413 Young scientist Kazakhstan — act: құрылғы қоршаған әлемді өзінің мінез-құлық үлгісіне
сәйкес өзгерту арқылы әрекет етеді [2].
Бүгінгі күні білім берудегі робототехника бағытында іргелі
зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның контент талдауын нақты-
лауда түрлі тұжырымдар ұсынылуы әлі де жалғасуда. 2015–2018
жылдары Вена техникалық университеті Ғылыми зерттеулер
мен технологияларды дамыту бойынша Еуропалық Одақтың се-
гізінші негіздемелік бағдарламасы — «Көкжиек 2020» (Horizon
2020) бағдарламасымен қолдау тапқан «Educational Robotics
for STEM» («STEM үшін білім беру робототехникасы») атты
ірі ауқымды жобаны іске асырды. Осы бағыт бойынша соңғы
20 жыл ішіндегі жұмыстарды талдай отырып, «Educational Ro-
botics for STEM» жобасының қатысушылары «білім беру робо-
тотехникасы» деген нақты анықтама жоқ екенін көрсетеді, бұл
ретте робототехниканы көптеген зерттеушілер білім беру үшін
айтарлықтай әлеуеті бар технология ретінде атайды, ал «робо-
тотехника» және «білім беру» сөздері жарияланымдарда қатар
қолданылып, «білім беру робототехникасы» деген сөз тірке-
стерінің айтылуы да жиі қолданыста кендігі белгілі болды [3].
Білім беру робототехникасы — бұл ғылым мен техниканың
қазіргі даму деңгейін көрсететін интегративті пәндік сала. Ол
мектеп пәндерінен білімді қамтиды: информатика, физика, ма-
тематика [4].
Робототехника саласында оқушылармен жүргізілетін да-
ярлау бағыттары:
Қазіргі кезде білім беруде роботтехникасын пайдаланудың
келесі бағыттары қалыптасқан: 1. Робот зерттеу нысаны ретінде. Оқу үрдісіндегі Робот,
ең алдымен, пәнаралық техникалық объект болып табылады,
оның құрылысы мен жұмыс принципі ғылымдардың бүкіл ке-
шенін білуді қолдану саласы болып табылады. Нақты робото-
техникалық жүйелерді қазіргі заманғы техникалық орта объ-
ектілері ретінде зерттеу оқушыларға арнайы оқу ақпаратын
дәйекті ұсынумен қатар жүруі керек.
2. Робот таным құралы ретінде (ғылыми, ғылыми-тех-
никалық). Бұл сапада ТТ физика бойынша оқу процесінде
екі бағытта: 1) эксперимент жүргізу кезінде; 2) роботтанды-
рылған жүйелерді олардың жаңа түрлерін жасау, қолда бар-
ларын жаңғырту, сондай-ақ олардың жұмыс істеуінің тиімді ре-
жимдерін жөндеу мақсатында модельдеу кезінде пайдаланылуы
мүмкін.
3. Робот оқыту, дамыту және тәрбиелеу құралы ретінде:
а. Робототехниканың оқыту функциялары, ең алдымен,
мектеп оқушылары робототехникамен айналысып, қазіргі за-
манғы техникалық мәдениеттің жаңа және түбегейлі маңызды
қабатын игеруден тұрады: олар заманауи политехникалық білім
мен дағдыларға ие болады, тиісті техникалық және технологи-
ялық құзыреттерді игереді.
б. Робототехниканың дамытушы және тәрбиелік функция-
лары. Білім беру робототехникасын пән бойынша оқу процесінде
қолдану оқушылардың танымдық үдерістердің барлық кешенінің
(қабылдау, ұсыну, қиял, ойлау, есте сақтау, сөйлеу) белсенді дамуын
қамтамасыз етеді. Бұл жағдайдың ерекше әсері, әдетте, робототех-
ника сабақтарының жоғары мотивациясымен байланысты. [5].
Робототехника саласында оқушылармен жүргізілетін да-
ярлау бағыттары:
1. Робототехниканың дамуы туралы тарихи мәліметтерді
зерттеу, роботтар мен робототехникалық конструкторларды
бағдарламалауға арналған бағдарламалық орталарды талдау.
2. Схемалар бойынша роботтарды құрастыру және өз мо-
дельдерін құрастыру дағдыларын дамыту; роботтарды бағдар-
ламалаудың әртүрлі орталары мен тілдерін үйрену.
3. Түрлі робототехникалық іс-шараларға: жарыстарға, фе-
стивальдарға, конкурстарға және т. б. қатысуға дайындық [6].
Мектепте роботтехникасы бойынша оқу жұмысын ұйымда-
стырудың негізгі мәселелер зерттелді:
1-мәселе. Роботтехникасына оқыту үшін мұғалімдердің
біліктілігін жтілдірудің жолдары:
Ғылыми ізденіс барысында 2015 жылғы «Үш тілде білім бе-
руді дамытудың 2015–2020 жылдарға арналған Жол картасы» бой-
ынша жаратылыстану математикалық бағыты бойынша ағылшын
тілінде оқытылатын пәндердің бірі информатика пәні екендігі на-
зарға алынды. Себебі, 2016–2018 жылдар аралығында мектеп ин-
форматика мұғалімдері жоспарлы түрде мемлекет қаржыланды-
руымен 3 және 8 айлық ағылшын тілін меңгеру курстарынан өтті.
Сондай-ақ, 2016 жылы сабақты ағылшын тілінде беретін
мұғалімдерге мемлекеттік тапсырыс көлемі белгіленіп, мұғалім-
дердің ағылшын тілін университет қабырғасында меңгеріп
шығуларына баса назар аударылды. Жоғарыда айтылғандарды
негізге алу арқылы Роботтехникасы, Білім берудегі роботтехни-
касы, Роботтехникасына оқыту әдістемесі бағыттарында ұсы-
нылатын жаппай ашық онлайн курстардың (ЖАОК) ауқымы
зерттелді. Бұл үшін ЖАОК агрегатор Class Central (https://www.
class-central.com/) платформасы пайдаланылды. Class Central
агрегаторы 6655 онлайн курстарды және ЖАОК ұсынатын 38
платформаны қамтиды (кесте 1).
Қазақстандық жаппай ашық онлайн курс ұсынатын платор-
малардың роботтехникасы бағытында ұсынған курстары да
зерттелді (кесте 2).
Отандық ЖАОК платформаларында роботтехникасын оқы-
туға ұсынылған қазақша курстарының саны өте аз екендігі
анықталды.
Кесте 1.