбірін ажыратады. Тіс сауыты, corona
dentis, тістің қызылиектің үстінде орналасқан бөлігі. Тіс түбірі, radix dentis,
тістің жақсүйектердің тістік ұяшықтарында орналасқан бөлігі. Тіс мойны,
cervix dentis, тістің сауыт пен түбірдің арасындағы қызылиекпен
қапсырылған жіңішке бөлігі(М.Р.Сапин, 2 том, 1997, рис 187,Строение зуба.
Обозначенияларын өзім қазақша жазамын. Суреттердің нөмірлерін соңында
қоямыз. Қазір Сапин бойынша тұра береді ).
Тіс сауытының 5 беттерін ажыратады. Жоғарғы және төменгі тістердің бір-
бірімен жанасатын беті - шайнау беті, facies masticatoria, немесе қабысу
Достарыңызбен бөлісу: |