Цемент өндіріс процесінің қалдықтарын тазалау және экологиялық мәселелерін шешу



бет3/20
Дата07.06.2022
өлшемі0,99 Mb.
#36475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Сульфатұрақты портландцемент ( с.п.ц. ) - портландцемент минеральды қоспалармен біріктіреді; қоспа ретінде домна шлакы гранулданған 15%, және гипс 5% пайдаланады; тұрақтылығы, беріктілігі өте жоғары.
Гидрофобты портландцементт-(г.ф.ц) әндіру, клинкерді ұсақтау барысында қосатын 0,1—0,2% мылонафта, асидола, тотықтырылған петролатума, жасанды майлы қышқылдар, олардың қалдықтары және басқа да. гидрофобты беткі - активті қоспалар. Бұл заттар, цемент бөлшектерінде адсорбцияланып, жұқа - орташа мономолекулярлы, қалыңдығы бір молекуладай, қабықша.
Ақ портландцементті - (а.ц.) аз темірлі клинкерден жасайды (цементтің сүр түсі оның құрамындағы ең негізгі бастапқы шикізаттағы темірдің қосылыстарына байланысты).
Түрлі түсті цементтерді - (ц.ц) ақ портландцементтің клинкерімен әр
түрлі түсті қоспа пигменттерді ұсақтап қосады, мысалы, охрамен, темір
суригімен, хром тотығымен. Бұл түрлі-түсті цементтерді архитектуралық-
әшекейлеу барысында ғимараттарды сәндеу кезінде пайдаланалы, бұларды
пайдалану ғимараттардың аса ірі индустриальды элементтері үшін қолданады.
Бұл түрлі-түсті цементтің түрлерін тротуар жолдардағы плиткалар үшін де,
үлкен алаңдардағы монументтер үшін де қоладанады.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретінде XXI ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Орнықты даму жөніндегі әлемдік саммит (2002 жыл, Иоханнесбург) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылданды.
Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамуға көшу кезең-кезеңімен
жүзеге асырылатын болады. Ол үшін орнықты дамудың әр кезеңіне арналған
белгіленген өлшемдер анықталады.
Дайындық кезеңі (2007-2009 жылдар) - орнықты даму қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Бірінші кезең (2010-2012 жылдар) - Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсегеке барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету.
Екінші кезең (2013-2018 жылдар) - өмір сүру сапасы деңгейі бойынша иемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Үшінші кезең (2019-2024 жылдар) - орнықты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.Қазақстан Республикасы орнықты дамуға қол жеткізу бағытында бірқатар шаралар қабылдады.
Қазақстан Б¥¥-ның Орнықты даму жөніндегі комиссиясының, «Еуропа
үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған орта мен орнықты даму»
процестерінің, орнықты даму үшін Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік
еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан
Рсспубликасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары,
Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздігі түжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды. Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі және "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ құрылды. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отырып, Қазақстан құрлықта ландшафтар мен экологиялық жүйелердің дамуында осы тектес байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан аумағының колемі, климат жағдайларының әр түрлілігі, өңірдің су теңгерімінің ерекшеліктері Еуразияның күллі аумағындағы экологиялық жағдайды оның Қазақстандағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.

Қазақстандағы саяси ахуал бүкіл әлемге тұрақтылықтың,


конфессияаралық келісімнің, еліміздің барлық азаматтарының мүддесінде
демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың бірегей үлгісін танытып
отыр. Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін
теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл
атқара алады және атқауға тиіс.
Осы орайда Қазақстан өзінің дамуында еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатар төндіретін біршама кедергілерге кезігуде.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы экологиялық қамсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған. Шөлейттену проблемасы өткір қойылып отыр. «Тарихи ластанулар», қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығына қатер төндіреді.
Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер шикізат
секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың дүниежүзілік сауда
ұйымына (ДС¥) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың өсуі, «көлеңке экономика» проблемалары болып табылады.
Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың - жаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық, -экономикалық, экологиялық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орыналуда.
Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болуға тиіс. Ғылыми техникалық прогресс әлемде қуатты өндірістік және ауыл шаруашылық потенциялдық таралуына әкелді, барлық түрлі транспорттың кең дамуына, жасанды климат жүйесін құру т.б. әкелді.
Сонымен бірге қоршаған ортаның жағдайы құрт өзгерді. Атмосфераның, гидросфераның және топырақтың қатты, сұйық, газ тәрізді қалдықтарымен ластануы, қауіпті өлшемдерге жете бастады, қалпына келмейтін, табиғи ресурстардың таусылуына әкелді, бірінші кезекте пайдалы қазбалардың таусылуына.
Атмосфералық ауаның негізгі ластану көздері болып, өндірістік кәсіпорындар болып табылады.
Барлық технологиялық заводтарда майда дисперсті аэрозольдердін ұстау үшін, шаң ұстағыш қондырғылар орнатылады, ол тек қана дайын өнімнің ыршамасын қайтарумен қатар, заводтың майда дисперсті аэрозольдердің мен атмосфералық ауаның ластануын алдын алды, сонымен қатар көшірме жатқан елді мекеннің де, соңғы уақытта заводтарындағы майда дисперсті аэрозельдердің ұстау техникасы жылдан жылға жақсаруда және қазіргі


уақытта оларды дұрыс қолданатын болсақ қанағаттандыратын тиімділік береді. Ең бір тазалаудың жақсы әдісі бұл, майда дисперсті аэрозольдердің электросүзгілерінде электрлі тазалау болып табылады. Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету:

  • шикізат секторының үлесін біртіндеп азайта отырып, экономиканы құрылымдық қайта құру;

  • ғылымды және инновацияларды ынталандыру негізінде шетелдік өзіне ұқсастардан асып түсетін»технологиялық озуды»дамыту;




  • біріккен экономикалық және экологиялық ұлттық есептерді жүргізу жолымен табиғатты ұқыпсыз пайдаланудан болатын ұлттық байлықтың ысырабын есепке алу;

  • жер, су, орман, минералдар және өзге де ресурстарды пайдаланудың экологиялық әдістерін қоса алғанда, табиғат пайдалануға деген осы заманғы ғылыми негізделген көзқарасты енгізу;

  • энергетикалық шығындарды еңсеру саласындағы арнайы мемлекеттік бағдарламаларды, біртұтас саясатты іске асыру барысында отандық экономиканың энергиялық тиімділігін арттыру;

  • ел экономикасын технологиялық қайта жарақтандыру, осы заманғы технологияларды пайдалануды ынталандыру және ескірген технологиялар мен жабдықтарды әкелуге тыйым салу;

  • үлттық экономика құрылымындағы табиғи ресурстарды пайдаланатын кәсіпорындар үлесін қысқарту, ғылымды қажет ететін, табиғатты сақтайтын жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;

  • табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың қандай да түрін болдырмау - және жолын кесу, қаскерлікке және биологиялық ресурстар объеқтілері мен өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы құрес; қалпына келтірілетін көздерді және қайталама шикізатты пайдалануды қоса алғанда, экологиялық тиімді энергия өндіруді қолдау;

  • ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, оның ішінде энергия ресурстарын ауада жағуға тыйым салу;

  • эиергия мен шикізатты тасымалдау кезінде, оның ішінде энергия өндіруді экологиялық негізделген орталықтан алу есебінен ысырабын азайту, ұсақ тұтынушыларды энергиямен қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру;

  • барынша ұзақ пайдалануға есептелген тауар өндірісін қолдау жолымен жүзеге асырылады.

Бұл дипломдық жұмыс өндірістің пештерінің майда дисперсті
аэрозольдердің тазалау мәселелерін шешуге бағытталған. Өндіріс пештерімен шығатын сазды майда дисперсті аэрозольдердің тазалау бойынша шаралар комплексінде өңдеуге бекітілген, сонымен қатар техника - экономикалық дәлелдеу, майда дисперсті аэрозольдердің тазалау жүйесінде жұмыс істегенде қауіпсіздік бойынша шараларын құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет