Циклограмма қыркүйек айы Мектепалды даярлық тобы



бет70/214
Дата19.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69097
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   214
Сөйлеуді дамыту
«Біз еңбекқор баламыз»
(сурет арқылы әңгіме құрастыру)
Шығармашылық əңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен əңгіменің жалғасын жəне соңын ойдан шығару; сипаттау жəне хабарлау əңгімелерін шығару, байланысқан бірізді сюжетті құрастыру, сөйлегенде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
10 саны
Көрнекі негізінде 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыру. 10 көлеміндегі санды тура жəне кері санауға үйрету. Заттардың (5 жəне одан артық) ұзындығын
белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу жəне кему ретімен орналастыруға үйрету
Сурет салу «Пиала»
Балаларға түрлі материалдар: қарындаштарды, бояуларды қолдануды үйрету. Түзу сызықтардың түрлі байланыстарымен құрылған қазақтың (1–2) өрнектерінің суретін салу. Элементтерді пішіндер мен сұлбалардың ортасы мен шеттеріне орналастыра білу. Қазақ оюларының көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктері мен оларға тəн элементтерін қолдана отырып, құрастыра білу іскерліктерін дамыту.
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Күн, ауа және су-біздің ең жақсы достарымыз.
Табиғи факторлардың
көмегімен шынығудың ережелері және маңызы.Балаларды табиғи факторлардың, алуан түрлі жаттығулардың көмегімен
ағзаны шынықтыру ережелерімен таныстру. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру; салауатты өмір салтын, өз денсаулығын сақтау дағдыларын дамыту.
Өзінің денсаулығына және қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу

Сауат ашу негіздері
Дыбыстық талдау «АРА»
Дауысты және дауыссыз дыбыстар. «Р» дыбысы
Дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен
таныстыру. Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Дыбыстық құрылымы əртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау
жасауға, дыбыстардың айтылу жəне дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету. Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға
үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет