2.2 Ұстаздық қызметтің алғашқы баспалдақтары
Құмаш Нұрғалиұлының сүрген өмір жайын түгел ұғуға қажетті шарттың
бірі – оның ұстаздық қызметінің бастауын, өсу баспалдақтарын қарастыру
болса керек. Әрине, қауымға «барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің» деген
ұстанымнан ауытқымаған Құмаш сынды біртуар тұлғалар хақында мынадай
әлеуметтік, анадай қоғамдық істерді істеген деп бөле-жара даралап айту
қисынсыздау нәрсе. Өйткені, ол былай да барлық күш-қуатын халықты ағарту,
жан дүниесін көркейту ісіне сарқа жұмсады емес пе? Оның күллі ғұмыры
көптің пайдасына атқарылған ұстаздық қызметінде ғой. Ұстаздық қызметке
келу оған оңайға соққан жоқ.
Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан мектептері 1941-1967 жылдары үлкен
қиыншылықтарды басынан кешірді. Осы айтылған кезеңге Ұлы Отан
соғысының орасан зор кері ықпалы болды. Көптеген мұғалімдер мен оқушылар
майданға кетті. Педагог кадрлар мәселесі қиындады. Көптеген мектептердің
үйлеріне әскери госпитальдар орналасып, ата-аналар мен мұғалімдер
мектептердің шаруашылығын өз қолдарына алып, соған қамқорлық жасауға
тура келді. Соғыс мектептің ішкі тұрмысын, оның жұмысының мазмұнын
едәуір өзгертуді талап етті. Қазақ КСР Оқу министрлігі оқу жоспарларына,
оқыту бағдарламаларына маңызды өзгерістер еңгізуге ұмтылды. КСРО Халық
Комиссарлар Кеңесінің 1944 жылғы 21 шілдедегі «Мектептердегі оқу сапасын
жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулысы осылардың қатарына жатады.
Сонымен қатар бастауыш, жеті жылдық және орта мектеп оқушылары бітіру
емтиханын тапсыру, оқушылардың біліміне бес балды баға қою, аттестат үшін
емтихан тапсыру, орта мектепті үздік бітіргендерді алтын және күміс
медальдармен марапаттау енгізілді [6, 330 б.].
Соғыс жылдарының ауыртпалығы мен қиыншылықтары салдарынан
көптеген оқушылар мектепті тастап, майданға кеткен әкелері мен ағаларының
орның басу үшін жұмысқа шықты. Мектепті тастағандардың көпшілігі соғыс
кезінде отбасының тұрмысы төмен болғандықтан жұмыс істеуге кеткендер еді.
Соғыс алдындағы жылдармен салыстырғанда оқушылардың саны екі еседен
артық азайды. Соған байланысты мектепті тастап кетуді тоқтату, мектепті
тастап кеткендерді мүмкіндігінше мектеп партасына қайта отырғызу үшін
23
шаралар қолданылды. 1945-1946 оқу жылы қарсаңында мектептің барлық
типтеріне 792058 оқушы тартылды. Кейіннен оқушылардың санының кеміп
кетуі соғыс жылдарында балалардың тууы азайып кеткендігінің салдары [6, 335
б.].
Мектептерді мұғаліммен, оқулықтармен, шаруашылық жабдықтарымен
қамтамасыз етуде де көптеген қиыншылықтар болды. Оның материалдық
базасы, оқу-тәрбие жұмысының сапасы мүлдемге нашарлады. Осынау мектеп
тарихының тоқырау кезеңінде Қазақстан мектебі тағыда бір жаңа мұғаліммен
толықты.
1946 жылдың күзі. ҚазақКСР астанасы – Алматыға Мәскеуден келген
Құмаш Нұрғалиев ертеңінде-ақ Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетіне барды.
Орталық Комитеттің сол кездегі бірінші хатшысы Николай Васильевич Дыхнов
жас қазақ солдатын жылы жүзбен қарсы алды. Орталық Комитет жолдама берсе
артық болмас деген оймен, ежелгі арманы мұғалім болуды сұрады.
Кешікпей Алтай сілемдерінің шалғайында жатқан Сармөңке ауылында
орыс тілінің жаңа мұғалімі пайда болды. Бұл Құмаш Нұрғалиевтің бұдан
кейінгі бүкіл ғұмырлық мұраты мен кәсібіне айналған үлкен педагогикаға
тұңғыш қадамы еді.
Туған жерге оралған ол әлемдегі ең құрметті де жауапты мамандық-
ұстаздық жолына түсті. 1946 жылы ауылға келгеніне он күн өтпей 1 қазанда
Қ. Нұрғалиев тұңғыш рет сабақ беруге сыныпқа кірді. Көп ұзамай бұйрықта
шықты. Аудандық білім беру бөлімінің 1946 жылғы 14 қазанындағы № 256
бұйрығымен 5, 6, 7-сыныптарда орыс тілі мұғалімі болып тағайындалды [48].
Бұл күн мұрағат деректері бойынша расталып отыр, көптеген журналистер
т.б. 29 қазаннан мұғалім болды, сол күні үйленді деп туған күнімен
байланыстырады. Рас 29 қазан күні майданда жараланса, бейбіт өмірде отау
құрды.
Алғашқы сабақ. Алғашқы сын. Сол минуттан бастап, Құмаш Нұрғалиев
өзінің өмірлік ісін тапқандай, әскердегі жылдар, госпитальдегі дәрістер текке
өтпепті. Орыс тілінде айқын сөйлей бастаған жаңа мұғалімді шәкірттер ұйып
тындады. Алғашқы сабағы сәтті басталған ол өте қуанышты еді. Әрине
бастапқыда Құмаш Нұрғалиевке мұғалімдік қызмет жеңіл тиген жоқ. Алғашқы
оқу жылының аяқ кезінде-ақ оқушы балалармен жұмыстағы тырнақ алды
жетістіктерін тата отырып, Құмаш өзін нағыз мұғалім ретінде берік сезіне
бастады. Сол тұста ол Мәскеу госпиталінде өзіне ұстаз болған Зинаида
Алексеевна Толстиковаға хат жазды.
Орысша оқып, білім алған қазақтар аз емес. Толып жатыр. Бірақ солардың
көбі қазақ болып қала алмады. Түрі қазақ. Ділі, тілі бөлек. Мұндайлардың тек
имандылары болмаса, көбісі «Мен қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмайды.
Ол орысша сабақ бергенмен басқалар сияқты қазақ тілінен безінген жоқ. Оның
орыс достары да көп болды. Қызмет бабымен көбіне сол халықтың тілімен
сөйлеу керек болды. Ол орысша сөйлегенде оның асқан шешендігіне, ой
жүйесінің, логикасының жампоздығына, биік білімділігіне ең зиялымын деген
орыстардың өзі таң қалып, таңдай қағар еді. Осылай ол орыс тілінің мұғаліміне
айналды.
24
Қазақ тілімен бірге ұлттық таным да сана босағасынан аттауы керек.
Ұлтжандылықтың негізгі тұтқасы қазақ тілі арқылы пайда болып, орнығады.
Орыс тілі, ағылшын тілі арқылы патриотизмді жасау мүмкін емес. Өйткені ол
тілдердің өз Отаны бар демекші Қ. Нұрғалиев үшін ана тілінің орны бөлек
болды.
Жер бетіндегі жеңіс атаулы әйел қауымының қара тасты қақ жарғандай
қажырлы еңбегімен келіп, ал тіршілік тынысы солардың жүрек дірілдетер
мейірімге толы жүзінен от алып, аялы алақаны арқылы жалғасады. Бұл ой Ұлы
Отан соғысының ардагері Құмаш ағаның жұбайы Қанипа Әйкенқызы
Нұрғалиеваның өмір жолынан туған еді. Тағдыр Құмаш ағаны ер мінезді, иман
жүзді Қанипадай әулие жанға жолықтырды. Қанипа апай ошағының басын
ұйытып, шаңырақ астының шаттығын келтіріп отыратын, сабаз мінезді, ақылы
көркіне сай адам еді.
Туыстары оны КСРО қарулы күштер министрлігінен, әскери бөлімдерден
сұрау салып іздестіреді. Жеке адамдар ғана емес бұған аудандық партия
комитеті кіріседі. Ақырында Құмаштың адресі табылады.
Оның Мәскеу госпиталіндегі жағдайын білген соң, елдегі жақын
ағайындарының бірі Қыдырхан Көбесбаев ақылын айтып хат жазды. Қанипа
Әйкенқызы да сол сәтте тұңғыш рет Құмашқа деген жүрегінің қалауын білдіріп
үшбу хат жолдайды. Сөйтіп Құмашты өмірге қайта оралтты. Енді оның өмір
үшін күресі басталды
1946 жылы жаз ауа ол Шанағаты өзені бойындағы Сармөңке ауылына
оралды. Кейбір деректерде ол туған ауылына оралғанда, туғандарымен
қауышып, ішінен бір адамды көре алмады. «Қанипа неге жоқ?», – деп бір
жеңгесінен сұраса оны аудандағы бір агрономға ұзатпақ болып жатқаның
естиді. Үмітін үзбей Қанипамен жолығып, олар баяғы сертін бекем ұстап
қосылады [67].
1946 жылы 29-шы қазан күні өздерінің туған күндерінде олар отау құрып,
өмірге тағыда бір қазақтың қара шаңырағы келді. 29-шы қазан Құмаш
Нұрғалиұлы мен Қанипа Әйкенқызының отбасы құрған күндері. Оларды
ортасы жаппай қолдайды, екеуі ауылға үлгі болды. Екеуі ауылға, ауданға,
облысқа ғана емес Республикаға үлгі болды.
1948 жылы 25-ші шілдеде «Социалистік Қазақстан» газетінде
Ж. Жұмақановтың «Өлімнен махаббат күшті» деген мақаласы шықты. Онда
жазушы М. Горькийдің «Қыз бен өлім» поэмасында сайып келгенде өлімді
махаббат жеңеді, сол күшті махаббат бізде бар. Бізде өлімнен махаббат үстем!»-
деп екеуін үлгі еткен [11, 3 б.]
1947
жылдың 13-ші қазанында алғашқы перезенттерін көрді.
Тұңғыштарына үлгі боларлық ат берді – «Мәншүк» деп. Екеуі де мұғалім,
балалы-шағалы болды. Үш ұл, екі қыз өсірді. Нұрғалиевтердің отбасы үлкен
еді. Құмаш Нұрғалиев Қанипа Әйкеқызымен туған інілері Қалдырды,
Мамырбайды. Омарбайды аяғынан тік тұрғызды. Сонымен қатар бұлардың
отбасында туыстарының жетім қалған балалары Мамырбек, Қайникамал,
Қабижамалдарды өсіріп жеткізді, жеке отау тіктірді. Олардың білім алуына,
25
кәсіппен айналысуына көмектесті. Мұның бәріне Қанипа Әйкенқызының
мейірбан жүрегі мен жомарт қайырымдылығы әсер етті.
Құмаш 1946 жылғы қыркүйекте Сармөңке жеті жылдық мектебінде орыс
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып тағайындалды. Кейіннен директорлық
қызмет атқарады.
Әрине бастапқыда Құмаш Нұрғалиевқа мұғалімдік қызмет
жеңіл тиген жоқ. Әсіресе, күнтізбелік және әр сабақ бойынша жоспар жасауда
қиыншылықтар туды. Бұл істе оған педагогикалық училищені бітірген Қанипа
көмектесіп жүрді. Күн өткен сайын Нұрғалиев педагогтік тәжірибені тырнақтап
жинап, өз білмегендерін өзгелерден сұрап, шыңдала берді.
Содан кейін оны 1948 жылы шілде айында Сармөңке мектебіне оқу ісінің
меңгерушісі етіп тағайындады. Бұл қызметте жаңа жетекші өз жұмысын мектеп
құрылысын салудан бастады. Ғимараттың жобасын өзі жасады, құрылыс
жұмысына да тікелей басшылық етті. Құрылыс материалдарын дайындауға,
ағаш кесуге ауыл жастарын шақырды. Жарасы жазыла қоймаған жауынгер
ойланып жатпастан балаларға саналы білім беру, мұғалімдерге қолайлы жағдай
жасау үшін бар жан-тәнімен іске кірісті. Қаба өңіріндегі кілең орыс
мектептерінің ортасын ойып отырып, Сармөңкеге жетіжылдық қазақ мектебін
салады. Отан қорғауда толарсақтан саз кешіп, қорықпай қарша жауған оққа
кеуде төсеп, Жеңісті жаудан тартып алған ардагер ағалар с оғыстан
күйзелген шаруашылықтарды қалпына келтіруде де нағыз ерліктің үлгісін
көрсетті.
Тарих пәнінің мұғалімі Бағди Мұстафинаның пікірінше, Құмаш
Нұрғалиұлының маңдайына бірінші жол бастаушылық бақыты жазылыпты. Ол
сол кездегі Марқакөл ауданындағы Сармөңке тұңғыш қазақ мектебін бірінші
болып ашты. Оған дейін мұнда тек орыс мектебі ғана болған. Сол кездің өзінде-
ақ, табиғи болмысынан педагог-ұстаз, балалар өз ана тілінде оқу керек екеніне
көзі жетіп, өзге тілдерді оқу үдерісіне үйрене жататынына ерекше назар
аударған. Ол бар жағынан өз дәуірінен озған адам деп айтуға тұрарлық тұлға.
1949 жылы 6-қыркүйекте Сармөңкеге мектеп директоры болып
тағайындалды. Мектепті тексеру қорытындыларының бірінде, үлкен тәжірибесі
болмасада Қ. Нұрғалиевтің жұмыс істеуінің жағымды жақтары көп. Жұмыс
жүргізу жүйесі және стилі өте дұрыс жолға қойылған, білім сапасы, тәрбие
істері жақсы жетістіктерге жеткен деп көрсетілген [68, 17 п.].
Жылдар жылжып өтіп жатты. Оқытушылар мен оқушылар да өзгерді.
Жаңа мектептер салынып, оқу бағдарламасы ұлғайтылып, жетілдіріле түсті.
Жас мұғалім Қ. Нұрғалиев те өз шәкірттерінің толық үлгеріміне жетті. Сөйтсе
де оның көңілі толмады. Педагогтік еңбектің қыры мен сырына терең үңілген
сайын өзінің жоғары білім алу қажеттігін сезді. Ол оған тыңғылықты
дайындалды. Жан серігі Қанипамен ақылдасып, екеуі бірдей Абай атындағы
педагогикалық институтқа сырттай оқуға түсуге бел байлады.
ХХ ғасырдың 40-жылдарының сонында ҚазПИ-дің тарих факультетіне
түскен ол, 1950 жылдан бастап тарих пәнінен сабақ бере бастады.
Жоғарыдағы мәтінге зер салсақ, Қанипа Айкенқызының адамгершілігіне,
махаббатқа толы жүрегіне қайран қаласын. «Жақсы әйел еркекті төрге
26
сүйрейді, жаман әйел көрге сүйрейді», – деген халық нақылы осы қазақтың
батыр әйеліне арналғандай.
Жазғы-қысқы сессиялардың бірін де босатпайтын, «сүйретіліп жүріп оқу
не теңі» деушілер де табылды. Омырауындағы баласын бауырына қысып,
жарымжан Құмашты қолтығынан демеп, түні бойы көз майын тауысып құныға
оқыды. Мұны нағыз ерлікке балар едік.
Сөйтіп, Құмаш Нұрғалиев тарих факультетіне, Қанипа Әйкенқызы қазақ
тілі мен әдебиеті факультетіне студент болып, жалаң қия жалғыз аяқ жолмен
шың басына қарай өрмелеген альпинистер тәрізді, біріне-бірі тірек, біріне-бірі
сүйеніш болған жігерлі екі жас білімнің асқар биігіне қарай ұмтыла берді.
Жоғары оқу орындарында сырттай оқу кімге болса да оңай тимейді ғой.
Олар еңбек пен оқуды ойдағыдай ұштастыруға бар күш-жігерлерін салды,
түнде ұйқыларын төрт бөліп, күндіз тыным таппады. Жас сәбилеріне көңіл
бөліп, аялы қамқорлықтарын аямай жасап отырды. Олар атақты
«Сухомлинскийдің тәртіп ережесін» қатаң сақтады: таңғы бестен тұрып өз
білімдерін арттырумен, институт бағдарламасы бойынша келесі емтихан-
сынаққа даярланумен шұғылданды, дәл уақытында мектепке барып сабақтарын
өткізді, оқу сағаттары, сыныптан тыс жұмыстар аяқталған соң, қайтадан
оқулықтарына отырды. Әр күн, әр ай семинар, семестр білім жолында
кездескен белгі, белес, көпір сияқтанып артта қалып отырды.
Екеуіне бұл жол оңайлықпен келген жоқ. Алтайдың қисық-шұңқыр, таулы,
өр жолдарымен аудан орталығына дейін ат арбамен 100 шақырым жүру қажет,
еңіспен түскенде арбадан барлығы аударылып түсіп қалады. Қанипа
Әйкенқызы бірден Құмаш жарына ұмтылып, оны қайта көтеріп арбаға
отырғызатын. Одан ары 500 шақырым облыс орталығы Өскеменге дейінде
қисық-қыныр жолдың азабына төзу, Алматыға барау үшін поезд вагондары
жолда Рубцовскіде екі күн тұрып, Ресейден келе жатқан поездарға тіркелетін.
Жол азабын жүрген біледі демекші, 1-ші Алматыдан 2-ші Алматыға дейін
жүктерін есекке артып, өздері жаяу жүретін. Қонақ үйлерде, бірде
жатаханаларда, кейде оқу орнына жақын деп институт күзетшісінің кішкене
бөлмесіне де қонған күндері болды. Қ. Нұрғалиевтен басқа біреу болса осындай
қиындықтарға шыдар ма еді? Әлде қолын бір сілтеп барлығын тастап, бірінші
топтағы мүгедекпін деп үйде ошақ қасында отырар ма еді. Құмаш үйткен жоқ,
білімге деген құштарлық пен жары екеуінің бір-біріне деген қамқорлығы жеңіп
шықты.
Алты жыл бойы республикамыздың сонау Шығысындағы Марқадан астана
болған Алматыға жылына екі рет сапар шегіп, әр курстың емтихан-сынақтарын
үздік тапсырып, енді сол бейнеті мен зейнеті тең түскен оқудың жемісін
қорытындылайтын мемлекеттік емтихан да ойдағыдай тапсырды.
Қ. Нұрғалиев мемлекеттік емтиханға кіргелі тұрғанда «Сіз бүгін
тапсырмайсыз», – деген суық хабар жетті. Ештеңе түсінбей, әуре болады.
Сөйтсе, елдегі жазғыштар «Нұрғалиев он жылдықты бітірген жоқ, өтірік
аттестат алған», – деп прокуратураға домалақ арыз жібереді, «Ағаш аяқты
бауырым-ай», – деп жанкешті студентін жақсы көретін ректор, Кеңес
Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин оның құжаттарын тергеушіге бермей
27
өзінің сейфіне салып алды. Қ. Нұрғалиев тура Қазақ КСР прокуроры
А. Набатовқа телефон соқты, ол жолсапарда екен. Ол республика
прокуратурасына балдағын сүйретіп жетеді. Қазақ КСР прокурорының
орынбасары Бекайдар Жүсіповтың қабылдауында болды [62, 187 б.].
Республика прокурорының орынбасары М. Ғабдуллинен құжаттарды көріп
шығуды өтініп, бәрін тәптіштеп тексергеннен кейін істі тоқтатуға нұсқау
береді. Елдің ең соңынан емтиханға кірген ол «беске» тапсырып шыққан.
1955 жылдың шілдесінде институттың акт залына институтты бітіргендер
диплом алуға жиналады. Мұнда барлық факультеттің адамдары бар еді.
Институт ректоры Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин қолындағы
тізімге қарап, Құмаштың тегін бірінші атайды, өйткені ректор бұл азаматтың
білім теңізіндегі оқуға ұмтылысын ерекше бағалады.
Ректор Құмашқа жақындап келіп құлашын кең жая айқара құшақтады:
«Құттықтаймын, батырым! Қызыл дипломыңмен құттықтаймын. Майданда
қандай батырлық жасасаң, оқуда да сондай ерлік жасадың. Енді дүниедегі ең
асыл, ең қымбат және ең бейбіт мамандық – мұғалімдік қызметте болашақ
ұрпақтарымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру қызметінде де ерлік жасап,
жемісті бола беруіңді шын жүректен тілеймін. Мына жауынгерлік орден-
медальдарыңның қатарына бейбіт еңбегіңді бағалаған жоғары марапаттар
қосыла берсін». Мәлік Ғабдуллин осы сөздерді тебірене айтты да, Нұрғалиевті
тағы да құшақтап, қолын қатты қысты. Дипломды тапсырып, омырауына
институтты бітірген белгіні тақты [28, 58 б.].
Көп ұзамай өтірік аттестат алды деген әңгіме мүлдемге тоқтатылды. 1955
жылы 24 тамызда Қазақ КСР прокуратурасы Шығыс Қазақстан облысы
Марқакөл аудандық прокуратурасының І санатты заңгері Ж. Сабиевке №1-15
бұйрық хатты жіберді. Онда Қазақ КСР прокуратурасында қабылдауда Ұлы
Отан соғысының бірінші топтағы мүгедегі (бір қол, екі аяғы жоқ), Сармөңке
мектебінің директоры Қ. Нұрғалиевтің шағыммен келгендігі айтылды. «Фрунзе
аудандық прокуратурасына 1955 жылы 7 мамырда №167 хатта Сіз оның жалған
аттестат алды деп айыптайсыз. Оның Ұ.О.С-да ауыр жараланғаның,
демобилизациядан кейін мектепте табысты еңбек етіп жатқандығы жөніндегі
өндірістік мінездемесі өте жақсы, сонымен бір уақытта Алматыдағы Абай
атындағы педагогикалық институтты үздік бітіруін ескерсек, Қазақ КСР
прокуратурасы сіздің дипломды қайтарып алсын деген арыз хатыңызды жапты.
Болашақта Қ. Нұрғалиевтің аттестатты заңды алғаны жөніндегі сұрақты
қозғамауыңызды сұраймыз», – деп Қазақ КСР прокурорының міндетін
орындаушы Б. Джусупов нұсқау хат жазды [48].
Сонымен Марқакөл аудандық прокурорына істі тоқтату және бұдан былай
қарай аттестат хақында әңгіме қозғамау туралы нұсқау хатты жеделхат арқылы
жіберді. Марқакөлдегі артық сөз тоқтады.
Ғалым, белгілі педагог С. Калиев Мәлік Ғабдуллин туралы былай дейді:
Жаны жаз, үлкенге іні, кішіге аға, халық қастерлеген батырлардың батыры,
ғалымдардың тұйғыны асыл ағамыз 50-70 жылдардағы педагогтардың бәріне
қамқор болған [44, 8 б.].
28
М. Ғабдуллиннің ағалық сезімі осымен тоқтап қалған жоқ Еңбек Қызыл Ту
орденін алған кезде Құмашқа былай деп хат жазды: «Құрметті Құмаш! Ел үшін,
халық үшін еңбегің аса жоғары бағаланды. Кеше майдан ері едің, бүгін еңбек
ері болғаныңа мақтанамын».
Халықтың қолдауына ие болсада, осындай адамға әміршіл-әкімшіл
жүйенің салқыны тимей өтпеді. Қудалау, әр түрлі айыптаулар болып тұрды.
Бұлар Қ. Нұрғалиевтің сағын сындыра алмады, керісінше ол түрлі
жиналыстарда өз ойын ашық айтудан тайынбады.
1948 жылы партия қатарына өткен Құмаш Нұрғалиев «Пограничник»
ұжымшарының бастауыш пария ұйымы хатшысының орынбасары, одан кейін
бірден хатшысы болып тағайындалады. Ұжымшар орталығы Орловка
селосында, ол мектеп директоры болып істейтін Сармөңкеден 30 шақырым
жерде. Ұжымшардың өндірістік-шаруашылық жұмысына белсене ат салысқан
парторг орталыққа салт атпен жиі қатынап отырды. Ұжымшар төрағасы болған
Алексей Моисеевич Грицаев жұмысқа қырсыздау болғандықтан, шаруашылық
көтерілмеді. Сондықтан болар прогрессшіл Нұрғалиев онымен тіл табыса
алмады. Марқакөл аудандық пария комитетінің Қаба МТС алқабының хатшысы
И.П. Клейменов Грицаевты жақтады. Ауданға отыз мыңшылар келе бастайды,
Мәскеулік метро құрлысының ардагері В. Гранкин келеді. Оны «Пограничник»
ұжымшарының төрағалығына ұсынады, бірақ бұған Клейменов қарсы шыққан
екен. «Сіз партияның ауыл шаруашылығын өркендетуге бағытталған линиясын
бұрмалап отырсыз. Мәскеуден келген кадр Гранкинге қарсы болып, қолынан іс
келмейтін досыңыз Грицаевты жақтап отырсыз», - деп бетіңе айтады.
Клейменов оны Марқакөл аудандық пария комитетінің бірінші хатшысы
А.И. Сколоманға жамандап, маған жұмыс істетпейді, оны Қабадан әкетіңіз
деген. Ұлтжанды, қазақтан шыққан мектеп директорының жұмысынан кір
іздеп, оны аяқтан шалуды ойлаған ол Нұрғалиевтен оңай құтылудың жолын
іздестірді. Сармөңке мектеп директоры ұжымшар төрағасы Алексей
Грицаевпен тіл табыса алмады [38, 49 б.].
Кейбір сәттерде сыртқа шыға алмаған сөздер қойын дәпттерге түсетін:
«Облыстық халыққа білім беру бөлімі-19.02.1952. менің үстімнен жазылған
материалдардың авторын таптым. Оның сұрқия мінездері, сасық қулығы,
арамза ішкі сыры, сұмпайы шұбар бетімен өлегзіген көгілдір көк көздері көз
алдымда. Арамзаның бір бармағы ішінде болады деген мақал емес шындық
екен. Жалған дос, жасырынып жүрген жау. Совет жастарына тән қасиеттердің
бір кемшілікті көзге айту ғой, ұжымнан сыр жасырушыға орын жоқ», – дейді
[48]. Бұған қарап, біз абзал ұстаздың шыншылдығын көреміз. Осынау 1952
жылы сталинизмнің белен алып тұрған шағында шындық үшін күрескен. Өз
ұжымындағы талай азаматтарды аудан, облыс басшыларының қыспағынан
аман алып қалып отырған.
Өзі де талай әміршіл жүйенің қыспағын көрді. Оның атқарған жұмысынан
мін таба алмаған талайлар әр түрлі пәле жауып, кішкентай ауылдағы
директорды 1952 жылы облысқа жазады. Облыстық кеңестің атқару
комитетінің төрағасының орынбасары А. Шлатков оған: «Нұрғалиев жолдас,
Сізді тәртібі нашар, ... шұғылданады деп естідім. Сіз одан әрі мектеп директоры
29
болып істей алар ма екенсіз?», – деп хат жазады. Бірақ кейін ол бастық өзінің
артық айтқан сөзі үшін кешірім сұрайды. Ол ол ма жала іздеген жалақорлар
оны кезекті медициналық тексеруден өтуді қызмет бабымен кешіктіргені үшін
де дүрлігіп, жиналыстарға да салады [28, 50 б.]. «Жақсы адамның артынан сөз
ереді», – демекші, оған жұмыс істеуге кедергі келтірушілер үнемі қасынан
табылып отырды.
Қоғамда болып жатқан саясаттың салқыны Қ. Нұрғалиевке де тимей
қоймады. Оған қарсы газет беттерінде мақалалар жарық көрді. Облыстан талай
рет тергеп-тексерушілер келді. Артынан Ұлттық Қауіпсіздік қызметі түсіп,
бірнеше тексерулер жүргізді. Қ. Нұрғалиев: «Менің ешқандай кінәм жоқ, бірақ
әйтеуір мені де бір күні әкетуі мүмкін» деген қобалжумен жүрді. Осы қуғындау
саясатын көрген ортасы да оған күдікпен қараумен болды.
Ақыры Теректі ауылындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушілігіне
жіберді (1955-1957 жж.). Қ. Нұрғалиев өмірінің осы бір тұсы көптеген
деректерде көрсетілмейді. Мысалы, Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының 7-
ші томында 1946-1957 жылдары Құмаш Нұрғалиев Марқақөл ауданының
Сорвенка ұжымдық мектебінің директоры деп жазылған [25, 86 б.].
Бұл оны төмендету емес, жоғарылату еді. 100 оқушысы бар мектептен
1200 оқушы оқитын үлкен мектепке екінші басшы болды. Алекеевка орта
мектебінде де мектеп партия ұйымының хатшысы болды.
Мұнда да жұмыс істеу оңайға түскен жоқ. Өзіне де, өзгеге де қатаң талап
қоятын Қ. Нұрғалиевті жақтырмайтындар мұнан да табылды. 1955 жылы
қызметке кіре салысымен жалқау директормен тіл таба алмады. Өскеменнен
келген тексеру комиссиясы директордың орнына Қ. Нұрғалиевті тағайындау
туралы ұсыныстар айтты. Көре алмаушылар бұл қызметті ол істей алама, деп
сұрақ қойды. Алексеевка орта мектебінің директоры Кротковтың көптеген
кемшіліктері анықталады. Яғни, педагогикалық кеңестің шешімдерін
орындамау, мұғалімдер және оқушылармен жаман қарым-қатынаста болуы,
оқушылар саны жөнінде жалған мәліметтер беріп, орыс тілі пәнінің жағдайын
жасырғаны үшін айыпталды. Марқакөл аудандық партия бюросының
шешімімен 1956 жылы көктемде, бірінші сәуірде оқу-тәрбие жұмысындағы зор
кемшіліктер үшін Коротков орнынан алынды, директордың міндетін атқарушы
болып Қ. Нұрғалиев тағайындалды. Коротковты қатардағы мұғалімге
ауыстырады, ол бұл «масқаралық» деп белгісіз бағытта, беті ауған жаққа кетіп
қалады [69].
Директордың міндетін атқарып жүрген Құмаш бүкіл ұжымды ұйымшыл,
бірлкте ұстады. Бұл 1956 жыл еді. Оқу жылының аяғында емтиханға Қ.
Нұрғалиев қатаң қарады. Облыстық халыққа білім беру басқармасынан
емтиханды объективті түрде, шынайы, бағаларды көтермелемей өткізу туралы
бұйрық келеді. Бұл Құмаш Нұрғалиевтің де көзқарасымен сәйкес келді.
Соғыстан кейінгі кезеңде кеңшарларда еңбек еткен жұмысшылар мен
қызметкерлердің кейбірінде орта білім болмаған, сондықтан олар кешкі
мектептерде оқыды. Себебі, өндірісте істейтін жастардың кешкі ауысымдық
мектептерде оқып білім алуының мәні айрықша болды. Жалпы білім беретін
кешкі мектептер Қазақ КСР-інде Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде ашылды.
30
КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1943 жылы 15-маусымдағы қаулысы
мектептен қол үзген жастардың бұл тобын оқытудың жаңа тәртібін белгіледі.
Кешкі мектептер 1944 жылдан қалаларда жұмысшы жастар мектебі, ауыл мен
селоларда село жастарының мектебі деп аталатын болды. Қазақ КСР-індегі
мектептер туралы заңға сәйкес село жастарының өз алдына орта мектебін ашу
үшін оқитындар саны жеткіліксіз жерлерде жалпы білім беретін мектептер
жанынан кешкі (ауысымдық) сыныптар ашылды. Бұл кешкі мектептердің
негізгі мақсаты – жұмысшы және ұжымшарлардағы жастардың өндірістен қол
үзбей, біліммен қарулануларына толық мүмкіндік туғызу болды. Кешкі
мектептердің оқу-тәрбие жұмысы, оқушы жұмысшылардың сабаққа үлгерімі ,
сабаққа қатынасу мәселелері комсомол, кәсіподақ, партия жиналыстарында,
мәжілістерінде үнемі талқыланып, қаралып отырған.
Алайда, Қ. Нұрғалиев басшылыққа келісімен мектептегі кешкі сыныптарға
ерекше мән берсе, олардың үлгерімі, сабаққа қатысуы мүлдемге төмен
дәрежеде болады. Бірінші емтихан көрсеткіші бойынша 100 оқушының 20-сы
«екі» деген баға, шығарма, бақылау жұмыстарынан көптеген балалар төмен
баға алды. Олардың ішінде аудан басшыларының балалары да бар еді. Бұрынғы
директор В. Коротков жалтақ, жағымпаз адам болып, қажетті бағаларды қойып
жүрген.
Көп ұзамай кешкі мектептің оқушылары аудан басшыларына өтініш-
шағым түсіреді, олардың ішінде он жетісі партиялық, әкімшілік, басшылық
қызметтегілер еді. Қ. Нұрғалиев пен бүкіл емтихан комиссиясын аудандық
парткомның бірінші хатшысына шақырады. Оқушылардың бірі мектепте
емтихан тапсыруға жағдай жасалмағаның, бір жүйемен оқушыларды құлатып
отырғаның айтып, Қ. Нұрғалиевты қызметтен босату жөнінде айтады. Құмаш
Нұрғалиев бұл жалқауларды қолдамайтының білдіріп, өзі мүгедектігіне
қарамастан институтта оқып жатқаның, дені сау бұлар сабақ оқымаса қоғамға
зиян екендерін ескертеді. Аудан басшылары бұны қолдамайды, ызаланған ол:
«Егер жолдас бірінші хатшы сізде шашылып жатқан аттестаттар болса өзіңіз
жазып беріңіз», – деп шығып кетеді. Сол жылы жазда оны екі рет қызметінен
босатып, облыстық партия комитеті араласып қайта қызметіне келтірді.
Осы әділетсіз жағдай ұлттық сана-сезімді оятып, халықтың қамын ойлай
бастаған ұлт зиялысына қозғау салды. Қайраткер тығырықтан шығар жолдың
басты қамы – алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына қосылып, өнер-
білімге ұмтылу деп білді. Өзінен бұрын өткен ағартушы ағаларының дәстүрін
жалғастырып, халық арасында насихат жұмысын өрістетті. Сондай - ақ өзінің
қойын дәптеріне «... алға басып, жұрт қатарына кіру керек. Білімді болуға оқу
керек. Халықтың ауқатын көтеруге кәсіп керек. Күшті болуға ауызбірлік керек.
Осы қажеттердің жолында жұмыс істеу қажет» [48] деп Қ. Нұрғалиев қоғам
дамуына қажетті, өзге жұрттан қалыс қалмаудың жолы ғылым мен білім деп
білді. Осыған орай халқын дамыған, мәдениетті ел болуға шақырды.
Құмаш барлық адамзаттың даму үрдісі түбегейлі өзгеріп жатқан тұста
халқына басқалардан өзгеше заман болмайтынын ескертіп, одан да қамсыз
қалмауға шақырады. Халықты оқуға, білім алуға шақырды, білім арқылы
дербестікке жете алатынына, өзге ұлт өкілдерінен кем болмайтындарына сенді.
31
Десе де, жетекке жүре қоймайтын, аузы ашық, бейхам жатқан халықтың іс-
әрекетіне «бұл неткен жұрт ұйқышыл» деп «түн етіп күнін оятқызбай қорып
тұрған» үстемдікті ұстап қалу үшін жүргізіп отырған саясатқа қарсылық етпей
енжарлық көрсетіп отырғандарға «ұлғайып қайғы, уытын жайды», «қабағын
түйіп, қаһарын жиып көкті бұлт торлады», – деп А. Байтұрсынов айтқандай
білім алуға асықпаған енжар халқына реніш білдіреді. Қалың ұйқыда жатқан
халқына жар салып, ой-санасын оятуға күш-қайратын жұмсады. Бойды
жайлаған жалқаулықты, етектен тартқан еріншектік пен жағымсыз қылықтар
мен қасиеттерді түбімен жоюдың басты құралы халықты еңбек етуге, жаппай
сауаттандыруға, мәдениеттілікке жетелеу деп түсінген. Қараңғылық пен
мешеуліктен шығудың жолдарын дер кезінде тайсалмай батыл айтып, қазақ
баласын жаман да кері әрекеттерден арылту үшін білімділіктің маңызын
айтқан.
Аупарткомның сол кездегі бірінші хатшысы Сколаманға да оның
бірбеткейлігі ұнамайды. Тырнақ астынан кір іздеп, оны жұмыстан босатуға
дайын тұрды. Ол заманның ағымы, тыныс-тіршілігі де бөлек болатын. Домалақ
хат, шағым-арыз дегендердің күні туып тұрған кезі, көзі ашық, көкірегі ояу
мұғалімдер қауымы да бұл істен шет қалған жоқ. Облыстық оқу бөлімінде
табан аудармай он бес жыл қызмет атқарған, «Халық ағарту ісінің озық
қызметкері» атанған Мәкен Рақымқызы арыз-шағымның анық-қанығын
тексеріп, талай Марқакөл, Тарбағатай аудандарына ат сабылтып барып қайтқан.
Бұл тұста Мәкен Рақымқызы адалдық пен әділеттілікті ғана ту етіп ұстады,
тексеру барысында істің ақ-қарасын айырды. Қ. Нұрғалиев сынды азаматтардан
үлгі алып, солармен бірге қызмет етті [37, 205 б.].
Оның қазақ тілі, қазақ сыныптары, кешкі мектептер туралы айтқан ойлары
көп сынға ұшырады. Ол аз болғандай «кезінде әкесі Нұрғали «халық жауы»
болған деп сөз тудырып, ілік іздеді. Партиядан да шығарып тастау көзделді.
Төзімі тастай Құмашты бұл қуғын сындыра алмады. Қылмысы болса сотталып
кепей ме? Ол әрине таза еді. Өз оқушыларынан білімді ғана талап етті. Ол кісіні
осы саясаттан құтқарған, облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі Л.М. Курочкин
қысылтаяң шақта қол ұшын беріп, Құмашты арашалап алып қалды. Бұл
жөнінде 1955 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің журналистері оны
жақтап жазды. Сол газеттің меншікті тілшісі Мағзұм Мергеновтың
«Жалақорлар және принципсіз басшылар» деген сын мақаласы осы газет бетіне
жарияланды [16, 3 б.]. Қ. Нұрғалиев партия конференциясында басшылардың
принципсіздігін айтып, өзінің әділдігін мойындатады. Қызметінде қалып, алда
жүрді.
ШҚО Алексеевка орта мектебінде еңбек еткен екі жылдың ішінде
мұғалімдер ұжымы топтасып, барлық сынып оқушыларының сабақ үлгерімі
жақсара түсті. Аудандық және облыстық кеңестерде мектептің де, оның оқу
ісінің меңгерушісі Құмаш Нұрғалиевтің атағы ауызға жиі ілініп жүрді. Бір
жолы Нұрғалиев аудандық партия комитетіне шақырылды. Оны бірінші хатшы
Орынбай Сатыбалдин қабылдады. Ол әңгімені алыстан бастады, хал-жағдайын,
бала-шағасын тәптіштеп сұрағаннан кейін, мектеп жайын біраз әңгімелеп
беруді өтінді. Қ. Нұрғалиевтің жауабын зейін қоя тыңдады. Өз ойын, алдында
32
отырған
адамның
білім
дәрежесін,
мұғалімдік
бай
тәжірибесін,
ұйымдастырушылық қабілетін таразыға салып, әбден ерекшелеп болған соң
ғана Қ. Нұрғалиевке өзінің ұсыныс-тілегін білдірді.
Қара Ертіс пен Қалжыр өзендерінің бойында, қалың тоғайлардың арасында
Боран селосы бой көтерген. Онда аттас кеңшар орталығы, орта мектеп, кәсіптік-
техникалық училище, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер орналасқан. Село
үлкен. Оқушылар көп. Бірақ мектеп үйі талапқа сай емес, оқу-тәрбие
жұмысының дәрежесі де төмендеп барады. Осындай жағдайда аудандық партия
комитетінің бірінші хатшысы Орынбай Сатыбалдин партияның қатардағы
жауынгері Құмаш Нұрғалиевқа осы Боран мектебін басқаруға ұсыныс жасады.
Әрине, бұл ой, бұл шешім оған бірден келген жоқ. Хатшы Нұрғаливті бұрыннан
танитын, оның майдандағы батырлығын, госпитальдағы шыдамдылығын,
қайсарлығы мен талаптылығын естіп білген, мектептегі қызметі, институтты
сырттай оқып бітірген ерлігі оның көз алдында өтті. Осының бәрін хатшы ой
елегінен өткізіп берік шешімге келген-ді. Енді Құмаш Нұрғалиевтің келісімін
сұрады. «Сенімдеріңізге көп рақмет! Мен әрқашан да солдатпын, партияның
солдатымын. Сондықтан партия қайда жіберсе, сонда бару, қандай міндет
жүктесе, оны бұлжытпай орындау – менің асыл парызым. Сенімдеріңізді
ақтауға бар күш-жігерімді, білім-тәжірибемді аямай жұмсаймын» [70] Құмаш
Нұрғалиевтің қайтарған жауабы осылай болды. Ол ешбір шарт қоймады, көмек
те сұрамады. Аудан парткомынан шығып, оқу бөліміне барды да, жолдаманы
төс қалтасына салып алып, Боранға аттанды. Осымен оның өмірінде жаңа бір
кезен басталды, оның алар асулары әлі мол еді.
Жылы шырайлы әрі салмақты келбеті, өзгені қоса еліктіргіш таза күлкісі
жұртты өзіне тартпай қоймайтын. Ойшылдық, көңілге алған ісіне алаңсыз
берілгіштік, аса сыпайы-биязылық және қасындағыларға ерекше ізет-
ілтифаттылық Құмаш Нұрғалиевтің бала кезден бойына сіңірген қасиеттері еді.
Бірақ оның мінезі біртоға емес еді, оның бойынан қайсарлық, батырлық, өз
ойындағысын іске асырмай қоймайтын табандылық, керек кезде бойынан
қызбалықта кездесетін. Ол әрқашан да өзімен әлдебір жаңалықтың лебін,
мәдениеттің ұшығын міндетті түрде қоса ала жүретін, тарата жүретін. Әкесі
Нұрғали мен анасы Күлдәрінің еккен қасиетті дәні осылай көктеп, мәуелі
бәйтерекке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |