Чапаев дивизиясының саяси бөлімшесі орналасқан Ғимарат



бет3/4
Дата13.10.2022
өлшемі16,35 Kb.
#42916
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (58)

Михаил-Архангел соборы.
Михаил-Архангел соборының негізі 1740 жылы қаланған. Жайық (Орал – Ж.М.) казактары салған. Құрылысы 1751 жылы аяқталды. 1773-1775 жылдардағы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінде қамал қызметін атқарған. Собор өзінің тарихилығымен Оралда болған А.С. Пушкиннің, В.А. Жуковскийдің, В.Г. Короленконың, Л.Н. Толстойдың назарын аударған.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жаратылыстану-география факультеті.
Бұл ғимарат 1836 жылы 1-ші қыздар гимназиясы болып ашылды. 1910 жылға дейін гимназия жанынан пансион жұмыс жасаған. Азамат соғысы жылдарында Орал бригадасының жылжымалы госпиталі, 1930 жылдан Орынбордан көшірілген халық институты, 1932 жылдан Орал пединституты болды. 1938 жылдан қазіргі кезге дейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультеті орналасты. Ғимарат Достық-Дружба даңғылында.
М.Мәметова үйі.
Бұл үй 1917 жылғы төңкеріске дейін салынған. 1932-1934 жылдары М.Мәметова ата-анасымен бірге тұрған. 1982 жылы Орал қалалық атқарушы комитетінің шешімімен М.Мәметова атындағы музейге айналдырылады. Ғимарат қазіргі Сарайшық көшесінде.
Ипмағамбетов үйі.
ХІХ ғасырдың аяғында салынған. Көпес Губайдуллинге тиесілі болған. М.Ипмағамбетов 1-ші облыстық Кеңес атқарушы комитетінің мүшесі, 1918 жылы денсаулық сақтау комиссары, 1919 жылы Орал облыстық революциялық комитетінің ұлттық істер жөніндегі коллегиясының мүшесі. 1919 жылдың сәуіріне дейін осы үйде отбасымен тұрған.
Ә.Айтиев осы үйде 1920 жылдың қаңтарына дейін тұрған. Ол 1917 жылы большевиктердің жасырын жиналыстарына қатысып, облыстық Кеңестің құрамына сайланады. 1919 жылы Оралды азат етуге қатысады. Әкери Революциялық Комитеттің Қырғыз (Қазақ – Ж.М.) өлкесін басқару жөніндегі комиссары, азамат соғысынан кейін Қазақ АКСР-нің ішкі істер халық комиссары болды.
Макаров диірмені.
Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың аяғында құрылған. ХХ ғасырдың ортасында астық сақтайтын қоймаға пайдаланады. 1941 жылдың 20 желтоқсанында Землячка атындағы Мәскеу тері зауытын Оралға көшіріп, бұрынғы Макаров диірменіне орналастырады. 1991 жылға дейін зауыт ретінде пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет