Цемент өндіріс процесінің қалдықтарын тазалау және экологиялық мәселелерін шешу


Жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдалану



бет6/20
Дата07.06.2022
өлшемі0,99 Mb.
#36475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
диана цемент

1.3 Жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдалану
Қазақстан Республикасында жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдалану жөнінде:
жер, су, орман, балық, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы
ресурстары мен жаңартылатын энергияларды пайдаланудың неғүрлым қазіргі
заманғы технологияларын енгізу; гидроэнергетикалық ресурстарды, күн және жел энергетикасы нысандарын және басқа жаңартылатын ресурстар мен балама энергия көздерін ұтымды пайдалануды ынталандыру;
энергияны, ресурстарды сақтау мен жаңартылған энергия көздерін қолданудағы халықаралық тәжірибені тарату бойынша орталықтар құру сияқты шаралар қабылдау қажет.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру.
Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
табиғатты пайдалануды басқаруда әкожүйелік көзқарасты пайдалану;
мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ
әкологиялық аудитті жетілдіру;
қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту; жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту; биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10 %-ына дейін кеңейту;
табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай кұбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау; антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру; өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану; әкологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады.
Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін
азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың
денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың
маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Қолайсыз әкологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:
- әкологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау;
елді мекеңдердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз қамтамасыз, ету;
онеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;
су құбырына және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту;
тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын бақылау;
әкологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру;
қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен халықтың денсаулығына әсер еткең дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол жеткізіледі.
Төтенше әкологиялық жағдайлардың және әкологиялық лаңкестіктің алдын алу.
Қазақстан Республикасында төтенше әкологиялық жағдайлардың және әкологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою жөніндегі қызмет:
қоршаған орта үшін жағымсыз салдарға әкеліп соғатын төтенше жағдайларды болжау;
жағымсыз әкологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа жүріп - тұру ережелерін, қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін оқыту;
төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына міндетті әкологиялық бөлімдерді қосу;
шаруашылық қызметінің ерекше режимі бар аймақтарды, әкологиялық апат және дағдарыс аймақтарын белгілеуді заңнамалық регламенттеу;
коршаған ортаға жағымсыз салдары бар арандатушылық пен техногенді авариялардың алдын алу;
табиғи ортаның тозуына әкелетін химиялық заттарды әдейі қолданудың алдын алу;
табиғи және аграрлық әкожүйелерді құртатын қасақана өрттердің, өнеркәсіптік каскерліктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың алдын алу, сондай-ак табиғи нысандар мен жүйелерді бұзуға әкелетін тірі организмдер түрін лаңкестік мақсатта әкелу мен таратудың алдын алу жолымен жүзеге асырылады.
Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына бакылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмауына бақылау жасау жөніндегі шаралардың қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады: өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін
болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру; ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау; генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді бақылаусыз әкелудің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру.
Қоршаған ортаны қорғаудың әкономикалық құралдары.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың әкономикалық құралдары:
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды республикалық және жергілікті бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың қаражаты есебінен, халықаралық заемдар, гранттар және өзге де көздерден мамандандырылған қорлар құру мүмкіндігімен қаржыландыру;
қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың конкурсын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра отырып ұйымдастыру;
табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға және ықтимал әкологиялық залалға өтемақы төлеуге жауапты болатындығын немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға тиіс екеңдігін білдіретін «ластаушы төлейді» қағидатын іске асыру;
келешекте әкологиялық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік
жауапкершілікті бір мезгілде күшейте отырып, қоршаған ортаға берілетін
эмиссия үшін ақы төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға шығатын эмиссия
үшін және Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеудің ынталандырушы сипатын арттыру; қоршаған ортаға келетін залалды әкологиялық сақтандыру, сондай-ақ таратылу сатысында өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру; әкономикалық көрсеткіштерге табиғи нысандардың орта құру функциясын ескере отырып олардың толық құнын, сондай-ақ табиғатты қорғау (әкологиялық) жұмыстарының (қызметтерінің) құнын қосу; коршаған орта эмиссияларына квоталармен сауда жасау жүйесін енгізу; табиғатты қорғаудың нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп тауарларын қайта пайдалану және қайталама өңдеуді ынталандыратын тетіктерін енгізу; халықаралық конвенциялар және келісімдерде көзделген, қоршаған ортаны корғау саласындағы халықаралық қаржы-әкономикалық тетіктерді қолдану жолымен пайдаланылатын болады.
Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын белгілеу жөніндегі мемлекет қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мынадай негізгі бағыттарда дамуға тиіс:
орнықты даму теориясын жасау және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу; қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу; қоршаған ортаның жай-күйі индикаторлары жүйелерін қалыптастыру; әкологиялық аудандастыру;
жергілікті жерлердегі әкологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу; ресурс үнемдеуші, қалдығы аз, әкологиялық тиімді жаңа технологияларды жасау;
жаңартылатын биологиялық ресурстардың (орман, су, аңшылық-кәсіпшілік, дәрілік және басқалары) орнықты өсіп-өнуін қамтамасыз етіп пайдаланудың ғылыми қағидаттарын және технологияларын әзірлеу; биологиялық әралуандықты сақтаудың тиімді әдістерін әзірлеу; тірі организмдердің бөтен текті және генетикалық өзгерген түрлерінің таралуын талдау және осы процестерді бақылау мен келеңсіз салдарын азайтудың тиісті әдістерін әзірлеу;
әкологиялық-әкономикалық бағалаудың әдіснамасы мен әдістерін әзірлеу, оның ішінде табиғи объектілердің орта құру функциясын ескере отырып құнын аныктау;
ластанудың алдын алу және жою, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату құралдары мен әдістерін әзірлеу; адам аурулары мен қоршаған орта сапасының өзгерістері арасындағы байланысты зерделеу;
әкологиялық мониторингтің қазіргі заманғы әдістерін, сондай-ақ табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқару максатында ақпараттық технологияларды әзірлеу және дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет