Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Ресми стильдегі фразелогизмдер



бет28/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Ресми стильдегі фразелогизмдер
Ресми стильдің қоғамдық қызметі өте күрделі, оның стильдік жүйесін жетілдіру үшін тұрмыстық сөздерден жасалған бейтарап фразеологизмдерді де пайдалануға болады. Мысалы, алдынан өту, қолқа салу, тұсау кесу, көңіл айту, тұсау кесер, шаңыарақ көтеру, жаназа шығару, сүндетке отырғызу сияқты тіркестерді ресми құжат стилінің қолданылуында толық кәдеге асыруға болады. Бейтарап фразеологизмдер, кітаби фразеолгизмдердің қай-қайсысының қолдану аясы әр түрлі стильдік мақсатпен қолданылады.
Абайда кездесетін атауыш (терминдік мәндегі) фразеологизмдер әлеуметтік-саяси, экономикалық қарым-қатынастарға байланысты қолданған. Абай тілінде айналысқа түскен жаңа тіркестер басына іс түсу, орынға сайлау, міндетте болу т.б. ресми стильде толық лексикалық-семантикалық жақтан мағына тұтастығымен тілдік айналысқа енгенін толық көруге болады.
Ресми стильдің қысқа әрі нұсқа басты талабын қанағаттандыру мақсатында белгілі бір сөздік тіркестер жасалынады, олар қалыптасқан сөз тіркестеріне айналады, дайын сөздік оралым ретінде қолданылады. Мысалы: сенім білдіреді, міндеттеме алады, осы келісім-шартқа сәйкес, назарға алынсын, мәлім етілсін, тергеу жүргізу, тәртіп орнату, шара қолдану, жарыс ұйымдастыру т.б.
Ресми құжаттарда белгілі сөздер, сөз тіркестері жиі қолданылып отырады. Бұның басты мақсаты әкімшілік-өндірістік әрекет жағдайларды атау үшін тілде белгілі бір шектеулі сөз тіркестері жасалып қалыптасады. Ресми стильге бейтарап стильдік бояуға иелік ететін тілдік құралдар қажет болады. Қызметтік құжаттарда сөздер тұрақты қолданудың нәтижесінде стандарттық, шаблондық сипатқа ие болады, атқарылатын тілдік қасиеті жағынан фразеологиялық тіркестерге жақындайды.
Қазіргі уақытта ресми стильдегі кейбір ағылшын тіліндегі жаргондар орыс тіліне сөзбе-сөз аударылған, тұрақтылық сипаты, құрылымы жағынан ол сөздер фразеологизмдерге жақындайды. Ағылшын тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударылғанда олардың қазақ тіліндегі фразеологиялық сәтті баламалары табылған. Кез келген тілде фразеологиялық тіркестердің мағыналық ұқсастығы, жағындығы осы тілдегі фразеологиялық синонимдердің молдығының бір стильде ғана емес, стильдердің басқа түрінде де қолдануына мүмкіндік жасайды. Синонимдес фразеологизмдер аудармада өзінің аударылуына тиісті қызметін ғана көрсетіп қоймайды, дискурс пен мәтінде белсене қызмет атқарады, қазақ әдеби тілінің сөздік құрамының жаңа номинацияларымен толығуымен жол ашады. Мысалы: Золотое рукопожатие – алтынға бөлеу; вабанк – нар тәуекел; даю, чтобы и ты мне дал – береген қолым алаған; крутящаяся дверь – есіктен қуса, тесіктен кірді; мебельная фурнитура – жиһаздың асай-мүсейі т.б.
Қазіргі уақытта ресми тілдегі кейбір фразеологиялық тіркестер жалпыxалықтық тілдің қазынасынан алынып айналымға түсірілуде.
Ресми стильде фразеологиялық байлаулы мағына да бейнелілігінен мүлде қол үзеді. Сондықтан өзгерген түрі тұрақты тіркес болу қабілетін мүлдем жояды. Фразеологиялық мағына синонимдік қатардың жасалуына негіз бола алмайды.
Тілдегі жаңа фразеологизмдер тілдік айналымға еніп жатқандықтан, соның ішінде ресми құжаттардағы, жарнама тіліндегі фразеологиялық модельдердің қолданылуы қалыптасады, тұрақтанады. Тілдік норма қатып қалған категория емес, тіл – жанды құбылыс, сондықтан оның нормалары да өзгеру, даму, қалыптасу, тұрақтану сияқты кезеңдерден өтеді де тілдік айналымға енеді. Жалпы тілдік норма дегеніміз – белгілі бір кезең ішінде, көпшілік қабылдаған, тұрақталған қолданыстар. Фразеологиялық тіркестердің ресми стильде қолданылуы бір жағынан әлі басы ашылмаған мәселе, екінші жағынан аударма арқылы қазақ тілінде тұрақты тіркестер арқылы баламасы табылуы фразеолгизмдердің де ресми құжат тілінде тілдік айналымға түскендігін көрсетеді.
Ресми стильде ФТ қолданылуы бейнелілік мақсатта емес, стереотипті қалыптасқан үлгілері түрлерінде кездеседі, бірақ қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен ресми құжаттарда қолданылатын жалпыxалықтық тілдегі бейнелі тұрақты тіркестерді көптеп кездестіруге болады. Арыз айтты(өтінді, сұранды, шағынды): арыздасып айтқан сөз (өлім алдында қоштасып айтқан сөз, өсиет, мұрагерлік, қарыздарды қолдануға болады); арыз жаудырды (үсті-үстіне шағым жауды), (шағым арыз беру мақсатында қолданысқа түсу керек); ата-баба зәузаты (үрім-бұтақ, аталас-тектес адамдар) бұл тұрақты тіркесті ресми құжат отбасылық туыстас ағайындарды анықтау барысындағы әкімшілік құжаттарда қолдануға болады; атауыз қалмасын (артында тұқымы жоқ ресми анықтамаға қолдануға болады); ат кекілін кесті (араздасу сияқты мәселелерді шешуде әкімшілік сот істерінде қолданылады), ат мінгізіп, шапан жапты (ресми құрмет көрсету тұрғысында қолдануға болады); ат-шапан айып (штраф төлеп, салық төлеу мақсатында пайдалануға болады); аузын аңқитып кетті (алдап, жер соқтырып кету – заң сот істерінде қолдану мүмкіншілігі бар); аузынан түскендей (ұқсату, дәлелдеу, сендіру үшін айғақты дәлел, факт тұрғысынан пайдаланылады); аяққа басты, аяққа таптады (қорлау, кінәлады); әмірін екі етпейді (әскери құжаттарға тән); базыналығы жүрмейді (қолқа салу) “визит вежливости” қолдану қажеттілігі үшін ұсынылады; байлауын айтты (шешімін шығарып, қорытындысын айтты); байламға келді (тоқтамға келді, уәде етті, бал жаласып кетті, татуласты); бас бұзар (бұзақы, тентек); баспана (пана-тірек мағынасында); басы пәлеге душар болды, басын кессе де, шындықпен кетті (заң, сот істерінде қолданысқа түсіруге болады); келесі кеңес, кепілдікке алды, күттірмейтін іс, кепіл болды, көзі жетті (адал ниет, әділ іс мағынасында) ресми тілдің ауызша, жазбаша түрінде толық кәдеге асыруға болады. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен теріліп алынған төмендегі тұрақты тіркестер ресми стильдің кәдесіне толық жарай алады: мәмілеге келді, мәмлемен бітісті, мәслиxат құрды, мұқият тұтты, мұрсат беру, мінін бетіне басты, нақақтан күйді, өз айғағы өзінде, өсімге берді, пайда көрді, пайда тапты, сөз бермеді, сөз алды, сөзге айналдыру, сөзге келді, сұрау салды, сұрау берді, талқыға салды, үкім айтты, іс жүзінде, істес болды т.б.
Тілдік норма ұлттық тілдің жүйесінде табиғи орныққан, тұрақталған бірліктерінің жиынтығынан құралады. Жалпы әдеби тілдік норма белгілі кезең ішінде көпшілік қабылдаған тілдік сұраныстар болып табылады.
Тілдің стилистикалық құбылыстарын терең түсіну, олардың категорияларының әрқайсысының жеке-жеке талдау мүмкін емес, оларды функциональдық стильдерде қолдану қызметінің тұрғысынан және олардың әрқайсысының стильдік деңгейде орналасу мүмкіндіктерін көрсетумен тереңірек талдау, жүйелеу үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет