1.Музыка(маманның жоспары бойынша)
2.Жаратылыстану Тақырыбы: «Табиғат-туған үйіміз»
Мақсаты: Балаларды туған өлкенің табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру. Көргендерін суреттеп беруге дағдыландыру арқылы сөйлем құрап айта білуге бейімдеу. Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез- құлық ережелерін сақтап, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
1. Дене шынықтыру(маманның жоспары бойынша)
2.Көркем әдебиет Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»
Мақсаты: Балабақшада балалардың ертегі арқылы тілдерін дамыту, шығармашылығын дамыту, ертегіні мазмұнына сахналауға үйрету, рольде ойнау шеберліктерін жетілдіру, театр өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
3. Сурет салу Тақырыбы: «Бауырсақ қалай домалайды»
Мақсаты: Оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту
1. Дене шынықтыру(маманның жоспары бойынша)
Серуенге дайындық
Киіну, серуенге шығу
Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу
Серуен(бақылау, еңбек, ойын)
Бақылау:Желді бақылау
Мақсаты:табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Қимылды ойын:«Ең мерген кім?»
Еңбек: Қокысты тазалау
Мақсаты:бір-біріне деген жағымды көзқараста болуға тәрбиелеу.
Бақылау: Бақбақ гүліне бақылау жасау.
Мақсаты: Гүлзарда өсіп тұрған бақбақ гүлінің жапырағын, гүлін қарап басқа гүлден өзгешелігін ажыратып айта білуге үйрету. Гүлдер ауламызды көрктендіріп тұрғанын айту әңгімелеу.