1. Дене шынықтыру(маманның жоспары бойынша)
2.Жапсыру Тақырыбы: «Гүлдер»
Мақсаты: Гүлдер туралы білімдерін кеңейту; түстерді айыра білуге, эстетикалық тұрғыда қабылдай алуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Өздерінің ойларын жеткізе білуге баулу.
1. Дене шынықтыру(маманның жоспары бойынша)
2.Көркем әдебиет Тақырыбы: «Гүлді жұлма ботам» А.Хамзин
Мақсаты: Әңгімені тыңдап, мазмұнын айтып беруге үйрету. Әңгімені айту барысында көңіл-күйін құмылтып,дауыс ырғағын өзгертіп айту. Шығарманы мұқият тыңдау. Әдемілікті сезінуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
3. Сурет салу Тақырыбы: «Әдемі гүлдер»
Мақсаты: Балаларға сурет салуды үйрету,есте сақтау қабілетін дамыту, сурет салуда әртүрлі әдіс-тәсілдері қолдана білуге дағдыландыру. Тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Бақылау: Балабақша ауласының тазалығын бақылау.
Мақсаты: тазалыққа, әсемдікке баулу. Еңбек сүйгіштікке, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Кім шапшаң?»
Еңбек: Ауладағы қағаз және ағаш қалдықтарын жинастыру.
Бақылау: Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістерді аңғаруға және айтуға үйрету. Желдің бағытын қалай білу керектігін түсіндіру. Өз ойларын толық жеткізе білуге жұмыстану.