Циклограмма Бір аптаға 03. 10


Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу



бет4/6
Дата19.09.2023
өлшемі46,54 Kb.
#108842
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
03,10-07.10.2022ж

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Алтын жапырақ".
Мақсаты: балаларды күз маусымының өзгерістерімен таныстыру.
Дидактикалық ойын: "Жапырақтарды түсіне қарай топта".

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу:
"Алтын күз".
Мақсаты: балаларды "Алтын күз" өлеңінің мазмұнымен таныстыра отырып, тақпақты мұқият тыңдауға үйрету.
Дидактикалық ойын: "Жапырақтарды ажырат".

Театрды сахналау. "Қызыл телпек" ертегі желісін маскамен сахналау.




Мүсіндеуден ойын-жаттығу:
"Саңырауқұлақтар".
Мақсаты: екі бөлшектен тұратын заттарды, оларға тән пішіндерін бере отырып , сомдай біліктерін нығайту; жұмыс кезінде қырнауышты дұрыс пайдалануға үйрету.

Құрастырудан ойын-жаттығу:
"Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат".
Мақсаты: балаларды жасымықтан саңырауқұлақтың қалпақшасын, қарақұмықтан саңырауқұлақтың түбіртегін, құрмадан саңырауқұлақ орналасқан шөпті құрастыруға үйрету.

«Балықшы».


Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер: аквариум суреті, балықтар. Ойынның барысы: балалар суреттегі аквариумнан балықтарды аулап алады да, балық қандай түсті екендігіне айтады.

Балалармен жеке жұмыс

«Әдемі кілемшелер».
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін үрдістерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.

Жаңылтпаш жаттайық.
1) Доп деп,
Дөп теп.
2) Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.
3) Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

Кел, жазайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет