Цитологиялық негіздері. Мейоз. Мейоздың генетикалық мәні



бет1/5
Дата17.04.2023
өлшемі140,7 Kb.
#83532
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1692340569118 ОГ Дәріс 2


Тақырып 2. Тұқым қуалаудың цитологиялық негіздері.

Цитологиялық негіздері. Мейоз. Мейоздың генетикалық мәні.


Лекция мақсаты:студенттерге тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері, хромосомалардың құрылысы, химиялық құрамы, екі еселенуі, кариотип, нуклеин қышқылдары және оның түрлері, репликациясы, гаметогенез туралы түсінік беру.
ЖОСПАРЫ
1. Клетканың тұқым қуалаушылыққа қатысы.
2. Хромосомалар, олардың морфологиялық құрылысы мен құрылымы.
3. Хромосомалардың химиялық құрамы және репродукциялануы.
4. Кариотип.
5. ДНҚ және оның репликациясы.
6. Репликация қателіктерін түзеу.
7. РНҚ және оның түрлері.
8. Мейоз және митоз
9. Гаметогенез
Лекция мәтіні:
1. Жынысты жолмен көбейетін ағзаларда тұқым қуалаушылыққа жауапты ұрпақтан-ұрпаққа берілетін материалдың ата-анадан ұрпаққа берілуі ұрықтану процесінде, яғни аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуы кезінде жүзеге асады. Олай болса тұқым қуалайтын информацияның сақталатын орны клетка болып есептеледі.
Өсімдіктер мен жануарлардың клеткасының құрылысында кейбір өзгешеліктер болғанымен олардың барлығы да цитоплазма мен ядродан тұрады. Ал ядро мен цитоплазма бір-бірімен тығыз байланысты біртұтас тірі жүйе. Ядро цитоплазмасыз немесе цитоплазма ядросыз тіршілік ете алмайды.
Цитоплазманың құрамында органоидтар болады. Олар митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық тор және тек өсімдік клеткаларында кездесетін пластидтер. Клетканың бұл құрылымдық элементтерінің әрқайсысының өзіне тән құрылысы мен атқаратын қызметтері бар.
Ядроның пішіні әр түрлі, көбінесе дөңгелек немесе сопақ болып келеді. Мөлшері онша үлкен болмайды, оның диаметрі 10-30 мкм-ден аспайды. Ядрода негізінен тұқым қуалаушылыққа жауапты генетикалық материал жинақталады және ол клеткадағы тіршілік процестерін реттеуге қатысады. Ядрода хроматин, ядро шырыны, 1-2 ядрошық және ядро мембранасы болады. Ядрошықта көп мөлшерде РНҚ кездеседі және оның р-РНҚ мен белок-гистондардың синтезінде маңызды орын алатындығы анықталды. Ядролық мембрананың саңылаулары арқылы РНҚ цитоплазмадағы рибосомаларға өтіп, одан белок синтезіне қатысады. Ядрошықта жасалатын белок-гистондар хромосоманың құрамына енеді. Ядро шырыны жартылай қоймалжың зат. Оның құрамында хроматин болады, сондықтан хромоплазма деп аталады.
2. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі болып саналатын зат – хромосома. Ол негізінен клетка ядросында орналасады. Ал хромосоманың өзін көріп, құрылысымен танысу тек клетканың бөлінуі кезінде ғана мүмкін болады.
Жалпы ағзада клеткалардың екі түрі кездеседі. Олар дене (сома) клеткалары және жыныс клеткалары (гаметалар). Дене клеткалары митоз жолымен, ал жыныс клеткалары мейоз жолымен бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет