Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті.
Түскі ас
Балалардың назарын тағамға аудару, Орындықты шайқамай отыр, Қасықты дұрыс ұста
Ұйқы
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
Аудио ертегі тыңдату
Музыкалық киіз үйден бесік жырын тыңдату
Ертегі оқып беру
Балалар әндерін тыңдату
Аудио ертегі тыңдату
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары
Қалыпты жағдай - аяқты алшақ, қолды белге. «Тик - так» - сағаттың тіліндей оңға, солға иілу. Қалыпты жағдай – аяқты алшақ қою, қол төменде, екі қолды жоғары көтеру «Күнге қол созамыз».Массаж жолдармен жүргізу
Бесін ас
Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
Ойындар, дербес әрекет Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс
«Табиғат әлемі» тақырыбына суретті түрлі-түс пен сурет салу.
Мақсаты: Балалардың қиялына ерік беру, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
М.Р.О «Орманшы»
Құрылыс материалдарымен және конструкторлармен ойындар.М.Р.О «Отбасы»
Апта тақырыбы бойынша альбомдар, сюжетті картиналар қарастыру,
Ірі құрылыс материалдарымен ойындар..
М.Р.О «Сән салоны»
Сюжеттік ойыншықтармен ойындар, ертегі оқып беру;үстел үсті театры және т.б
М.Р.О «Зоопарк»
Ойын терапиясы. Сюжетті-рөлдік ойын «Қонақта».
Мақсаты: баланың ақыл-ойын дамыту.Ірі құрылыс материалдарын құрастыру
Серуенге дайындық
Киіну, серуенге шығу.
Серуен
Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу.
Ағаштарды бақылау
— күз мезгілі туралы жалпы білімдерін қалыптастыру;
— қайың мен терек ағашын діңдері мен жапырақтарына қарап айыра білуге үйрету;
— ағаш бөліктері туралы білімдерін тиянақтау (діңі, бұтағы, тамыры);
туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу
Басқа ағаштар арасынан қайыңды қалай табамыз?
Қайың діңі қандай? (ақ қара дақтармен.)
Қайыңның тағы қандай бөліктері бар? (діңі, тамыры, бұтағы)
Ағашқа тамыр не үшін керек?
Күзде қайың жапырағының түсі қандай? (сары.)
Жазда қандай еді? (жасыл.)(терекпен де осындай жұмыс жүргізіледі)
Қысқа ең алғашқы дайындалатын қай ағаш?