Цифрлық экономика халықта оның жемістерін пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдылардың болуын талап етеді. Бұл ретте, қазіргі кезде халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығының деңгейі 76,2% құрайды, және алдағы жылдарда оның өсуі қажет. Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірқатар бастамаларды енгізуде:
1) 3-4 сыныптарда оқуда және күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің жалпы базалық білімдерін қалыптастыратын "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілді;
2) робототехника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздеріне үйрететін робототехника бойынша 372 үйірме жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, жас ұрпаққа жаңа талаптарды ескере отырып, креативті ойлау мен техникалық дағдыларын дамыту арқылы орта білімнің мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.
Техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша:
1) 3 (үш) мамандық базасында студенттерде таңдаған мамандық шеңберінде іс жүзінде АКТ пайдаланудың базалық білімдерін қалыптастыратын "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілді;
2) техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімде білім беру бағдарламалары үшін негізгі база болатын кәсіби стандарттар әзірленуде.