Бағдарламаның басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру. - Бағдарламаның басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру.
- Жобаны жүзеге асыру екі жолмен жасалады деп жоспарлануда. Олар: орташа мерзімді келешекте Қазіргі экономиканы цифрландыру және ұзақ мерзімді келешекте Болашақтың цифрлық индустриясын құру.
- Бағдарлама аясында жоспарланған 120 іс-шара цифрлік саланың экономиканың жаңа саласы ретінде іргетасын қалап, басты бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Олар: Экономика салаларын цифрландыру, Цифрлық мемлекетке көшу, Цифрлық жібек жолын іске асыру, Адами капиталды дамыту, Инновациялық экожүйені құру.
- Бағдарлама аясындағы іс-шаралар нәтижесінде экономика салаларындағы еңбек көрсеткіштерінің өсімінен бөлек, 2022 жылға дейін электрондық сауда-саттықты жалпы сауда-саттық көлемінің 2,6% дейін өсіру, цифрландыру арқасында 300 000 жаңа жұмыс орындарын ашу, интернет желісін пайдаланушылар үлесін 82% дейін, ал халықтың цифрлық білімділігін 83% арттыру жоспарлануда.
- Цифрлық Қазақстан адам өмірінің барлық салаларын қамти отырып, мемлекетіміздің әрбір тұрғынының өмір деңгейін жоғарылатуды көздегендіктен бағдарлама пайдасын халық, кәсіпкерлік субьектілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары көреді. Алдын-ала белгілі болған есептеу бойынша 2025 жылға қарай экономиканы цифрландырудан болатын тікелей әсер 1,7 - 2,2 трлн теңге көлемінде қосымша баға жасауға мүмкіндік береді.
- Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекет басшысының Қазақстан-2050 стратегиясында алға қойған бәсекелестігі жоғары 30 мемлекет қатарына 2050 жылға қарай енуіне жол ашатын басты фактор болуы мүмкін.
Назар аударғаныңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |