Циклограмма Бір аптаға 03. 10



бет2/6
Дата19.09.2023
өлшемі46,54 Kb.
#108842
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
03,10-07.10.2022ж

Дене шынықтыру
"Күзгі жолдар үстіндегі ойындар".
Мақсаты: балаларды кіші және үлкен қадаммен жүгіру; тақтайда көлденеңінен еңбектеуге үйрету.
"Көңілді еңбекте" қимылды ойыны.

Қазақ тілі
Қазақ тілі "Күз мезгілі. Алтын күз".
Мақсаты: балалардың "күз" жайлы түсініктерін дамыту; "алтын күз" сөзінің мағынасын түсіндіру; "Кім? Не?" сұрақтарына жауап беретін зат есімді сөздер, "Не істейді?" сұрақтарына жауап беретін етістікті сөздер жайлы негізгі түсініктерін қалыптастыру.
Мнемокарточкаларға негізделген сөздік жұмыс.
"Күз" тақырыбына мнемокесте бойынша әңгіме құрау.
Фонемо-ырғақты жаттығу "Бұлтқа".
Өлеңді мәнерлеп оқу "Алтын күз".
Сурет салу:

Дене шынықтыру
"Еңкіс тақтайдың үстімен жүрелеп жүру".
Мақсаты: балаларды сапта дене қалпын тік ұстап, педагогтің белгі беруі бойынша "Тіктел!", "Түзел!", "Тік тұр!" сөздерімен қимылдарды бұлжытпай орындауға үйрету.
"Чемпион" қимылды ойыны.
Музыка:
«Күз»
Мақсаты: балаларды күз туралы әнді тыңдай отырып, сипатын ажырата білуге үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп, бірге айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін арттыру.
Дидактикалық ойын: «Балақан да алақан».

Құрастырудан ойын-жаттығу
"Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат".
Мақсаты: балаларды жасымықтан саңырауқұлақтың қалпақшасын, қарақұмықтан саңырауқұлақтың түбіртегін, құрмадан саңырауқұлақ орналасқан шөпті құрастыруға үйрету.
Жапсыру:

Дене шынықтыру
"Тақтай үстімен біз қалай жүре білеміз".
Мақсаты: балаларды екі аяқпен секіру (2–3 рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру); оң және сол қолымен көлденең нысанаға (2–2,5 м қашықтықтан) допты лақтыруға үйрету.
"Кім шақырғанын анықта!" ойыны.
Музыка:
"Күзге ән арнайық".
Мақсаты: балалардың музыканы тыңдай білуге қызығушылықтарын арттыру; әнді тыңдай отырып, сипатын ажырата білуге үйрету.
"Төмен және жоғары дыбыстар" музыкалық-дидактикалық ойыны.
Мүсіндеу

Серуенге дайындық

Мақсаттары:
- киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру;
- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру;
- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу;
- ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу;
- көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Күн-жылу мен жарық көзі.
Мақсаты: күн-жылу мен жарық көзі екені жайлы түсініктерін пысықтау; талқылау, дәлелдеу біліктіліктерін дамыту; табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Зерттеу.
Күнге қарап, сұрақтарға жауап беруді ұсыну.
- Күнге қарағанда, өзіңді қалай сезінесің?
- Күнге тура қарай аламыз ба, көзімізге зиянын тигізбей ме?
Педагог балаларға екі тасты алып, біреуін күннің көзіне, екіншісін көлеңкеге, яғни, жан-жағын жауып, қараңғы жерге қоюды сұрайды.
Біраз уақыттан кейін, балалар күн көзінде тұрған тас көлеңкеде тұрған тасқа қарағанда қызып, жылы екеніне көз жеткізеді.
Күн көзінде зат қызатынына қорытынды жасау.
Еңбек тапсырмалары: кіші топ балаларына ойын аумақтарын жинауға көмектесу.
Мақсаты: жасы кішіге көмектесуге ұмтылуға үйрету, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
"Ақ сүйек" қимыл-қозғалыс ойыны.
Ойын мақсаты: балаларды ойын ережесіне сай ойнауға машықтандыру; зеректікке, қырағылыққа, дәлдікке дағдыландыру; шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақ сүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да, алысқа лақтырады.
Балалар ақ сүйектің лақтырылған бағытын көрмеуі керек.
"Ақ сүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші: "Ал ақсүйекті іздеңдер, кім тез табар екен?" - дейді. Ойынның шарты бойынша ақ сүйекті тауып алған бала басқаларға білдірмей, тәрбиешіге тез әкеліп беруі керек.
Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақ сүйек өзіне беріледі.
Сөйтіп, ақсүйекті ешкімге жеткізбей тәрбиешіге табыс еткен бала жеңімпаз аталады.
Жабдығы: ақ сүйек.
"Өрт сөндірушілер оқуда" ойыны.
Мақсаты: қабырғаға өрмелеу біліктіліктерін бекіту; зейіндерін дамыту.
Өз бетінше еркін ойын әрекеті, алаңда шығарылған материалмен ойындар.
"Шеңберді дәлде".
Мақсаты: нысанаға дәлдеп тигізуге жаттықтыру.

Желді бақылау.
Мақсаты: балалардың желдің қасиеттерін тануға деген қызығушылықтарын арттыру; бақылау нәтижесінде желге ауызша сипаттама беруге, іс-тәжірибелер жасауға дағдыландыру.
"Түтікшемен үрлеп, лентаны желбіретейік" жаттығуы.
Педагог әрбір баланың алдына түтікше мен лентаны (қағаздан қиылған жолақ та жарайды) береді.
- Балалар, қазір біз қажетті күшпен үрлеуді жасап, түтікшеден желді үрлеп шығарамыз.
- Мен "жел қатты соғып тұр" десем, сендер қатты үрлеп, лентаны қатты желбіретесіңдер.
- Мен "жел баяу соқты" десем, сендер түтікшеге ақырын үрлеп, баяу желді білдіресіңдер.
Еңбек әрекеті: ойын алаңына ағаштардан қурап түскен ұсақ бұтақтарды жинау.
Мақсаты: аула сыпырушыға көмек көрсету, өзгелердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
"Әткеншек" қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсаты: балаларды бірігіп, шеңберде ойын ережесіне сай ойнауға ынталандыру; бір адамдай белгі бойынша, шеңбер бойымен біресе бір, біресе екінші жаққа жүріп, содан соң жылдамдықты қосып, жүгіруге дағдыландыру; вестибуляр аппаратын дамыту; ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ақырын-ақырын итеріп,
Әткеншекті қозғалтамыз.
Жылдам-жылдам жүгіріп,
Шеңберді айналдырамыз.
Д. Ахметова.
Соңғы сөздерден кейін балалар жерге отырып, қолдарын босатады, демалады.
Ойын бірнеше рет қайталану мүмкін.
Педагог барлық балалардың бірыңғай қимылдауын қадағалап жүру керек. Шеңбер бойымен жүргізу үшін, балаларды бір жаққа бұрып, беттерін шеңбер ортасына қарату керек. Балалардың ойынды меңгерудегі басты міндеті - аса жылдам жүгірмеу. Әрбір бала қимылдау кезінде шеңбердің бір жақ бойымен жүріп, бүкіл шеңбердің жылжып жатқанын бақылайды.
"Шұңқырдан аттап секіріп өт" қимылды жаттығуы.
Мақсаты: балаларды ұзындыққа секіруге машықтандыру; вестибуляр аппаратын, күш-жігерін дамыту.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар.
Мақсаты: қимыл-қозғалыс координациясын дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы қосылуға тәрбиелеу.

Суды бақылау.
Мақсаты: балаларға сумен ұқыпты жұмыс істеуді дағдыландыру; судың қасиеттері жайлы түсініктерін нақтылау; судың табиғи сұйық зат екендігіне көз жеткізу; ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Бақылау барысы.
Судың қасиеттеріне көңіл аудару.
Су әртүрлі температурада болады: мұздай суық (тоңазытқыштан мұздар текшелері), жылы (қолды жуғанда) және ыстық (шәйнекте су қайнатылғанда).
Су күннің көзінде ысыйды. Ыстық күнде бассейнде су тез қызады. Тоғандағы, өзендегі, көлдегі су қызады, сондықтан жазда адамдар шомылуға барады.
Қыста су қар, мұз күйінде болу мүмкін, ұстаса - өте суық.
"Шәйнектен қандай сұйық құйылды?" жаттығуы.
Мақсаты: балаларды суреттердегі шәйнектерге қарап, әрқайсында шәйнектен кесеге қандай сұйық құйылып жатқанын анықтауға дағдыландыру; түстерді қабылдау, ой-қиял, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- Балалар, шайды біз сұйыққа жатқызамыз. Шәйнектен тек шай сұйығы ғана құйылмайды, сол сұйықтарды қалай білетіндеріңді көрейік.
Педагог балаларға шәйнектен қандай сұйықтың құйылғаны туралы сұрайды.
Құралдары: бірнеше бір-біріне ұқсас суреттер: бірінен су құйылып жатыр, екіншісінен - сүт, үшіншісінен - кофе, төртіншісінен - қара шай, бесіншісінен - лимонад.
Жаттығуды шынайы түрде іс-тәжірибеде көрсетуге болады. Сонда құралдар ретінде стақандарға құйылған: шай, кофе, лимонад, сүт, су қолданылады.
"Ақ серек, көк серек" қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсаты: балаларды ойын шарты бойынша ойнауға, мұқият және белсенді болуға; батылдыққа, жылдамдыққа, жеделдеп жүгіруге баулу; балалардың тіл байлығын жетілдіру, достық қарым-қатынастарын дамыту.
Ойын ашық алаңда өткізіледі.
Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып, тізіліп тұрады. Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады.
- Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек?
Екінші топтағылар ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады.
Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.
Ескерту: педагог ойын ойнау алдында қауіпсіздік ережелерін қайталап, нұсқау беру тиіс.
"Жыланша" қимылды ойын-жаттығуы.
Мақсаты: бастаушының және бір-бірінің соңынан бағыттарды өзгертіп, тізбекті үзбей, арақашықты сақтап, жүгіре білу қабілетін жетілдіру.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар.
Мақсаты: қимыл-қозғалыс координациясын дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы қосылуға тәрбиелеу.

Мысықты бақылау.
Мақсаты: балалардың үй жануарлары, мысық жайлы білімдерін нақтылау, сипаттау мәтінін құрастыра білуге машықтандыру; есте сақтау қабілеттерін, байқампаздықтарын дамыту; жан-жануарларды тануға, деген қызығушылыққа, оларға қамқорлық танытуға тәрбиелеу.
Көркем сөз. "Мысық".
Үстінде үйдің
Тұр еді мысық.
Қасына келді
Бір торғай ұшып.
бассалмақ болып,
Ыршыды мысық.
Жалт берді торғай,
Пыр етіп ұшып.
Биіктен жерге
Топ ете түсіп,
Мысықтың қалды
Жамбасы ісіп.
Б. Соқпақбаев
Еңбек әрекеті: ойын алаңындағы ұсақ қоқыстарды жинап, шығару.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
"Мысық пен тышқан" қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсаты: балаларды ойын шартына сай ойнауға, рөлді дәл атқаруға бейімдеу; зеректікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, жалтарып жүгіруге машықтандыру; шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. "Мысық" пен "тышқанды" балалардың қалаулары бойынша немесе санамақ арқылы тағайындауға болады. Ойын басталар алдында кейіпкерлер шеңбер сыртында бір-бірінен алшақ тұрады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады:
- Мысығымыз момықай,
Жүреді аулада андамай.
Тышқан көрсе - бас салады!
Кім тышқанды құтқарады?
Осы сөздерді айтып, балалар тоқтайды да "мысық" "тышқанды" қуалап кетеді. Балалар қол ұстасып, қажеті болса, қолдарды жоғары көтеріп, "тышқан" үшін ұяға жол ашып беріп жатады. "Мысық" ұяға кіріп кетсе, ары қарай өткізбес үшін, қолдарды төмен түсіріп, жолды жауып қояды.
Ойынға қатысушы балалар өте зерек болу керек, біресе қолдарды көтеріп, біресе түсіріп, "мысық" пен "тышқанның" қуаласпағын реттеп жату - басты міндеті.
"Тышқан" ұсталынса, кейіпкерді ауыстыруға болады.
"Кім қапшаны алыс лақтырады?" қимылды ойын-жаттығуы.
Мақсаты: балаларда белгі бойынша әрекет ету біліктіліктерін дамыту, оң және сол қолымен қапшықты алысқа лақтыруды, жүгіруді, түсті тануды жаттықтыру.
Еркін ойындар: шығарылған материалдармен ойындар, қимыл-қозғалысты дамыту, секіртпеден секіру.

Аспанды бақылау.
Мақсаты: балаларды аспанның ашық не бұлтты екенін анықтап; бұлттарды белгілі бейнелерге ұқсас екендігін байқауға машықтандыру; ой-қиялын, зейінін, бақылау қабілетін дамыту.
Көркем сөз. "Аспанда".
Аспан малға толып кетті -
Бұлттар түлік болып кетті:
Бір бұлт шықты ешкі болып,
Бір бұлт шықты мешке болып.

Бір бұлт шықты бие болып,


Бір бұлт шықты түйе болып,
Бір бұлт шықты шошқа болып,
Бір бұлт шықты қошқар болып.я
Қ. Мырзалиев
Еңбек әрекеті: ағаштағы құрғақ бұтақтарды жинау.
Мақсаты: құралдарды қолдануды үйрету, еңбек біліктіліктерін дамыту.
"Қу түлкі" қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсаты: балалардың ойын шарттарына сай ойнай білу, “Мен - түлкі!” сигналы бойынша қолға түспей, жалтарып, жылдам жүгіре білу қабілеттерін дамыту (қалыптастыру, жетілдіру); қимылдарды үлестіруге, ептілікке тәрбиелеу.
Балалар кіші шеңберге жиналады. Олар педагогтің нұсқауы бойынша көздерін жұмады, ал жүргізуші-педагог балаларды шеңбер сыртында жүріп, кез келген баланы сәл түртіп қалады. Осыдан бері педагог таңдаған бала "қу түлкі" болып саналады.
Ал ойыншы-балалар болса, жан-жақтарына қарап: "Қу түлкі, сен қайдасың?" - деп, үш рет сұрайды. Соңғы сұрақтан кейін бұдан бері жасырынып тұрған "қу түлкі": "Мен мындамын!" - деп дауыстайды.
Осы жерден бастап, балалар жан-жаққа "қу түлкіден" қашып құтылу керек. "Қу түлкі" кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.
"Үш табан" қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсаты: балаларды мергендікке, шыдамдыққа, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу; асықты қолда қолда еркін ұстап, ойын алаңында белгілі қимылдарды жасауға дағдыландыру.
Ойынға үш-төрт бала қатыса алады. Ойынды алаңның бірнеше жерінде бірнеше топ балалар үшін ұйымдастыруға болады.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар.
Мақсаты: қимыл-қозғалыс координациясын дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы қосылуға тәрбиелеу.

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Түскі ас

Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Күндізгі ұйқы

«Әлди-әлди» әні

«Шалқан» ертегісі

«Жәй» әуен

«Бауырсақ» ертегісі

«Әлди-әлди» әні

Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары

Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру;
Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Бесін ас

Алдына қойған асқа назар аударту; дастархан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет