Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Стиль түзуші прагматикалық фактор



бет10/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Стиль түзуші прагматикалық фактор
Прагматиканың күрделі көп аспектілі сала екендігіне ғалымдар о бастан-ақ назар аудара бастаған. Әлемдік және орыс тіл білімінде прагматикаға қатысты зерттеулердің көбі лингвистикалық талдаулардың өн бойында прагматикалық фактордың бар екеніне көңіл аударды. Бұның басты себептері тілді зерттеулердің жаңаша бағыттарымен байланысты болды. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшуі тілді адаммен, адамды тілмен бірге қатыстыру мәселесін негізгі ұстаным етіп алды. «Тіл мен адам арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін прагматика» тілдік емес факторлардың ішінде прагматикалық фактордың бар екенін толық дәлелдеп берді.
Стилистиканың прагматика, психология, гносеология, логика сияқты лингвистикалық емес пәндермен байланысы прагматикалық фактордың маңызын жан-жақты айқындауда. Фунциональдық стильді түзуші, қалыптастырушы экстралингвистикалық факторлар туралы орыс және әлемдік тіл білімінде талай уақыттан бері айтылып келеді.
Прагмалингвистика адамның статусы 3 бағытта қарастырылуы керектігін айқындайды:

  1. конверсациялық (сөйлеу актісі),

  2. функциональды (риторика-стилистикалық),

  3. психолингвистикалық.

Психологияда «жеке субъектінің», «адресант» немес дара стильдің қызметі нерв жүйесінің типологиялық қасиетіне байланысты деп қарастырады.
Қазақ тіл ғылымында эксралингвистикалық факторлар туралы Р. Сыздық, М. Серғалиев еңбектерінде қарастырылып жүр. Бірақ экстралингвистикалық факторлардың тағы басқа типтері туралы әлі толық зерттеліне қойған жоқ. Тілден тысқары тұратын экстралингвистикалық факторлардың табиғатына үңілген сайын прагматикалық фактордың ерекшелігі айқындала түседі.
Прагматикалық фактор прагматиканың орталық категориясы болып табылады. Ауызекі сөйлеу стилиндегі тілдік-стильдік ерекшеліктердің барлық табиғатты прагматикалық факторларға негізделеді.
Ғылыми стильдегі ойлау, көркем әдебиет стиліндегі бейнелеу, публицистикалық стильдегі ықпал ету қызметін стиль жасаушы фактор ретінде алып қарастырғанда оның негізгі прагматикалық фактор арқылы өтеді.
Прагматикалық фактор- адресант және адресат. «Тіл мен адам арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін прагматика» прагматикалық факторға тікелей тәуелді.
Прагматикалық факторларға жататындар: адренсант (субъекті, айтушы) және адресат (сөзді қабылдаушы, тындаушы).
Прагматикалық факторға жататын айтушы мен қабылдаушы барлық коммуникативтік процесті құраушы, ұйымдастырушы және жүзеге асырушы ретінде танылады. Сөздің субъектісі дискурс пен мәдениетін таратушы. Прагматикалық фактордың өкілдері жекетұлға ретінде қазіргі мәдениеттің барлық жиынтығын таратушы: тіл мәдениеті, ойлау мәдениеті, қарым-қатынас мәдениеті т.б. Адам- жан мен рух моделі, сондықтан физиологиялық, биологиялық құбылыс және рухани, эстетикалық бағдарын жиынтығы ретінде танылады. Адамның осы қасиеттерыне байланысты прагмастилистикалық қызметі толық көрінбейтіндігі ескеріледі. Көркем әдебиетте автордың баяндауында үндемей қалды деген сөйлем арқылы берілсе, ауызекі сөйлеу стилинде жеке тұлға стилистикалық мәнерді қабылдауымен анықталып отырады. Адресант (айтушы) мен адресанттың (қабылдаушы) қызметін салыстыратын болсақ, онда айтушыға қарағанда тыңдаушының рөлі өте маңызды. Бірақ бұл жерде мына нәрсеге ерекше назар аудару керек. Адресант пен адресаттың физиологиялық және психологиялық табығатының ортақтығы ескеріледі.
Адресант әлеуметтік топ өкілі
психологиялық тұлға
Адресат интеллектуалды тұлға
«сезім тілінің» иесі

Адам өзінің ақыл-ойымен танымдық көзқарасымен және интеллектуалдық мәдениетімен, ойлау дәрежесінің сапалы түрде ұйымдастырылған ниет-пиғылымен мынандай коммуникативтік жетістіктерге жетеді: сөйлеу актісін ынтасымен тыңдайды, айта біледі, қарым-қатынастың қалыпты сарынын сақтайды, өзінің түпкі ойының жүзеге асуын қамтамасыз етеді, ең бастысы стиль ұсынады.


Адресант және адресат сөздің коммуникативтік сапасын толық игере отырып жеке тұлға ретінде стиль түзуші прагматикалық фактор ретінде таныды.
Сөйлеу қарым-қатынасының постулаттарында адресант төмендегі ескертпелерді есінде ұстауы керек:

  • анық айта білу (жалпы постулат)- түсініксіз сөзден қашу;

  • қысқа, нақты сөйлеу (көп сөзді қолданбау);

  • бір сөзді болу (сөзді ұйымдастыра білу).

Адресант стилін толық өз мәніне лайықтап құра білу үшін эстетикалық және моральдық постулаттарының бар екенін жадында ұстауы керек, оларға мыналарды жатқызуға болады: тыңдаушымен қарым-қатынаста әдепті болу; дөрекі сөзден қашу, белгілі тақырыпта бейтаныс адамдарға сөйлеуге шек қою т.б.
Прагматикалық фактор немесе субъектінің статусы қарым-қатынас аясына адренсаттың жеке басына және қарым-қатынасқа түсетін адресанттың әлеуметтік мәртебесіне, қасиетіне, қоғамдық қызметін және стиль түрлеріне қарай өзгеріп отырады. Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактор дайындықсыз айтылады, бірақ адресанттың ойы, пиғылы ситуацияға қарай өзгеріп отырады. Жүр, шығарып салайын адресант адресатқа айтатын сөзі болғандықтан, сол мақсатын жүзеге асыру үшін айтып тұр. Мен сенімен... бірге кетеміз деген тілдік нормадан ауытқыған сөйлемде адресант адресатты (бейвербалды тілдік тәсілді есепке ала отырып) түрткі ой тастауға итермелеп тұр.
Барлық стиль түрінде стилистикалық категорияны беретін адресант-субъект. Ғылыми стильде адресант адресатқа бағалау категориясын бергенде өзінің прагматикалық мақсатын ескеріп отырады. Оның әр түрлі себептері бар. Атап айтқанда, ғылыми ортаның этикасын сақтайды, ғылыми ортаның «ғылым мәдениеті аясынан» шықпауды көздейді, сондықтан адресант өзінің білім аясының жетістігін, нәтижесін көрсетіп, қабылдаушы да «ғылыми ортаның» жалпы прагматикалық ерекшелігін толық есепке алып отырады.
Публицистикалық стильде субъект өзі баяндап отырған зат-құбылысқа әр түрлі көзқарас тұрғысынан келгендіктен, соған лайықты стилистикалық категорияларды іріктеп алады, бірақ стилистикалық категориялардың қайсысының басым түсуі айтушымен қабылдаушының қарама-қарсы көзқарасынан туындайды.
Ғылыми стильде профессор мырза, сізді шығарып салуға рұхсат етіңіз (таза өтініш)
Адресант өз ниетін жүзеге асырғысы келіп тұр. Профессор мырза, сізді шағарып салуға рұқсат етесіз бе?, адресант құрмет тұтуды прагматикалық нысанға алып отыр, адресантта бөтен ой жоқ, тек мәдени субкодты пайдаланады. Профессор мырза сізді шығарып салайын деп едім (ізеттілік көрсетіп тұр), бұл сөйлемде адресанттың интеллектуалдық дәрежесі көрінеді. Ғылыми стильде адресант эпистемиалық және коммуникативті-прагматикалық аспектіні ситуациямен нақтылап береді:эпистемиа (білім) және ситуация-таным процесінің метамоделі. Бұл автордың (стильдердегі прагматикалық фактордың) жеке ғылыми әдісті ұйымдастыра білуі, танымдық стилі, ойлау стилі жаңа ғылым мен бұрыңғы ғыллымды салыстыра білу және психологиялық қабылдау, қорытындылау сияқты қасиетімен айқындалады.
Публицистикалық стильде адресант өз атынан сөйлей отырып қоғамның проблемаларын игереді, оқырманмен ой бөліседі, тыңдаушының да атынан сөйлейді, сондықтан адресант адресатпен бірге «сөйлейді».
Функциональдық стильдердегі стиль қалыптастырушы көптеген экстралингвистикалық және басқа да факторлармен бірге прагматикалық фактордың рөлі айрықша маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет