Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Кіші азу тістер, dentes premolares, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде 
төртеуден болады, ит тістердің артында орналасады, сауытының қабысу 
бетінің ерекшелігі – кіреберістік және тілдік - екі төмпешігі болады. 
Жоғарғы премолярларда жиі екі түбір кездеседі,ал, төменгілері бір түбірлі 
болады.. 
Үлкен азу тістер, dentes molares, - сауыты кубтәрізді, әр жақсүйекте 
алтаудан , жақсүйектің бір жағында үштен: 1-ші, 2-ші, 3- ші үлкен азу тістер 


орналасады. Алдынан артына қарай олардың көлемдері кішірейе береді. 
Үшінші үлкен азу тіс - ақыл тіс, dens serotinus, кеш шығу мерзімімен (12 - 26 
жас аралығында) және шағын көлемімен ерекшеленеді.
Жоғарғы үлкен азу тістердің ерекшелігі – олар үш түбірлі болады. 
Түбірлердің екеуі ұрттық, біреуі тілдік деп аталады. Тіс сауытының шайнау 
бетінде негізінен төрт төмпешік орналасады. Жалпы 3-5 төмпешіктерден 
тұратын түрлері кездеседі.
Төменгі үлкен азу тістердің ерекшелігі – олардың алдыңғы және артқы- 
екі түбірі болады. Тіс сауытының шайнау беті жиі төрт төмпешіктен 
тұрады. Жалпы 3-6 төмпешіктерден тұратын түрлері кездеседі.
Төменгі және жоғарғы жақсүйектер тістерінің қабысуын тістеу деп атайды. 
Қалыпты тістеуде жоғарғы жақсүйек тістері төменгілерді жауып тұратыны 
байқалады.
Сүт тістердің, dentes decidui, ішінде кіші азу тістер болмайды, үлкен азу 
тістер екеу болады. Сүт тістердің топтық формуласы: 2 0 1 2 / 2 1 0 2. 
Олардың құрылымы тұрақты тістердің құрылымы сияқты, бірақ, әрине 
көлемі кішкене болады. Кіреукенің түсі ақ – көкшілдеу болып келеді. Тіс 
сауыт пен түбірдің шекарасы өте айқын бөлініп тұрады. 
Тістер жақсүйектерде – жоғарғы тістік доға, arcus dentalis superior, 
және төменгі тістік доға, arcus dentalis inferior, түзіп, симметриялы 
орналасады. Әр доғада 16 тістен орналасқан. Сагитталды жазықтықта әр доға 
тепе-тең оң және сол бөліктерге бөлінеді. Әр бөлік 8 тістен: 2 күрек тіс, 1 ит 
тіс, 2 кіші азу тіс және 3 үлкен азу тістен тұрады. (М.Р.Сапин, 2 том, 1997, 
рис 190. Постоянные зубы. Обозначенияларын өзім қазақша жазамын. 
Суреттердің нөмірлерін соңында қоямыз. Қазір Сапин бойынша тұра береді ) 
Тістердің орналасуы тістік формула арқылы беріледі. Тістердің толық ( 
клиникалық) формуласы: 8 7 6 5 4 3 2 1 / 1 2 3 4 5 6 7 8. Бұл формуладағы: 1 – 
медиалды күрек тіс; 2 - латералды күрек тіс; 3 – ит тіс және т.с.с.
Жақсүйектердің әр жартысындағы тістерді түрлеріне байланысты топқа 
біріктіріп көрсететін – тістердің топтық (анатомиялық) формуласы: 3 2 1 2 / 2 
1 2 3. Бұл фомулада жоғарғы жене төменгі жақсүйектердің бір жартысында , 
тістік қатардың ортасынан шетіне қарай: екі күрек тіс, бір ит тіс, екі кіші азу 
және үш үлкен азу тістер орналасқаны көрсетіледі. Сүт тістердің формуласы: 
V IV III II I / I II III IV V – деп,. рим әріптерімен белгіленеді. Сүт тістердің 
топтық формуласы: 2 0 1 2 / 2 1 0 2. Бұл формула арқылы, екі күрек тістің, бір 
ит тістің болатыны, сүт тістердің ішінде кіші азу тістер болмайтыны және екі 
үлкен азу тістер бар екені белгіленеді. Стоматологтар тістік формуланы
латын әріптері арқылы да белгілейді. Қазіргі кезде дүние жүзілік денсаулық 
сақтау ұйымы қабылдаған тістік формула: 18 17 16 15 14 13 12 11 / 21 22 23 
24 25 26 27 28. Жоғарғы жақсүйектің оң жартысының тістері 1 санымен 
(11,12...), сол жартысының тістері 2 санымен басталып (21,22...) белгіленеді. 
Төменгі жақсүйектің тістері формуладан көрініп тұрғандай 3 және 4 
сандарымен басталады.
Тістің түбірі жақсүйектің тістік ұяшығының қабырғасына - периодонт, 
periodontum, деп аталатын дәнекертіндік байламдар арқылы бекиді.


Тістің түбірін қоршап жатқан анатомиялық құрылымдардың: периодонт
ұяшық және оны жауып жатқан қызылиектің жиынтығы – парадонт, 
parodontium, деп аталады.
Тіс және жақсүйектің оған сәйкес келетін бөлігі тіс – жақсүйек сегменті 
деп аталады. Тіс – жақсүйек сегментінің құрамына: тіс; периодонт; тістік 
ұяшық пен оған сәйкес келетін, шырышты қабықпен жабылған жақсүйектің 
бөлігі; тамырлар мен нервтер кіреді. Жоғарғы және төменгі жақсүйектерде 
күрек тіс - жақсүйектік сегменттер, ит тіс – жақсүйектік сегменттер және 
т.с.с. сегменттер ажыратылады. 
Ауыз жабылған жабылған кездегі жоғарғы және төменгі тістік қатарлардың 
түйісуі окклюзия деп аталады. Жоғарғы және төменгі жақсүйектің бір – 
бірімен түйісетін тістері антогонист тістер деп аталады. Олар басты және 
қосалқы антогонистер деп екіге бөлінеді.Мысалы, жоғарғы медиалды күрек 
тістің басты антогонисі – төменгі медиалды күрек тіс, қосалқы антогонисі – 
төменгі латералды күрек тіс болады. Тек төменгі медиалды күрек тіс пен 
жоғарғы үшінші үлкен азу тістің біреуден ғана антогонисі болады.
Тістердің физиологиялық түйісуін орталық окклюзия деп атаймыз. 
Тістердің орталық окклюзия жағдайында орналасуы тістем деп аталады. 
Тістемнің 4 физиологиялық түрі ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет