5
педагогика кафедрасының ғылыми-оқу әдістемелік кешенін ашуға жағдай
туғызды.
Осы уақытқа дейін халық мұғалімінің іс-тәжірибесі тек педагогикалық
бағытта ғана зерттеліп келді, оның иновациялық технологияларды пайдалануы,
жаңашыл ойлары Кеңестік білім жүйесінде неге қолдау тапқандығы, тағы басқа
да мәселелер әлі өз бағасын толық алған жоқ. Мектеп бұрынғысынша қоғамның
тірі клеткасы болып қалып отыр. Осыған байланысты халық мұғалімі Қ.
Нұрғалиевтің кәсіби мұрасы, мектеп білімін дамытудағы үлесі – мәңгі
құндылық.
Бүгінгі оқыту жүйесіне дейінгі ұстаздық қызметтегі тұлғалардың
тәжірибесінде ғылыми негіз бар деген тұжырымдар сирек кездеседі. Белгілі бір
ұстаздың қызметін қорытып, жинақтау іс-әрекеті ғылыми еңбек санатына
жатпай келгені ақиқат. Осы орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мұғалімдердің
республикалық съезінде оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің жетістіктері
тұрғысында ғылыми зерттеулерді алдымен Отандық білім берудің озық іс-
тәжірибесін зерделеуден бастап, осы озық тәжірибелі отандық шығармашылық
педагогикалық еңбек кеңінен халыққа таратылсын деген болатын [5].
Сондықтан да Қ. Нұрғалиев ғұмырнамасы – кейінгі ұрпаққа және біздерге
тағылымды үлгі боларлық, ғибрат берерлік ұстаздық жол. Өзінің кәсібін
шыңдау қоғамға, ортасына сыйлы да қадірлі болу мақсатында рухани
біліктілігін ұдайы ұштап, зерделі ізденудің үлгісін көрсетті.
Бұл оқу-әдістемелік құрал ең алдымен бүгінгі қоғамдық практика
сұранысынан туындайды. Қ. Нұрғалиевтің өмірінің, кәсіби мұрасының
ашылмаған қырларын тану өткен тарихтан қорытынды жасап, бүгінгі өмірде
ұтымды пайдалану ғана емес, ертеңгі ұрпаққа дұрыс жол сілтеу үшін қажет.
Педагог қызметкерлердің біліктілігін жетілдіруге аз да болса өз үлесімізді қосу
мақсатында
мектеп мұғалімдері, студенттер, көпшілік қауым назарына
осы оқу-
әдістемелік құралын ұсынып отырмыз.
Құмаш Нұрғалиевтің басшылық-ұйымдастырушылық қызметі мектеп
директорларына үлгі болса, әрбір сабақты техника көмегімен өз кабинетінде
отырып бақылау сияқты тәжірибелері қай оқу орнында болмасын білім сапасын
көтеруге, ұстаздарды жинақылыққа, үнемі ізденіске бағыттаса, басқа
мекемелерде еңбек өнімділігін арттыруға көмегі тиері сөзсіз. Сонымен қатар
оқу орындарында тарих және педагогика бөлімдерінде дәріс алатын
студенттерге арнайы курс және арнаулы семинар сабақтарын жүргізу
барысында қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Оқу-әдістемелік құралының мақсаты – Қ. Нұрғалиевтің кәсіби мұрасын
және педагогикалық іс-тәжірибесін тұтас бірлікте зерделеу негізінде
мұғалімдерге, студенттерге, көпшілік қауымға қазіргі білім беру мазмұнына сай
оқытудың сапасын, нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында үлгі ету,
педагогикалық қызметтерін саралауға ой салу.
Оқу-әдістемелік құралының міндеттері:
-
озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстарын зерделеу, жинақтау,
тарату;
6
-
оқу-тәрбие үдерісіне жаңашылдықты енгізу, тиімді басқара алуға
бағыт бағдар беру;
-
иннновациялық технологияларды меңгерту, оқыту құралдары мен
оңтайлы әдістерді үйлестіруге үйрету;
-
шығармашыл тұлғаны қалыптастырудың тиімді әдістерін көрсету;
-
Қ. Нұрғалиевтің білім беру метадологиясын өзгерту туралы
көзқарастары және орта мектепті ақпараттандыру тәжірибелерінің оң
нәтижелері болғандығын дәйектеу.
Құмаш Нұрғалиев сынды рухани бейне мұратымызды қайта жаңғырту,
болашақ алдындағы борышымыз деп түсінеміз. Құмаш Нұрғалиев сияқты
жалынды патриот, үлкен азамат қайраткеріміздің артында қалдырған мол
кәсіби мұрасының пайдасы аса жоғары екендігін айтпаса да түсінікті. Болашақ
тарихшылар, педагогтар, қоғамтанушы ғалымдар өткен тарихымыз жөнінде
жазғанда оның еңбектеріне үлкен құрметпен қайырылатын болады.
Оқу-әдістемелік құралында ұсынылып отырылған материалдардың
барлығы мұғалімнің күнделікті іс-тәжірибесіне нақты көмек көрсете отырып,
олардың кәсіби іскерлігін, біліктілігі мен дағдыларын жетілдіре түседі.
Оқу-әдістемелік құралын пайдаланушы мұғалімдер, ЖОО білім
алушыларына, көпшілік қауымға табыс тілейміз!
Достарыңызбен бөлісу: