ҰОҚ өтілу барысы:
1.Шаттық шеңбер
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз, Барша жанды құрметтеп Бас иеміз біз.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Телефон шырылдау.
Хабарлама келу.
-Ия балалар дәрігерден келген екен
Тәрбиеші хабарламаны оқиды.
Саламатсыздарма балалар!
Балалар өз дене мүшелеріңді білесіңдерме?
Қане бәріміз бірге айтып көрейікші (Бас, мойын, қол, кеуде, аяқ)
Қ .Мырза Әли
-Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін!
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін!
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
-Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін!
- Ал аяғың?..
- Шетте жүрсем,
Туған жерге қайту үшін!
Өлең жолдарының мағынасын түсіндіру.
Дид ойын: «Адам денесін құрастыр»
Біздің дұрыс өсуімізге күн, ауа, және су керек екен.
Табиғатты және өзімізді қорғауымыз керек.
Қортынды
Балаларды мадақтау.
Смайлктер беру.
2.Денешынықтыру
Мақсаты: (БК)
Қатарда жүру, аяқ ұшымен, өкшемен, жай жүгіруге, тоқтап қайта жүгіруге, допты мақсатты домалатуға үйрету. Жалпы дамыту жаттығуларын дұрысүйрету, негізгі қимыл түрлерін дамыту.
ҰОҚ өтілу барысы:
1. Балалармен амандасу
2.Тәрбиешінің артынан шеңбермен жүру.
«Орман аңдары»
1. «Аю» Қолды белге қойып, (қорбандап) табанды нық басып жүру.
2. «Түлкі» Қолды жанға ұстап, (қуланып) бір сызықпен жүру.
3. «Көжек» Қолды кеуденің алдында иіп, қос аяқпен секіру.
4. «Қасқыр» Баяу жүгіру, жылдам жүгіру.
Достарыңызбен бөлісу: |