Cөж тақырыбы: Бронх демікпесі ұстамасында мейірбике көмегінің алгоритмі



бет5/5
Дата29.09.2023
өлшемі1 Mb.
#111292
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бронх демікпесі ұстамасында мейірбике көмегінің алгоритмі

Гормоналды емді жанама әсерлерінің мүмкіндігіне орай 3 аптадан ұзақ бермеген жөн. Глюкокортикостероидтармен бірге бронхолитиктерді қолдану керек, кейбір жағдайларда, ол гормоналды дәрілердің мөлшерін төмендету мүмкіндігін береді. Екіншілік инфекция кезінде, кортикостероидтармен қатар, антибиотиктер де көрсетілген. Кәрі адамдарда тіпті ең төмен мөлшердегі кортикостероидтардың өзі жанама әсер беруі мүмкін. Сондықтан глюкокортикостероидтарды тек келесі жағдайларда: басқа дәрілерге қоймайтын, бронх демікпесінің ауыр ағымы; астматикалық жағдай; интеркурентті ауру кезіндегі науқас жағдайының бірден нашарлауында қолданылады. Жүрек жеткіліксіздігі дамығанда жүрек гликозидтері, диуретиктер тағайындалады. Өте мазасыз науқастарға транквилизаторлар (триоксазин), бензодиазепин туындылары (хлордиазепоксид, диазепам, оксазепам), дифенилметан туындылары (амизил, метамизил) қолдануға болады. Қақырық түсіретін және секретолитикалық заттар ретінде жиі бромгексин, ацетилцистеин және физиотерапия қолданады. Бронх демікпесін емдеуде емдік дене тәрбиесі, тыныстық жаттығуларға басты назар қойған жөн. Физикалық жаттығулар түрлері мен көлемі әр науқасқа жеке анықталады

Қорытынды

  • Бронх демікпесі-емделмейтін ауру. Терапияның басты мақсаты-күнделікті өмірдің дұрыс сақталуы, физикалық белсенділікті қоса. Приступ басталған жағдайда мейірбикенің көмегі, яғни науқасты ыңғайлы жерге төсек немесе диванға жатқызып, таза ауа бар жоғын қадағалап, кеудесі мен аяғына горчичник басады. Қазіргі кезде астмамен ауыратындар көбінесе қалталық ингаляторларды арнайы заттар қоспасын қолданады.Науқаста бронх демікпесі басталған сәтінде, ол қатты қорқыныш сезімінде болады, мейірбике науқасты тыныштандыру керек. Қазіргі кезде курорттық емдеу орындары өте көп, мұнда аллергиялық ауруларды емдеу шаралары жүргізіледі.

Қолданылған әдебиеттер

  • 1. И.Г Формина “Общий уход за больными”
  • 2. А.А Шептулин, А.М Хохлов, А.Я Гребенов “Основы общего ухода за больными ”
  • 3. И.В.Яромвич “Сестринское дело.”
  • 4. С.А.Мухина “Общий уход за больными.”
  • 5. «Внутренние болезни» I том, глав.редакторы: А.И.Мартынов, Н.А.Мухин, В.С.Моисеев. Москва Гэотар-МЕД 2004
  • 6. А.И Башмакова “Азбука первой помощи”
  • 7. В.Г Веденко “Палатная медицинская сестра”
  • 8. www.google.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет