Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу: "Күз туралы тақпақты құрастыру".
Мақсаты: балаларда тақпақ, өлең туралы негізгі ұғымдар қалыптастыру, көркем сөз үлгісінің қара сөзден айырмашылығын таныту; "күз мезгілі" ұғымына жататын табиғаттағы өзгерістері, құбылыстарды пысықтау.
Жаттымақ жаттығуы. "Күз суық, сары көйлекті".
Сюжеттік-рөлді ойын: «Шаштараз».
Мақсаты: балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әртүрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.
Сурет салудан ойын-жаттығу: "Күзгі саябақтағы жапырақтардың түсуі".
Мақсаты: балаларды жапырақ пішінін қою бояумен бояп, қағаз бетіне бедерін басу техникасымен таныстыру; жапырақтың бетіне күздің ашық бояуларына араластырып бояп, қағаз бетіне басып, жапырақтың нақтылы ізін қалдыруға дағдыландыру.
Дамытушы жаттығу. "Бұл қандай ағаштың жапырағы?".
"Жүгіріп қағып ал" қимылды ойыны.
Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады (қашықтығы 1,5-2 м). Тәрбиеші «Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» - деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер,» - дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді.
Математика негіздерінен ойын-жаттығу: "Күзгі жапырақтар шоқтары".
Мақсаты: балалардың заттардың бірден төртке дейінгі сандарға сәйкес жиындар жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушы жаттығу. "Күзгі бояу".
Дидактикалық ойын "Басқаша айт". Мақсаты: жалпылама ұғымдарды бекіту (мұғалім балаға допты лақтырып, жалпы ұғымды атайды, бала допты кері лақтырады және түр ұғымын атайды: ойыншық-қуыршақ, жиһаз-үстел)