Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
Ауызекі сөйлеу стилі Функциональдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады.
Тұрмыстық қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілі қолданылады. Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері бар. Ол тұрмыстың, күнделікті қарым-қатынас тілі болса да, функциональдық стильдердің негізгі жүйесін құрайды. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін қолданысқа түседі, сондықтан ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланыста жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөйлеу субъектісі- адресант және қабылдаушы, адресат. Адресант пен адресат прагматикалық факторға жатады, ерекше стиль түзуші тәсіл болғандықтан, прагматикалық бағдар ерекше рөл атқарады. Ауызекі сөйлеу стилінде адресант стилистикалық мүмкіндіктерді адресатқа ықпал етіп жеткізу үшін жаңа білім қорын игеруі қажет, ол стильдік фон деп аталады.
Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Мысалы, айтушы ыстық десе, тыңдаушы шөлдедің бе деп айтушының айтқысы келген сөзін айтып бере алады. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық факор деректі ситуацияны білмейді, бірақ коммуникативті актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситуацияны өзара әректтестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады.
Ауызекі сөйлеу стилінде стилистикалық бейнелі лексика жиі қолданысқа түседі. Бейнелі лексика номинативті мағынасынан коннотативті мағынаға ауысуы тек қана эмоционалды-экспрессивтік тудыру соған қажетті тілдік бірлік ретінде алынбайды, экстралингвистикалық факторларымен қоса стиль жасайтын мәнерлі форма тудыратын қызметіне, тәсіліне де байланысты болып келеді. Қарым-қатынас ортасы, оның тақырыптық өзегі, жанрлары, сөйлеудің мазмұны мен мақсаты, сөйлеуші мен қабылдаушынаң өзара қарым-қатынасы, сөйлеушінің құбылыс пен затқа көзқарасы, пікірі т.б тікелей қатынасына да байланысты.
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-қатынас функциясын атқарады,тікелей хабар берудің айрықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
-бейресмилік;
-сөйлеудің еркінділігі;
-сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
- тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
-сөйлеудің автоматтығы;
- сөйлеудің мазмұны диалогтық форма мен қарапайымдылық.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекше ықпал ететін реалды ситуация, сөйлеудің заттық-психологиялық жағдайы. Ситуация сөйлеудің шегін қысқартып отырады. Сөйлемнің кейбір компоненттері қатыса алмайды, бірақ сөйлеушілердіңкоммуникативтік жағдайындағы сөйлеу фразасын дұрыс қабылдауға еш кедергі жасамайды. Мысалы: Астанаға екі билет, бір адамға екі орын, бір кісілік т.б (ауызекі сөйлеу тілінің материалдары).
Ауызекі сөйлеу стилінің күнделікті қарым-қатынасында сөйлеу сипатының экспрессивтілігі тікелей ассоциативті және деректі ойлау қабілетінен туындайды, сондықтан ауызекі сөйлеу стилі стилистикалық коннотацияның ерекше формасын беріп отырады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән стильдік белгілер оның композициялық жанрының түрлерімен қатар стилистикалық мүмкіндіктер мына мәселелерге тікелей қатысты болып келед: сөйлеудің еркінділігі, бейресмилік, сенімділік, дауыс тоны, оның астарындағы ашық және жасырын прагматикалық бағдар кітаби стильге қарағанда, стилистикалық мүмкіндіктердің ерекше тобын құрайды.
Ауызекі сөйлеу стилінде ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы. Ауызекі сөйлеу стилінде фонетиканың рөлі ерекше болады: дағды әрекеті, орфоэпиялық норманы бұзу, керісінше орфоэпиялық норманы сақтау, орфоэпиялық норманы безендіру немесе әсем дыбыстау т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде хабарлаудағы ең маңызды сөз бірінші орынға қойылып айтылады: Компьютер алдым, ақша керек, ақша ең бәлесі ақша болып тұр, ең сұмдығын айтпайын, немесе формада беріледі.
Ауызекі сөйлеу стилінде тілдік тәсілдерды үнемдеу заңы үстемдік етеді. Сондықтан сөз- сөйлем ретінде қолданылады: келдім, жарайды, айт, әрине, мүмкін,келісі, т.б.
Ауызекі сөйлеу стилі функциональдық стильдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі болып саналады. Ауызекі сөйлеу стилінде сөздік қордың барлық саласы түгел қатысады, фразеологизмдер де, метафора да ұшырасады.
Шошақай үйде тұрмас, қаңғыбас қайда қаңғыпжүр, ақымақ, өзі кінәлі, көк мылжыңды көргім келмейді, көз сарасын ағызып отыр, еңірегенде етегі толады, көрсем көзім шықсын, несіне бұрқылдай береді, аш өзегіне түсуге айналды, қалтасы қалың, қалтасы тесік, қалтасы көріну, қалтасы жұқа, жүйкесі жұқарып жүру, жүйкесі тозу, жүйке тамыры солқылдау, зықысы шықты, еті тірі, қойдан жуас, өлермен екен, өзіне-өзі істеп жүр, амал жоқ, қайтсем екен, барсам ба екен (ауызекі тілден жиналған материалдардан). Ауызекі сөйлеу стилінде сөздердің қолдану ерекшелігі жағымды, жағымсыз эмоцияға тікелей қатысты. Сөйлеуші әр уақытта өзі баяндаған құбылыс пен затқа өзінің әр түрлі көзқарасын, ниет-пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін айтатындықтан қарама-қарсы көніл күй қолданылып, олардың қолдану үлес салмағы молынан ұшарасып отырады.
Ауызекі сөйлеу стилінің әдеби тіл формасына қайшы келетін тұстары жоқ емес. Мысалы: бір ғана жаңағы деген сөзді алайық, бұл сөз көп айтылғандықтан жауыр болған әрі көп адамдар өз ойын толық жеткізе алмаған уақытта жиі қолданылатын сөзі, мысалы, әр жерден ауызекі сөйлеуде жиналған мәліметтер бойынша орфоэпиялық қатемен айтылатын тұстары кездесіп қалады: жаңағы, жәнағы, жаңанеке, жаңеғы, жаңғы, жаңақы, жәнегі т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде кейбір грамматикалық тұлғаларырың стильдік қатемен айтылатыны оқта-текте ұшырасып отырады. Кешкісін, кештетіп, кешкілік, кешкісін жолығармын, таң атысымен таңертеңгісін, таңертеңгілік деген сияқты грамматикалық тұлғалардың әдеби тілдік нормадан ауытқыған түрлерін кездестіруге болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде қайталаулар да молынан ұшырасады. Қайталаулар- көркем әдебиет стилінде суреткердің стильдік ерекшелігі ретінде танылатын стиоистикалық тәсіл, ауызекі сөйлеу стилінде мәнерлілік қасиеті айталған ойға параллельдік қатар түзу үшін пайдалынады.
Қазір бәрі өзгерді,өмір өзгерді, заман өзгерді, мода өзгерді, адам да өзгерді, ниет де өзгерді, пиғыл да өзгерді немесе заман жақсарды, өмір жақсарды, бәрі де жақсарды деген сөйлемдердегі бірінші қайталау өзгерді сөзін сөйлеуші бірнеше рет қайталап айтады, сол арқылы көлемдіқұбылыстың сырын баян етеді, ал екінші сөйлемде қайталау болып тұрған сөз жақсарды, ол бар-жоғы екі-ақ рет қайталанып тұрғанмен, заман мен өмірге ортақ зат-құбылыстың жақсарғанын көрсету үшін қолданылып тұр.
Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу мәдениеті деп жалпы сөйлеушінің жалпы адами мәдениеттілік және тіл мәдениетін жетік меңгеруде қол жеткен табыстарын айтуға болады. Адамның жалпы кісілік мәдениетті түрде, ақыл-парасаты,киімі, жан-дүниесімен сөзді, сөйлемді мәдениетті түрде, яғни мәдениетті тілмен жеткізуі болып табылады.
Тіл мәдениеті сөз дұрысығы, сөз дәлдігі, сөзді көркем, әсерлі, әсем етіп жеткізу ұстанымдары, яғнни коммуникативтілік қвжеттілік пен эстетикалық бағдар ауызекі сөйлеу стилінің прагматикасын қамтиды.
Амандасудың сәлеметсіз бе?! деп айтылу мәнерінде дауыс тонына қарай әр түрлі мағыналық мән аңғарылады. Сәлеметсіз бе? Дауыс тонының мәнеріне қарай әр түрлі көңіл, сезім-күйді аңғартады, бірде асқақ көңілдің шабытымен айтылады, бірде менменсінген көкіректі білдіреді,сынау мәні де, қуанышты үнмен, бірде жарқын, шұрайлы көңілмен айтылуы аңғарылса, бірде салқын көңілдің ажары, бірде ілтипатты көңілдің шынайы ниетін танытатынстильдік мәнерде де айтылады.
Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық-интонациялық ерекгеліктері адресат пен адресанттың арасында үлкен коммуникативтік-эстетикалық қызмет атқаратын эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдерде дауыс тоны, дауыс күші, дауыс жылдамдылығының әр түрлі қызметінің арқасында стильлік ерекшелігі айқандалып тұрады.
Ауызекі сөйлеу стилінде дауыс ырғағы, дауыс тонының айтылу мәнерінен бір ғана сөздің өзінің астарында алуан түрлі прагматикалық-стилистикалық мағына жатқаның көруге болады. Бұл ерекшелік ауызекі сөйлеу стилінің еншісіне ғана тиетін қасиет болып саналады. Мысалы: әдемісін-ай-сұлулықты паш ету мағынасында; өткірін-ай-ашық мінезіне сүйсіну үшін айтылады; қап,әттеген-ай-өкіну мағынасын білдіреді. Ерекшелік тек оқшау сөздерде ғана емес,кез келген тілдік бірліктерде дауыс тонын дұрыс қою арқылы сөздің прагматикаоық-стилистикалық қызметін жан-жақты тереңдетіп сөздің айтылу мәнеріндегі эстетикалық өрісін кеңейтеді. Мысалы: өмір сөзін алайық. Өмір, өмірдеп қайталап айтылғанда өмірдің бар тауқыметін түсіну, соны бағалау,түйіндеу,саралау тіпті соған мойынсұну, кейде шарасыздық мағынасын танытса, сол арқылы адресатты белгілі мақсатқа шақырады, өмір, еһ өмір, аһ өмір деген тіркестерді айтқанда дауыс тонына қарай әттең өкінішін толық сезіну, өкіну, бармағын тістеу, өмірден жіберген қателіктерін түсінусияқты мығыналық реңкті білдіреді. Ауызекі сөйлеу тілінің дауыс тонының жылдамдығы, созылыңқылығы, үнділігі де айрықша стилистикалық бояу алады да, тыңдаушыны стилистикалық әсерге бөлейді.
Ауызекі сөйлеу тілінде дауыс грамматикалық құбылыстардың экспрессивтілік және стилистикалық қызметі жазба стильдермен салыстырғанда елеулі өзгерістері мен өзіндік айырмашылықтары бар.
Ауызекі сөйлеу стилінде белгілі әлеуметтік топтардың арасында қолданылатын жаргон сөздер көп қолданылады.
Студенттердің жаргон сөздері: танкісі бар, балмұздақ, балкаймақ, крышасы бар.
Ұрылардың жаргондары: Хирург, доцент, шапка. Ауызекі сөйлеу стиліде дөрекі сөздер, қарапайым, жергілікті сөздер мен диалект сөздер жиі ұшырасады. Бөгде тілдік элементтер, орыс тілінен енген сөздер, табу мен эвфемизмдер де жиі қолданылады.