бет 27/61 Дата 07.01.2022 өлшемі 2,54 Mb. #19692
Байланысты:
ДЕКАБРЬ ЦИКЛОГРАММА 2020 2. Орыс тілі
3.Дене шынықтыру.
Шапшаң және баяу қарқынмен ауыса отырып жүгіру. Шеңбер түрінде салынған арқан бойымен тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету. Түрлі бағытта төрттағандап еңбектеу.
I.Кіріспе бөлім.
Бір қатар сапқа тұру.
Сәлемдесу.
(нұсқауларды орындау)
.Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Жалпы дамыту жаттығулар:
(шығыршықтар)
«Бұрылыс»
Б.қ.: аяқ иық көлемінде алшақ , шығыршықтың екі шетінен ұстау, қол төменде.
1.Екі қолды алға созу
2.аяқты қозғалтпаған күйде шығыршықты оңға, солға бұру.
3.Б.қ. келу
«Кезек-кезек»
Б.қ.: аяқ арасы иық көлеміндей алшақ , қос қолмен шығыршықты ұстап тұру.
1.Қос қолдағы шығыршықты оң жақта оң қолмен ұстап тұру.
2.Келесі қолға ауыстыру
3.шығыршықты сол жақта сол қолмен ұстап тұру.
4.Б.қ. келу.
«Алға иілу»
Б.қ.: аяқ арасы алшақ , қол төменде.
1.шығыршықты кеуде тұсында ұстау.
2.Шығыршықты жоғары көтеру.
3.Алға иілу
4.Б.қ келу
«Көлік айдаймыз»
Б.қ.: екі аяқ бірге, шығыршық кеуде тұсында.
1.шығыршықты алға созып , руль сияқты ұстау.
2.Көлік айдап отырғандай шығыршықты екі жаққа бұру.
3.Б.қ. келу
Тыныс алу:
-аяқ арасы алшақ, шығыршықты қос қолмен екі шетінен жоғары көтеру , ауа жұту.
-шығыршықты кеуде тұсына әкенеліп, мұрынмен дем шығару.
Достарыңызбен бөлісу: