Қазақстанда монополиялардың пайда болу себептері мен бәсекелестікті тежеуші кедергілері Серік Аружан Аманғалиқызы, магистрант;
Таяуова Гүлжанат Жұбатханқызы, PhD докторы, доцент
Тұран университеті (Алматы, Қазақстан)
Мақалада монополиялардың шығу себептеріне, қазіргі таңда Қазақстанда кең тарлған монополия түрлері мен кәсіпорын- дарға анализ жүргізілген. Елімізде экономикалық даму мақсатында кәсіпорындар арасында бәсекелестік болуы маңызды екені көр- сетілген, сонымен қатар, еркін бәсекелестікке жол бермейтін кедергілер анықталған. Қазақстанда қолданылып жүрген монопо- лияға қарсы заңнамалар және оны жетілдіру перспективалары қарастырылған. Кілт сөздер: монополизм, бәсекелестік, экономикалық реформа, монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау, нарықтық эко- номика. Причины возникновения монополии в Казахстане и барьеры, препятствующие конкуренции Серик
Аружан Амангаликызы, студент магистратуры;
Таяуова
Гульжанат Жубатхановна, PhD, ассоциированный профессор
Университет
«Туран» (г. Алматы, Казахстан)
В статье проведен анализ причин возникновения монополий, видов монополии и монополисты, которые в настоящее время ши- роко распространены в Казахстане. Показано, что в целях экономического развития в стране важна конкуренция между предприя- тиями, а также определены барьеры, препятствующие свободной конкуренции. Предусмотрено действующее в Казахстане анти- монопольное законодательство и перспективы его совершенствования. Ключевыеслова: монополизм, конкуренция, экономическая реформа, регулирование монополии, защита конкуренции, рыночная экономика. Ө
зектілігі: Экономикалық өмірді монополиялау пробле-
малары, тауар нарықтарындағы бәсекелестік бүгінде ма-
мандардың ғана емес, сонымен бірге халықтың да назарын ау-
дарады. 90-шы жылдардың басынан бастап бұл проблемалар
Қазақстан алдында өткір болды: монополизмге қарсы қатаң әрі
дәйекті шаралар қабылдамай, экономикалық реформаның та-
бысына және нарықтық экономикаға көшуге үміт артуға бол-
майды.