Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті


беті, facies оcclusalis, деп аталады. Күрек және ит тістерде шайнау беті жоқ,  кесетін жиегі



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
беті, facies оcclusalis, деп аталады. Күрек және ит тістерде шайнау беті жоқ, 
кесетін жиегі, margo incisalis, ажыратылады. Тілге қараған - тілдік беті, 
facies lingualis, жоғарғы тістерде оларды таңдайлық беті деп те атайды. 
Ауыз кіреберісіне қараған - кіреберістік беті, facies vestibularis
ажыратылады, алдыңғы тістерде оларды еріндік, ал, артқы тістерде ұрттық 
беті - деп те атай береді. Тістің екі жағындағы көрші тістермен жанасқан - 
жанасу беті, facies contactus, ажыратылады. Оның өзі екіге: тістік қатардың 
ортасына қараған медиалды беті, facies melialis – пен, тістік қатардың 
шетіне қараған латералды бетке, facies lateralis, бөлінеді. 
Тіс ішінде тіс қуысы, cavitas dentis, орналасқан. Бұл қуыс тіс сауытының 
қуысы, cavitas coronalis, және тіс түбірінің өзегі, canalis radicis dentis,- деп, 
шартты түрде екіге бөлінеді.
Тіс түбірінің дисталды шеті - оның ұшы, apex radicis dentis, деп, аталады. 
Тіс ұшының тесігі, foramen apicis dentis, арқылы, тіс қуысын толтырып 
тұратын тіс ұлпасына, pulpa dentis, баратын артериялар және нервтер
ұлпадан шығатын веналар мен лимфа тамырлары өтеді. Осы аталған 
анатомиялық құрылымдар тіс ұлпасының негізін құрайды. 
Тістің құрастырушы бөліктері – кіреуке, еnаmelum, дентин,dentinum, және 
цемент,cementum. Тістің негізін дентин құрайды, тіс сауытындағы дентин 
кіреукемен, ал түбіріндегі дентин цементпен қапталған. 


Адамдарда төрт түрлі: күрек тістер, ит тістер, кіші және үлкен азу 
тістерді ажыратады. Олар бір-бірінен тіссауыттың пішіні мен түбірлерінің 
ерекшеліктері арқылы ажыратылады.
Күрек тістер, dentes incisivi, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде 
төртеуден болады, екі медиалды, екі латералды күрек тістер ажыратылады. 
Олардың сауытының пішіні: кесетін жиегі түзу қашау, күректәрізді болып 
келеді. Күрек тістер бір түбірлі болады.
Жоғарғы күрек тістердің сауыты төменгілерге қарағанда үлкен болады. 
Олардың ішіндегі ең үлкені - медиалды жоғарғы күрек тіс болып табылады. 
Төменгі латералды күрек тіс медиалдысынан үлкен болады. 
Ит тістер, dentes canini, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде екеуден 
болады. Олардың сауытының пішіні: кесетін жиегі бір – бірімен үшкір түзе 
қосылатын екі бөліктен тұрады. Ит тістерде де бір ұзын түбірі болады. Кейде 
жоғарғы және төменгі ит тістердің екі түбірлісі немесе ұштары екіге 
айырылғандары кездеседі. Жоғарғы ит тіс төменгісінен ірілеу болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет