Цифрлық сауаттылық пәнін ұйымдастыруға қойылатын талаптар Орындаған:Тұрсынбаева Мейірім Ақпараттық коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Өйткені бұл қазір — оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды.Жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшелігі ескеріледі.
Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тек білім беруде ғана емес, өмірдің барлық саласында, бағыттарында белсенді қолданыста.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тек білім беруде ғана емес, өмірдің барлық саласында, бағыттарында белсенді қолданыста. Технологиялардың күн сайын дамып, өзгеріп отырғаны белгілі, сол себептен де жаңалықтардан қалмай, барлық білім, ғылым саласындағы тың ізденістер мен технологияларды біліп отыру қажет деп білемін.
Назарларыңызға рахмет