Ғылыми-техникалық революция - XX ғасырда өндіргіш күштерді ғылыми
жолмен түбірімен өзгерту.
Д Дағдарыс - күрт құлдырау, ауыр өтпелі жағдай.
Демография - халық, халықтың саны, өзгерісі туралы ғылым; демография
халық санын, оның географиялық бөлінісін, құрамын, халық құрамын,
қозғалысының әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторға тәуелділігін
зерттейді.
Декларация - (лат.жариялау) - мемлекеттің ішкі сыртқы бағыттары, саяси
партиялардың бағдарламалық тұжырымдамалары туралы ресми жариялым.
Декрет - (лат.қаулы) - мемлекеттің жоғарғы органдарының нормативтік акт.
Делегат- съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның,
ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
Демократия - халық билігі, саяси құрылыс, онда халық билігінің тәсілдері мен
түрлері бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады.