1- остеобласттар 2-остеоциттер 7.Шеміршектің аппозициялық өсуі туралы сұраққа жауабында студент өсу шеміршек қабының ішкі қабатындағы жасушалардың көбеюінен жүзеге асады десе, екінші студент оған қарсы, ол изогенді топтағы хондроциттердің синтездік қызметінің нәтижесінде жүреді,-деп жауап берді. Қай студенттің жауабы дұрыс?
1-ші студенттің жауабы дұрыс. Себебі шеміршекқап (перихондрий ) 2 қабаттан тұрады. Шеміршектің сыртқы қабаты - коллаген талшығынан, ал iшкiсі-шемiршек жасушаларынан тұрады. Бұл жасушалар камбиальды жасушалар.Мұнда жетiлмеген жасушалар нақтыланып, жас шемiршек жасушасы - хондробласт жетiледi. Шемiршектің өсуi шеткi шемiршек қабығы жасушаларының жетiлуiнен, көбеюiнен, бетiнде жаңа қабат қыртысы түзiлу жолымен (аппозициялық өсу) және жас шемiршек бөлiмiнде жасушалар көбеюiнен, жасуша аралық заттек мөлшерiнiң артуынан (аралық, интерстициальдi өсу) жүредi. 8. Адамның гиалинді шеміршегінің препараты берілген. Бірінші препаратта изогенді анық көрінеді, әртүрлі дифференсация сатыларындағы жасушалардан тұрады, жасушааралық заты мөлдірлеу(полупрозрачное) , гомогенді, екінші препаратта изогенді топтардың хондроциттері гипертропты, вакуольдері бар, кейбір жасушалар тіршіліктерін аяқтаған.Жасушааралық затыкей жерлерде минералданған.Осы препараттардың қайсысы гистологиялық құрылысы бойынша жас және егде адамдардың гиалинді шеміршегіне сәйкес келеді?
9.Сүйектің дамуының препаратын зерттеу барысында бірінші препаратында остеогенді аралшықтар бар, ал екіншісінде энхондральды сүйек, шеміршек қалдықтары бар. Осы препараттың қайсысы сүйектің мезинхимадан дамуына (тура остеогенез) және қайсысы мезинхимадан шеміршектің орнына дамуы (тура емес остеогенез) сәйкес келеді? Біріншісі – Тура остеогенез. Екіншісі – Тура емес остеогенез. 10. Шеміршек тінінің гистологиялық препаратында көптеген жуан, бір-біріне параллель орналасқан коллаген талшықтары көрінеді. Шеміршек тінінің қай түрі берілген?Зерттеуге алынған материал қай мүшеден алынған?
Талшықты шеміршек. Талшықты шеміршек тіні - омыртқа аралық дискіде, қозғалысы аз байламдарда, талшықты дәнекер тінінің гиалинді шеміршекке айналатын жерлерінде (байламдар мен сіңір) кездеседі.