11,12 дәріс
Жүйелік тақша (system board) компьютердің маңызды құраушыларының бірі,
кейде аналық (motherboard), негізгі немесе бас тақша (main board) деп те аталады. Бұл
компьютердің ішкі байланысын және басқа да бӛліктерін басқарады. Оның сапасына,
функционалдығына және жылдам әрекетіне тікелей барлық жүйенің тұрақтылығы мен
жылдамдығы тәуелді.
Онда келесі құрылғылар орналасады:
процессор;
шина;
жедел жады;
тұрақты жады;
слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар).
Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен
жедел жадымен шина деп аталатын ӛткізгіштер тобы арқылы байланысқан.
Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер, адрестік және командалық шинасы.
Жүйелік тақшаларды ӛңдеу кезінде есепке алынатын бірқатар кӛп таралған
форм-факторлар бар. Форм-фактор (form factor) тақшаның физикалық параметрімен
орнатуға келетін қораптың түрін білдіреді.
Ең танымал жүйелік тақшалардың форм-факторлары:
ATX – mini-tower және full-tower қораптарға келетін стандартты қазіргі
заманға лайық компьютерлер;
mini-ATX – ATX-тің кішірейтілген нұсқауы;
micro-ATX – desktop немесе mini-tower қораптарға келетін орта деңгейдегі
компьютерлер;
flex-ATX – қымбат емес немесе ӛнімділігі тӛмен desktop немесе mini-tower
қораптарға келетін компьютерлер;
NLX - desktop немесе mini-tower қораптарға келетін бірлескен жүйелер.
Достарыңызбен бөлісу: |