Бейнекарта монитормен бірігіп дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін
құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта
/бейнеадаптер/ деп аталатын басқару блогы атқарады.
Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA.
Ол 16,7
миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз
етеді.
Экранның шешуі (разрешение экрана) бейнекартаның
негізгі
параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін ӛзіне
сәйкес
тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы, ӛлшемі 14
дюйм
болатын монитордың экран шешуі 640х480, ал 19
дюймді
экрандар үшін 1280х1024 шешу пайдаланылады.
Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640х480
шешуі
мониторлар
жеткілікті.
Кӛптеген
қолданбалы
бағдарламалармен жұмыс жасау үшін шешуі 1024х768 болатын мониторлар қажет
болды. Бейнеадаптерлердің немесе графикалық адаптерлердің, тек кескіндерді сақтау
үшін ғана пайдаланатын меншікті жедел жады бар. «Тұрған орны» бойынша бұл жадты
кӛбінесе бейнежад (video RAM немесе VRAM) деп атайды. Бейнежадтың мӛлшері
неғұрлым үлкен болса, компьютер солғұрлым кескіндер мен бейнероликті үлкен
ажыратқыштықпен және түрлі түстілікпен бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: