Басымдық / Приоритет / (лат. prior – бірінші, аға) – белгілі бір іс-әрекетті
жүзеге асырудың уақыт жағынан бірінші кезекте болуы.
Белсенді оқу – педагогикалық (дидактикалық), сондай-ақ ұйымдастырушылық-
басқару құралдарын кеңінен және мүмкіндігінше кешенді пайдалану
арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметін жан-жақты жандандыруға
бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу.
Белсенді сайлау құқы – сайлау құқы (сайлауға қатысу) .
Бисаясаттық – қоғамдық өмірге, саясатқа немқұрайды, енжар қараушылық.
Халықтың кейбір жіктерінің саяси өмірге немкетті қараушылығы. Бұл
олардың артта қалғандығынан, идея жағынан өспегендігінен немесе
билеуші таптардың саясатынан түңілгендігінен болады.
Билік - бедел, құқық, қанау арқылы адамдар қызметіне ықпал ету мүмкіңдігі.
1) беделді, күшті, құқықты, жігерді қолдана отырып біреуге ықпал ету
қабілеттілігі; 2) саяси үстемдік, саяси органдар жүйесі саясатты іске асыру
құралы.