Күн тәртібі
|
Уақыты
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Балаларды қабылдау.
Ата-аналармен әңгімелесу.
|
8.00-8.30
|
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға әртүрлі ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
|
Ойындар
(үстел үсті, саусақ және т.б )
|
«Менің балабақшам»
Суреттер әлеміне саяхат
|
«Пішіндерді орналастыр» ойыны
Мақсаты: пішіндерді ұяшықтарға түстеріне және көлеміне сәйкес орналастырады.
|
«Өз үйін тап» ойыны
Мақсаты: үлкен – кіші ұғымдары туралы түсінік беру.
|
«Өз орнын тап» ойыны
Мақсаты: түстерді тануға үйрету.
|
Үстел -үсті ойыны пазл: «Үйшік құрастыр»
Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту.
|
Таңертеңгілік гимнастика
(5 мин)
|
Жаттығулар кешені. (Жан-жақты дамытушы жаттығуы)
|
Таңғы ас
|
8.30 – 9.00
|
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың. Астарың дәмді болсын!
Ас уақытында балаларға тамақты таусып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету.
|
Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық
|
09.00-09.20
|
Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың (белсенділік орталықтары) материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындау
|
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырыл-
ған оқу кестесі
|
9.20 – 10.00
|
1.Денешынықтыру
Құм салынған қапшықты жәшікке лақтыру.
Аласа орындық үстінде еңбектеу. Қимылды ойын: «Көбелекті ұста»
|
1.Жаратылыстану
Тақырыбы: «Алақай жаз келді»
Мақсаты: Жаз мезгілімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстыру (күннің көзі нұрын шашады, адамдардың киіміне назар аудару).
Дидактикалық ойын: «Шіркейлер»
2.Музыка
|
Сенсорика
Тақырыбы: «Көңілді балықшылар»
Мақсаты: Балаларды әртүрлі тәсілдермен судан затты алу дағдысын жаттықтыру.
Ойын жаттығу: «Балық аулау»
2. Дене шынықтыру
Бір және екі қолмен допты еденге ұру.
Таспалардан аттап өту. Қимылды ойын: «Менің көңілді добым»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Жазда» (өлең) Нәсіпбек Айтов
Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, жайқалған жаз, жазғы қызықтар туралы түсінік бере отырып суреттерде бейнеленгендер туралы айтып беру дағдыларын бекіту.
2 Музыка
|
. 1.Сурет салу
Тақырыбы: Балықтар жүзеді
Мақсаты: Аквариумды бояуда балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суретін толықтыру) қызығушылықтарын бекіту.
Дидактикалық ойын: «Балықтардың түстерін ата»
2. Дене шынықтыру
Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
Доптарды бір-біріне домалату. Қимылды ойын: «Көлшік судан атап өт»
|
Екінші
таңертегі ас
|
10.00-10.20
|
Балалардың назарын тағамға аудару. Ас болсын балақай!
|
Серуенге_дайындық__10.20-10.30'>Серуенге дайындық
|
10.20-10.30
|
Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.
|
Серуен
|
10.30-11.30
|
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.
Аулаға ұшып келетін құстарды бақылау
Мақсаты: құстарды тануға, дене бөліктерін атауға үйрету; құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Ересектің көмегімен қарапайым тапсырмалар ( Мысалы: гүлдерді суару)
Мақсаты: қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету.
Қимылды ойындар: «Күннің көзі мен жаңбыр»
Мақсаты: Бір-біріне қақтығысып қалмай жүгіруге үйрету.
|
Серуеннен оралу
|
11.30-11.50
|
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, өз шкафтарын тауып көрсетуге үйрету. Гигиеналық шараларын ұйымдастыру.
|
|