Мақсаты:алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер: аквариум суреті, балықтар. Ойынның барысы: балалар суреттегі аквариумнан балықтарды аулап алады да, балық қандай түсті екендігіне айтады.
Балалармен жеке жұмыс
«Әдемі кілемшелер».
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін үрдістерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
Жаңылтпаш жаттайық.
1) Доп деп,
Дөп теп.
2) Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.
3) Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.