1. Ӛрт классификациясы
Жанып жатқан заттар мен материалдардың түріне
қарай
ӛрттер
А, В, С, Д кластарына және
А1, А2, В1, В2, Д1, Д2 және
ДЗ класастына жіктеледі.
А класының ӛрттеріне қатты заттардың жануы жатады. Егер
бықсып жануға қабілетті зат (ағаш, қағаз, текстиль ӛнімдері)
жанса, онда ӛрттер
А1 класастына жатады. Бықсып жануға
қабілетсіз заттар (пластмассалар және т.б.) жанса
А2
класастының ӛрттеріне жатады.
В
класының
ӛрттеріне
тез
тұтанатын
жанғыш
сұйықтықтардың ӛрттері жатады. Егер, тез от алатын жанғыш
сұйықтық суда ерімейтін (бензин,
дизель жанармайы, мұнай
және т.б.) болса олардың ӛрттері
В1 класастына жатады. Ал
егер суда еритін (спирттер және т.б.) болса,
В2 класастына
жатады.
С класының ӛрттеріне газдардың (водород, пропан, бутан,
ацетилен және т.б.) жануы жатады.
Д класының ӛрттеріне металдардың ӛрттері жатады.
Д1
класастына жеңіл металдардың (алюминий,
магний және
олардың құймалары) жануы жатады.
Д2 – класастының
ӛрттеріне сілтілік металдардың (натрий, калий, литий) ӛрттері
жатады.
ДЗ – құрамында
металы бар қосылыстардың
(металорганикалық қосылыстар, гидридтер) ӛрттері жатады.