Циклограмма қыркүйек айы Мектепалды даярлық тобы



бет75/214
Дата19.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69097
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   214
Байланысты:
МАД циклограмма

Дене шынықтыру
1.Секіру. Сапқа тұру (далада)
Оң жəне сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м) секіруді үйретуді жалғастыру. Сап түзеуден үш қатармен қайта тұруға үйрету

Сөйлеуді дамыту
«Менің Отаным»
Тыңдау жəне тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру, диалог түрінде сөйлеуге үйрету. Негізгі ойды дұрыс жеткізуге, монологтық ойларын байланыстырып құра білуге, əнгімені бірізді жəне нақты айтуға, шағын сипаттау жəне хабарлау əңгімелерді құрастыруға үйрету
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тура жəне кері санау
Математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру. 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды
тану жəне атай білуді үйрету. Заттарды шамасына қарай өсу жəне кему ретімен орналастыруға үйрету. Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тəулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру
Сурет салу
«Гүлдене бер, Казахстан»
(ұжымдық жұмыс)
Бейнені айқындау құралдарын,
ересектердің еңбегін, қоғамдағы оқиғаларды қолдана отырып, балаларды алған əсерлерін көрсете білуге үйрету. Бір мазмұнға біріктіре отырып, бірнеше заттардың суреттерін бейнелей білуге үйрету. Заттардың шамасы мен үйлесімділіктегі айырмашылығын бере білуге үйрету. Бояумен
жұмысты жетілдіру (бояудың қажетті қоюлығын алу үшін, акварель бояуын
сумен араластыру).
Дене шынықтыру
Секіру. Футбол Оң жəне сол аяғын кезектестіріп секіруді үйретуді жалғастыру. Доппен затты айналдыра жүруге үйретуді жалғастыру

Сауат ашу негіздері
Дыбыстық талдау «ОРА»
«Р» дыбысы
Қолды жазуға дайындау.
дыбыстық құрылымы əртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу жəне дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету; Жазу кезінде арқаны жəне қолдарды дұрыс
ұстау ережелерімен таныстыру. Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.Ұзын жəне қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды жазуға жаттықтыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет