Цифрлық Қазақстан



бет7/8
Дата07.01.2022
өлшемі0,92 Mb.
#20277
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

2008 жылы «Үлкен деректер» (ағылш. Big Data) термині пайда болды. Big data – технологиялық инновациялар нәтижесінде пайда болған үлкен ақпараттар ауқымын өңдей алатын бағдарламалық құралдар. Оған ұзақ жылдар бойы сақталған ұялы байланыс абоненттерінің мәліметтері, іздеу жүйелеріндегі сауалдар тізбегі, әлеуметтік желілердегі белсенділік, тіпті қоғамдық орындардағы бейнебақылау камераларында жазылған материалдар және т.б. ақпараттар кіреді.

  • 2008 жылы «Үлкен деректер» (ағылш. Big Data) термині пайда болды. Big data – технологиялық инновациялар нәтижесінде пайда болған үлкен ақпараттар ауқымын өңдей алатын бағдарламалық құралдар. Оған ұзақ жылдар бойы сақталған ұялы байланыс абоненттерінің мәліметтері, іздеу жүйелеріндегі сауалдар тізбегі, әлеуметтік желілердегі белсенділік, тіпті қоғамдық орындардағы бейнебақылау камераларында жазылған материалдар және т.б. ақпараттар кіреді.
  • Үлкен деректер тек сандар мен әріптерден құралмайды. Оның ауқымы кең. Соның ішіне: әлеуметтік желілер, блогтар, медиа, форумдар, веб-сайттар, заттар интернеті (IoT) т.б дерек көздерін қамтиды. Бүгінде оларды денсаулық сақтау, телекоммуникация, сауда, логистика салаларында, қаржы компанияларында, сонымен қатар мемлекеттік басқаруда пайдаланады. Бұл технологияны АҚШ, Синапур, Германия, Ұлыбритания, Ресей елдері қолданады.
  • Қазір адамдардың өмірін өзгертетін бес негізгі технология анықталып отыр. Олар: заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн, 3D басып шығару және Big Data.
  • Еліміздегі мемлекеттік органдар BigData және OpenData (ашық деректер) концептілерін ендіруге күш салуда. Мәселен, eGov-тың мақсатты аудиториясын зерттеу барысында «Үлкен деректер» зертханасы жұмыс жасайды. Онда eGov порталының пайдаланушыларының профилін талдау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, еліміздегі денсулық сақтау саласының ақпараттық жүйесіне 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 14 терабайт мәліметтер жинақталған. Бұл 5,8 млрд бет мәтінмен пара-пар. Алдағы уақытта Big data технологиясы мен жасанды интеллектіні пайдалана отырып өңдейтін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет