Циклограмма Бір аптаға 03.10-07.10.2022жыл №11 «Шағала» ересек тобы
Апта күндері
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Күн тәртібі
Балаларды қабылдау
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру
Ата-аналармен әрбір баланың ұйымдастырылған іс-әрекетіне дайындығы және ұйымдастырылған іс-әрекетке керекті заттар жайлы әңгімелесу.
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
"Кітап бұрышындағы еңбек".
(кітаптарды қалпына келтіру).
Мақсаты: балаларды жөндеуді қажет ететін кітаптарды таңдауды және оларды мұқият желімдеуге үйрету (желім мен қайшыны дұрыс пайдалану, майлықтарды пайдалану). Кітаптарға ұқыпты қарауға, жұмыс істеуге, тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.
"Біздің шкафта тәртіп бар".
Мақсаты: балаларды сыртқы киімге арналған шкафта заттарды бүктеу кезінде дәлдікке үйрету.
"Асхана бойынша кезекшілік".
Мақсаты: балаларды кезекші міндеттерін өз бетінше және адал орындауға үйрету. Қолды мұқият жуыңыз, кезекшінің киімін киіңіз, үстелді дұрыс қойыңыз. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды тазалаңыз. Еңбек дағдыларын дамыту, үстелді жабдықтаудағы ретсіздікті көре білу.
"Кір сүлгілерді ауыстыру".
Мақсаты: еңбекке деген тұрақты қызығушылықты сақтау, тапсырманы мұқият орындауға ұмтылу. Сүлгіні жеке ұяшыққа іліп қоюды және ұқыптылыққа үйрену. Еңбекке баулу.
"Шешіну бөлмесінің шкафындағы тәртіп".
(тәрбиешінің көмекшісімен бірге)
Мақсаты: балаларды жеке киім шкафтарында тәртіпті сақтауға үйрету: шкафты киім мен аяқкиімнен босату, сөрелерді дымқыл шүберекпен сүрту және киімді орнына мұқият бүктеу. Еңбекқорлыққа, тәртіпті көре білуге. Ұжымдағы тату-тәтті еңбек етуге үйрету.
Үстел үсті ойыны.
"Лото. "Ұл бала мен қыз бала киімдері".
Мақсаты: балалардың зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту; заттарды топтастыруға дағдыландыру; байқампаздыққа тәрбиелеу.
- Кімге не қажет?
Қыз бала мен ұл балаға киім таңдау.
"Қатарға тұрып билейік" жаттығуы.
Мақсаты: балаларды жаттығу барысында ырғаққа сай қозғалып, сөздерді бірге айта жүріп, айтылған дене мүшелерін қозғауға машықтандыру; қабылдау, зерек болу қабілеттерін, вестибуляр аппаратын дамыту.
Жаттығуды көңілді әуен жазбасын қосып өткізуге болады.
Қатарға тұрып билейік,
Мүшелерді көрсетейік:
Басты оң-солға бұрып,
Қос иықты көтерейік.
Қатарға тұрып билейік,
Мүшелерді көрсетейік:
Жоғары қол көтеріп,
Бұлғап, төмен түсірейік.
Қатарға тұрып билейік,
Мүшелерді көрсетейік:
Аяқты кезек көтеріп,
Маршпен шапалақтап жүрейік.
Д. Ахметова."Құрылыс ойындары "Жануарларға арналған балабақша", "қуыршақтарға арналған үй".
Саусақ жаттығуы.
Мақсаты: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ!
Қала салсақ, жол салсақ.
"Қайда барсаң – соны табасың" дидактикалық ойыны.
Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға баулу.
Педагог белгілі заттарды (жемістер мен көкөністерді немесе ойыншықтарды, не құралдарды) ойын аланының түрлі жерлеріне салады.
Бала педагог айтқан бағытты қолмен көрсетіп, сол бағыт бойынша жүріп, жасырылған объектіні табу керек.
Педагог нұсқауларды нақтылы және дұрыс беру керек: алға бес қадам, солға бұрылып екі қадам, оңға тағы екі қадам.
Күрделенуі: балалардың өздері топтастарына нұсқау беріп, жүргізуші бола алады.
"Сақина" ойыны.
Мақсаты: балаларды зеректікке, ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Бастаушы шеңбер ішіне, ал балалар шеңберді айнала тұрады. Алақанында сақина бар, оны екі қолды біріктіріп, кезек-кезек балалардың алақанын ашып, байқатпай біріне беруге тырысады. Балалар бастаушының әрекетін және достарын мұқият бақылайды. Сақинаға ие болған бала басқаларға білдірмеу керек. Белгі бойынша бастаушы: "Сақина, сақина, қане шықшы ортаға!" – дегенде сақина ұстаған бала шеңбер ортасына жүгіріп шығады да, бастаушы болады. Егер ойыншылар белгі бергенге дейін балалардың бірінен сақинаны байқап қалса, оны шеңбер ортасына жібермейді. Ондай жағдайда ойынды сол бастаушы қайта жалғастырады.
Көркем сөзді жаттау жаттығуы.
Мақсаты: тақпақтың мазмұнын есте сақтап, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; көркем сөзге деген қызығушылықты арттыру.
""Бақшада"".
Көңілді бар бала,
Бақшаға, баққа енсек.
Ойнаймыз аулада,
Төбеміз әткеншек.
Шешеміз жұмбақ та,
Жаңылтпаш айтамыз.
Кешкілік үй жаққа
Үлкейіп қайтамыз.
Б. Кірісбаев."
"Менің жанұям" фотосуреттерді қарастыру.
Мақсаты: байланыстырып сөйлеу қабілетін жетілдіру, сөздік қорын молайту; туыстарға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Фотосуретте бейнеленген отбасы жайлы әңгімелеу,
Саусақ жаттығуы. "Ыдысты қалай жуамыз?".
Мақсаты: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту; балалардың қарапайым дағдыларын жетілдіру.
Біз көмекші болып жүреміз, (Бас бармақтарды көрсету)
Жеңімізді кезегімен түреміз. (Женді түргенге еліктеу)
Қолға табақшаны алып, (Саусақтарды созып, екі алақанды, айқастыра, бірі-біріне уқалау)
Уқалап, жуып береміз.
Кесе - екі қос алақандай, (Саусақтарды қосып, бірыңғай бүгіп, екі қолды қырынан қосып, "тербету")
Шұңғыл алтын айдай.
Қолға кесені алып, (Жұдырықтармен, қолдарды алмастырып, алақан ортасына басып, айналдыру)
Айналдырып, жуып береміз.
Д. Ахметова.
"Үй құрастырамыз" құрастыру ойыны.
Мақсаты: балалардың зейінін, ойлау, елестету қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту; отбасына деген сүйіспеншілігін дамыту.
Балалар құрылыс материалдардан түрлі үйдерді кұрастырады.
Құралдары: құрылыс материалдар жинақнамасы: текшелер, кірпіштер, білеулер, призмалар.
Сондай-ақ; "Лего" немесе ағаш құрастырғыш ойыншықтары.
"Қандай көлік қайда жүреді?" дамытушы жаттығуы.
Мақсаты: балалардың көліктер туралы ұғымдарын пысықтау, қызығушылығын арттыру; зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құралары: жүк машинасы, кеме, пойыз, велосипед, автобус, ұшақ, жеңіл машина т.б.
Балаларға кезекпен жеке суреттер көрсетіледі:
- Балалар, көрсетілген суретке қарап, көліктердің қайда жүретінін қимылмен көрсетейік: жерде жүрсе - аяқтарымызды топылдатамыз, суда жүзсе - қолымызбен суда жүзгендей қимылдар жасаймыз, аспанда ұшса - қолдарымызды қанат сияқты сермейміз.
Ойынды, екі командаға бөлініп, ойнауға болады.
1. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде
1.1. Балалар қолдарын алдарына созып, алақандарын ашып-жұмады;
1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 5-6 рет қайталанады).
2. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол көкірек тұсында
2.1. Оң аяқтарын артқа қойып, екі қолдарын да артқа созады
2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады).
3. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде
3.1. Орындарында тұрып, бастарын алдымен оңға бұрады
3.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 5 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене бос, қол көкірек тұсында
4.1. Қолдарын жандарына созады;
4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 6 рет қайталанады)
5. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде
5.1. Қолдарын жандарында ұстап, бір орында тұрып, пингвин сияқты айналу
5.2. Бастапқы қалып (жаттығу 5 рет қайталанады).
(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
Таңғы ас
Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруды жалғастыру: асхана құралдарын дұрыс қолдану (ас қасығы мен шай қасығын, шанышқыны); майлықты ұқыпты пайдалану; нанды үгітпей жеу, асты ауызды жауып шайнау, тамақ ішіп отырғанда сөйлемеу; әдепті болуға тәрбиелеу (ас үшін алғыс білдіру, тазалық пен тиянақтылық қажеттілігі.)
Біздерде бар қасықтар
Сиқырлы екен құралдар.
Міне — қасық, міне — ас.
Еш нәрсені қалмас.
Осы сөздерден кейін, балалар таңғы астарын ішеді. Тамақтану барысында, тәрбиеші балалардың орындықта дұрыс отыруын қадағалайды. Егер бала орындықта дұрыс отырмаса, жанына келіп түзу отыру керектігін айтуға болады.
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
«Қылқалам ханшасы».
Жер-Ана, саған мың алғыс,
Сыйлайсың бізге қуаныш.
Жазда, күзде, қыста да,
Көркемсің көктем тұста да!
Шеңберге тұрады, бір-біріне жылы сөздер айтады.
ҚР Президенті, ҚР Рәміздері жайлы әңгімелесу. ҚР Әнұранын шырқау.
«Тілек тілеу».
Барлығымыз табиғатты сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.
Денсаулықты әрқашан да сақтаймыз,
Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!
(Шеңбер құрып, қайталайды).
Күз ерекшеліктері жайлы әңгімелесу.
- Сәлем, саған, ыстық жерім!
Сәлем, саған, туыс елім!
Ыстық маған ошақ үйім,
Домбыраның қоңыр күйі!
Бір-біріне жылулық сыйлап, достық туралы, топтың ережесі туралы әңгімелесу.
- Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, Жер Ана.
Аман болсын, достарым,
Аман болсын, ата-анам.
Алтын күз жайлы әңгімелесу.
Күн жылуын аямасын,
Шуағымен аяласын.
Достық деген бәйтеректі,
Барлық бала саяласын.
Жапырақтар туралы әңгімелесу.
Білім беру ұйымының кестесі
бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет