Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Cпорт және Өнер факультеті
Бейнелеу және сызу кафедрасы
МӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Орындаған: МБС-011 Розметова Мафтуна
Қабылдаған: Маханбетова Ұлмекен
2020жыл
Жоспар
1.Кәсіпорынның инновациялық қызметі
2. Инновациялық қызметтің жаңа ұйымдастырушылық формалары
3.Кәсіпорынның инновациялық қызметінің негізгі түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі заман жағдайында кәсіпорынның табысты қызмет етуін инвестиция мен инновациясыз елестету мүмкін емес. Экономика дамуының нарықтық жағдайы әрқашан өзгерістердің тек сандық жағынан емес, сапалық жағынан да даму міндеттерін алға қояды. Бұл өзгерістерді іске асыру үшін ең озық үлгідегі техниканы, технологияны қолдану керек, жаңашылдықтың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми – зерттеу базаларын үздіксіз дамытып отыру қажет. Ол үшін технологиялық инновацияларды, өнім – инновацияларды, үрдіс - инновацияларды қолдануға болады. Технологиялық инновацияларды қолдана отырып, кәсіпорын өзінің қызметін жаңа технологиялық үрдістерді өңдеу және игерумен байланыстырады. Өнім – инновацияларды қолданғанда, кәсіпорын жаңа өнімдер өндіріп, енгізеді немесе бұрыннан шығарылатын өнімдерді жетілдіреді. Сонымен қатар кәсіпорын болжалды қолданыс аумағы, функционалдық сипаттамалары, конструктивтік орындау, қосымша қызмет белгілері, және де қолданылатын материалдар мен құрауыштары жаңа немесе бұрын шығарылған өнімнен айтарлықтай ерекшеленетін мүлдем жаңа өнім өндіруге ұмтылады. Үрдіс – инновацияларды қолданғанда жаңа немесе айтарлықтай көлемде өзгерген өндірістік үрдістерді өңдеу және игеру талап етіледі. Үрдіс – инновация басқа кәсіпорындардың өндірістік тәжірибесінде бұрын іске асырылған, жаңа немесе жетілдірілген өндіріс тәсілдерін қарастырады
Кез – келген басқа ұйымдар сияқты кәсіпорын да өзінің қызметінде үздіксіз дамуды қажет етеді. Егер кәсіпорынның экономикалық саясаты туралы сұрақтарды қарастыратын болсақ, онда ҒТП дамуын кәсіпорын дамуының ең негізгі мәселелерінің бірі деп санау керек. Кәсіпорынның техникалық дамуы – бұл кәсіпорынның нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірісті ұйымдастыруды, техниканы, технологияны жетілдіру арқылы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қызметі.
Өндірістің техникалық деңгейі келесі көрсеткіштермен сипатталады: жаңа техникаларды өңдеу және енгізу; өндірісте еңбек құралдарын(құрал – жабдықтар, тетіктер) қолдану; негізгі және көмекші жұмыстарды механизациялау және автоматизациялау; жаңа технологияларды енгізу, соның ішінде шикізат, материал, отынды максималды үнемдейтін, қоршаған орта қауіпсіздігін және өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін технологиялар.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі ең алдымен шығарылатын тауардың (қызметтің) бәсекеқабілеттілігіне бағытталады. Бәсекеқабілеттілік – бұл тауардың (қызметтің) бәсекелес тауардан нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі бойынша және де оны қанағаттандыруға кететін шығындар бойынша ерекшелігін көрсететін мінездемесі. Екі негізгі элемент, тұтынушылық қасиеттер мен баға – тауардың (қызметтің) бәсекеқабілеттілігінің негізгі құраушылары болып табылады. Алайда тауарлардың нарықтық келешегі тек өндірістің шығындары мен сапасына байланысты емес. Тауар жетістігінің немесе сәтсіздігінің себебі жарнамалық қызмет, фирма беделі, ұсынылатын қызмет көрсету деңгейі сияқты басқа да (тауарлық емес) факторлар болуы мүмкін.
Сонымен қатар, жоғары деңгейлі қызмет көрсету үлкен тартымдылық туғызады. Осыған сүйене отырып, бәсекеқабілеттілік формуласын келесі түрде көрсетуге болады:
Бәсекеқабілеттілік = Сапа + Баға + Қызмет көрсету
Бәсекеқабілеттілікті басқару дегеніміз - аталған құрауыштардың ең ұтымды байланысын қамтамасыз ету, негізгі күшті келесі мәселелерді шешуге бағыттау: тауар сапасын арттыру, өндіріс шығындарын азайту, қызмет көрсетудің үнемділігі мен деңгейін көтеру. Негізінде, қазіргі кездегі «табыс философиясының» негізі - фирма назарын бәсекеқабілетті өнімді өңдеу, өндіру және өткізу мақсаттарына аударуда болып табылады. Бірінші кезекке ұзақмерзімді жетістік пен тұтынушыға бейімделу қойылады. Компаниялардың жетекшілері табыстылық мәселелерін сапа, өнімнің тұтынушылық қасиеттері және бәсекеқабілеттілік тұрғысынан қарастырады.
Өнімнің нарықтағы орнын, оның өтімділік келешегін, сату стратегиясын таңдауды талдау үшін «тауардың өмірлік циклы» тұжырымдамасы қолданылады.
Өмірлік циклдың әр түрлі кезеңдерінде тұрған тауарлармен бір мезгілде жұмыс істеу тек ірі компаниялардың қолынан келеді. Шағын фирмалар мамандану жолымен жүруге мәжбүр, яғни өздеріне келесі «ампулалардың» бірін таңдайды:
Новатор – фирма, көбінесе жаңашылдық мәселелерімен айналысады;
Инжинирингтік, тауарлардың басқаларға ұқсамайтын модификациясын және дизайнын шығаратын фирма;
Тар шеңберлі мамандандырылған даярлаушы фирма, көбінесе оңай өнімдердің жаппай шығарылымының субжабдықтаушысы;
Жоғары сапалы дәстүрлі өнімдер (қызмет) шығарушы.
Тәжірибе көрсеткендей, шағын фирмалар нарыққа кіру және одан шығу кезеңдерінен өтетін тауарлар шығарылымында белсенді жұмыс жасайды. Мәселе әдетте үлкен фирмалардың жаңа өнімдер шығарылымына алғаш болып бара бермеуінде. Себебі, мүмкін болатын сәтсіздіктің салдары қайтадан пайда болған шағын фирмаларға қарағанда, үлкен фирмаларға ауыр тиеді. Тауар бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету, негізгі мазмұны инновацияларды іздеу және іске асыру болып табылатын новаторлық, кәсіпкерлік тәсілдерді талап етеді.
Азықтық мақсаттарға алдын ала соя майын жою арқылы соя ұнын(концентраттар мен изоляттар) өнеркәсіптік алу тәсілі қолданылады. Май химиялық препарат – гексан көмегімен жойылады, түпкі өнімдегі оның іздері адам денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін. Бұл үрдісті экологиялық таза үрдістер қатарына жатқызуға болмайтыны белгілі. Алайда, экономикалық жағынан, үлкен масштабты өндірісте майсыздандырылған құрғақ сүт ұнтағы, концентрат немесе изолят түріндегі түпкі өнімнің құндылығын есепке ала отырып, оны экономикалық жоғары рентабельді үрдістер қатарына жатқызуға болады.
Айта кету керек, суды қолданусыз жүретін «құрғақ» өңдеу технологиясында, «ылғалды» технологиямен салыстырғанда, түпкі өнім сапасының төмендеу тенденциясы және өңдеуге кеткен энергияны азайту тенденциясы(яғни, энергетикалық көрсеткіштерді жақсарту) айқын қадағаланып отырады, мысалға «соя сиыры» көмегімен.
Соя бұршағының құрамында ауа құрамында болатын, оттегімен тез тотығатын, көптеген биологиялық және химиялық белсенді элементтердің болатындығын ескеретін болсақ, жағдайды оңай түсіндіруге болады(соя сапалылығы үгітілген, уатылған тұқым санымен анықталады). Тұқым қабығының зақымдануы оның тез тотығуы мен майлық компоненттерінің қышқылдануына әкеледі.
Осымен бір қатарда айта кету керек, қыздырылатын сұйықтықтың жоғары жылу сиымдылығы және соя дәнінің төмен концентрациясы салдарынан, «ылғалды» технологиямен бұршақ өңдеу энергетикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылады.
Аталған қарама – қайшылық «ылғалды» және «құрғақ» технологиялардың артықшылықтарын біріктіру туралы ойға бағыттайды. Яғни, гидромодуьде өңделген, суда жоғары концентрациялы дән қоспасын өңдеу, яғни, оттегінің қатысуынсыз. Бұл мағынада ТЕКМАШ® гидродинамикалық өңдеу технологиясын «құрғақ» және «ылғалды» технологиялардың артықшылықтарын біріктіретін компромисс ретінде қарастыруға болады.
Осы тұрғыда атап өту керек, экономикалық теория классиктерінің бірі А. Маршалл кәсіпкерлікті нарықтық экономиканың түпкі қасиеті, негізгі белгісі деп есептеген.
Инновациялық стратегияның негізгі алғышарты болып шығарылатын өнімнің және технологияның моральды тозуы табылады. Осыған байланысты әр үш жыл сайын кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің, технологияның, құрал – жабдықтар мен жұмыс орындарының аттестациясы жүргізіліп отырылуы тиіс, тауарды өткізу каналдары мен нарық талдануы керек. Басқаша айтқанда, бизнестің рентгенограммасы жүргізілуі керек.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі шығындық көрсеткіштермен, инновациялық үрдістің динамикасын сипаттайтын жаңару көрсеткіштерімен және де құрылымдық көрсеткіштермен сипатталады. Шығындық көрсеткіштерге кәсіпорын шығаратын өнімнің ғылыми сыйымдылығын сипаттайтын, сату көлемінде ҒЗТКЖ – на жұмсалатын салыстырмалы шығындарды, лицензияларды, патенттерді, ноу – хауды алуға кететін салыстырмалы шығындарды, бастамашыл өңдеу жұмыстарының дамуы үшін фондтардың болуын жатқызуға болады. Инновациялық процестің динамикасын сипаттайтын көрсеткіштерге ТАТ (Turn – Around - Time) инновациялылығының көрсеткішін, жаңа өнімді(жаңа технологияны) өңдеу үрдісінің ұзақтығын, жаңа өнім өндірісі дайындығының ұзақтығын, жаңа өнім өндірістік циклының ұзақтығын жатқызамыз. Жаңару көрсеткіштеріне жаңашылдық - өнімдер мен жаңашылдық – үрдістердің өңдеу мен енгізудің санын, өнім портфелінің(2, 3, 5, 10 жылда шығарылатын өнімдердің салыстырмалы салмағы) жаңару динамикасының көрсеткіштерін, алынған жаңа технологиялар(технологиялық жетістіктер) санын, экспортталатын инновациялық өнім көлемін, ұсынылатын жаңа қызметтер көлемін жатқызамыз. Құрылымдық көрсеткіштерге зерттеуші, өңдеуші және басқа да ғылыми – техникалық құрылымдық бөлімшелердің(бұған сынаушы және эксперименталды зертханаларды қоса) құрамы және саны, ҒЗТКЖ – мен айналысатын қызметкерлердің құрылымы мен саны, уақытша бастамашылдық шығармашылық бригадалардың құрамы мен саны.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы қорытындылайтын болсақ, қазіргі таңда кәсіпорынның жемісті қызмет етуін инновациясыз елестете алмаймыз. Нарықтық экономика жағдайы әрқашан өзгерістердің тек сандық жағынан емес, сапалық жағынан да даму міндеттерін алға қояды. Бұл өзгерістерді іске асыру үшін ең озық үлгідегі техниканы, технологияны қолдану керек, жаңашылдықтың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми – зерттеу базаларын үздіксіз дамытып отыру қажет. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде «инновация» жаңа өнімдер мен технологияда көрінетін әлеуметтік ғылыми – техникалық прогрестің нақты іске асуы деп түсіндіріледі. Социолизм дәуірінде ұзақ жылдары жаңа енгізілім мәселелері ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық зерттеулерімен ғана шектеледі. «Инновация» деген термин Қазақстанда өзіндік және өзінен туынды түсініктерді айқындауға соңғы жылдары кең қолданыла бастады.
Нарықтық экономика жағдайында инновацияны жүйелі сипаттау әдістемелігі халықаралық стандарттарға сүйенеді. Осыған сәйкес инновация жаңа және жетілдірілген түрінде нарыққа енгізілген өнім, тәжірибеде қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесте көрінетін инновациялық қызметінің соңғы нәтижесі деп анықталады. Инновациялық процесс инновация құру, игеру, тартумен байланысты. Бұл процесс шеңберінде инновацияны өндірушілер пайда алу мақсатында жаңалықтарды құрап, оны тұтынушыларға жеткізеді. Ойдың тууынан басталып, оның коммерциялық іске асуымен аяқталған процесс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Влияние инновационной деятельности на развитие предприятия» диссертациялық жұмыс, Бармашова Л. В
«Инновационный менеджмент» учебник 3 – е издание, Ильенкова С. Д
«VITA» АҚ – ның ресми сайты www.vitasoy.ru
www.soyfoods.com
Қазақстан кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі, статистикалық бюллетень, №4 2010
«VITA» АҚ – ның бухгалтерлік балансы мен жиынтық табыс туралы есебі
www.google.kz
Достарыңызбен бөлісу: |