Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Ғылыми стильдегі фразеологизмдер



бет29/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Ғылыми стильдегі фразеологизмдер
Ғылыми стильде жалпыxалықтық тілдегі фразеологизмдер кездеседі: атап айтқанда, баға берді, байлаулы сөз (үзілді-кесілді, тоқтаған, байлаулы пікір-ой) көкейкесті (кесті) кіндік тамыр, ойға қонымды, қозғау салды, назар аударды, ой салды, ортаға салды т.б.
Жазба тілдің негізінде қалыптасқан фразеологизмнің бір түрі – терминдер. Ғылыми стильде күрделі терминдер сөз тіркесі күйінде жұмсалып, зат пен құбылыстың атауын білдіреді (өзіндік құн, тап жауы, қосымша құн), зат пен құбылыстың атауы тұрақты категория болып саналады, стилистикалық акценттік категорияны көрсетуге жұмсалынады.
ФТ ғылыми-публицистикалық стильде жазылған ғылыми еңбектерде де кездесіп отырады. Мысалы: Анлауыттағы г, ғ ұяңдарының ана тіліміздің байырғы сөздерінде кездеспейтіндігін айту үстінде бұл арада тағы бір кілтипан барын әңгіменің бас жағында ескерткен едік. Сондықтан Ғабең айтқандай алқындырып алмай тұрып көнергеннен әуестенуден аулақ болсақ демекпіз. Алайда мүйіз сұраймыз деп жүріп құлақтан айырылып қала жаздаған бір жайды ғана енді ғсна аңғара бастадық (“Сөз өнері” жинақ).
ФТ ғылыми-танымдық шығармаларда жиі ұштасады.
Публицистикалық стильдегі фразеологизмдер
Публиуистикалық стильде ФТ қолданылуы басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Оның себебі, қоғам өміріндегі толып жатқан жаңалықтарға байланысты бейнелі фразеологизмдердің синонимдік қатарларын көптеп кездестіруге болады. Фразеологизмдер бұқаралық ақпарат құралдарының кез келген түрінің радио, газет, теледидар т.б. мұқтажын өтей алатын қазақ лексикасының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Публицистикалық стильде ФТ стильдік қызметімен, ассоциациясымен келетін амал-тәсілдер қосылғанда ана тілінің байлығы еркін қолданысқа түседі, зерттеушілер публицистикалық фразеологияға қаламы желді, бәсекеге түсу, төртінші билік деген сияқты сөз тіркестерін де жатқызып жүр.
Публицистикалық стильде еңбегін мадақтауда, ағаштан түйін түйеді, адал ақтап кетті (ары таза мағынасында), әдеп көрген, бас иді, жүлде алды, көкке көтерді, намысты қолдан бермеді, намысқа тиді, намыс көрді, он саусағындай білу, өрім жас, руxын көтерді, тәлім етті, тағзым етті, ғибрат сөз, ғылым бақты, ғибрат алды, абырой алды т.б дайын ФТ әрі стильдік бояуы бар тілдік бірліктердің қатарынан көрінеді.
Әдеби норма жалпы тілінің нормалар болғандықтан, фразеологизмдер де оның негізгі тірегі, себебі стильдердің қай-қайсын алсақ та негізгі тірек, қазынасы, қоймасы – ұлттық әдеби тілдің нормалары болады.
Публицистикалық стильдегі ФТ қолдануының бірнеше мағыналық-стильдік қызметін былайша саралауға болады: ол көп ойды аз сөзбен беру үшін алынады; дайын тілдік бірлік ретінде де жұмсала береді; философиялық-танымдық көзқарасты таныту үшін пайдаланылады, прагматикалық мақсатты жеткізуді т.б. көздейді. Публицистикалық мәтіндердегі ФТ стильдік қызметі қоғам өміріндегі әлеуметтік, саяси мәселелерге байланысты, қазақтың жалпыxалықтық тіліндегі ФТ негізін құрайды да, стилистикалық бағалаушы категорияға тікелей қызмет етеді: Аузымен құс тістеген атақты спортшының өзі де күміс жүлдені місе тұтпады, аузымен орақ орған депутаттар, алты бақан ала ауыз болған жиналыста, болары болып, бояуы сіңген мәселеге қайта оралу, ішіп-жегені жұмырына жұқ болмады, жүрегінің түгі бар, зауалшақтың иесі өзі ғана, оқу – инемен құдық қазғандай, ит байласа тұрғысыз жер, кәрі қойдың жасындай жасы қалған, он саусағынан өнер тамған деген тұрақты тіркестерде бейнелілік тәсіл басым әрі адресатқа ықпал ету мақсатында жұмсалынған. Тілімен жылы сөйлеп, жыланды інінен шығарған қазақ тасты да, басты да жарып, сөзін сүйектен өткізген қазақ, оның тілінен қандай мін табуға болады (“Ана тілі”). Қарапайым сөйлеу тіліндегі ФТ публицистикалық стильде оқиға құбылыстың мәнін тереңірек айқындау мәнерінде қолданылады.
Тар жол тайғақ кешуде, таң қалдыру, тыйым салу, қайта өрлеу, тайға таңба басқандай білу керек, жауыр болған сөз, жауыр әңгіме.
Публицистикалық стильдегі жазылған шығарманың негізгі тақырыбы қоғам өмірінің, адам ғұмырының күнделікті тіршіліктегі сан алуан әрекеті, соны xабарлау, жеткізу, пайымдау сол қат-қабат тіршіліктегі адам және қоғам қызметінің түйінін шешу болып табылады.
Публицистикалық стильде фразеологиялық тіркестер қолданысының бейнелілігімен, эмоциялық күш-қуатымен аз сөзге көп мағына сыйғызумен ерекшеленеді. Ауыз бастырық – пара; отбасы – семья; қырғи қабақ – өш, арыз; бір төбе – ерекше, айрықша; шыр біту – семіру; туған жер – Отан. Публицистикалық стильде ФТ стилистикалық мәнер мен прагматикалық бағдары межеге алып отырады, сондықтан дискурс пен мәтінде таңбаның прагматикалық іс-әректі қоғамның айнасы ретінде көрінеді. Мысалы: бір аяғы көрде, бір аяғы жерде немесе бір қайнамы ішінде тіркестердің қолдану аясы әр түрлі болып келеді. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде адамның кәрілік кезеңін суреттеуге күш-қуат беретін бейнелілік-көркемдігі үшін қолданылып тұр, сондықтан мағынасы қарай жиірек қолданысқа түсетіні аңғарылады. Бірінші ФТ көркем әдебиет стиліне тән болса, екінші ФТ публицистикалық стильге тән екені мағыналық-стилистикалық қызметінің ерекшелігі бірден байқалады.
Тілдің көркем амал-тәсілдерінің қатарындағы эпитет, теңеу, метафора болып келетін тұрақты тіркестерге қазақ тілі өте бай, сондықтан ол стильдердің кез келген түрінде көптеп кездесіп, стилистикалық коннотация мен стилистикалық категорияға қызмет етеді.
ФТ прагматикалық аспектіде қарастыру оның өміршеңділігінде, әрі бейнелілік сипатында, әрі нұсқа да, қысқа “көп ойды” аз сөзге сыйдыру мақсатымен байланысты. Мысалы, базардағылар ит жанды болып кеткен, қара кешке дейін сауда жасайды немесе келіннің сөзі түйеден түскендей екен деген сөйлемдерде қара қылды қақ жарған, өкпесі қара қазандай, сайдың тасындай, сілтідей тыну, ұзын құлақ, ұлардай шулап, жалғанды жалпағынан басып деген тұрақты тіркестер әр түрлі ситуацияға, контексте де өзінше белгілі бір реңк, астарлы мәнерлілік қасиетке ие болып, ойдың айшықты өрнегін салады. Автор ФТ қолданғанда мынадай прагматикалық мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді, біріншіден, бейнелілік; екіншіден, салыстыру; үшіншіден, астарлап айту, төртіншіден, шексіз көлемін ұлғайту немесе кішірейту; бесіншіден, ұқсату, (уайым жеу деген тіркесте уайым сөзімен жеу етістік түрі деректі, екіншісі қимыл-әрекет ұқсату мәнінде алынып тұр); алтыншыдан, еркіндік; жетіншіден, түйіндеу. Ендеше, адресанттың саналы ұғымдағы ФТ ой мен тіл арқылы астасып, стилистикалық коннотацияға ие болады да, белгілі прагматикалық әрекетке бағытталады.
Фунуциональды стильдердегі фразеологиялық тіркестердің қолданылуының үлес салмағы әр түрлі, бірақ бұл айтылған нәрсе олардың бір стильдерде көп, екінші стильде аз кездесуінде емес екендігі назарға алыну керек. Себебі, әр түрлі экстралингвистикалық факторлар функциональдық стильдердегі тұрақты тіркестердің қолдану аясында шектелуі арақатынас бар екеніне себепкер болады.
Фразеологиялық тіркестерді қолдану адам баласының ұғымы мен ойлау қабілетіне тікелей байланысты нәрсе болғандықтан, сондықтан адам ойлануға күш салмайды, фразеологиялық тіркестерден басқа дайын тілдік бірліктерге жүгінеді.
Фразеологиялық тіркестер өте бейнелі тілдік тәсіл, көркем әдебиет стилінде бірнеше сатыда көрінеді. Автордың стильдік мәнерге салу қабілетіне байланысты болып келеді. Фразеологиялық тіркестер әр уақытта синонимдік қатарға өте бейім, сондықтан оның әрқайсысында стильдік бояудыөте дәл берумен, нақты нәзік бейнелі ұтымды тәсімен астасып жатады. Мысалы, ернін шүйіру – мысқыл мағынасы, көзіне ілмеу – менсінбеу мағынасына тән. Ауызекі немесе көркем әдебиеттегі кейіпкер тілі стилистикалық бояуға ие болады, тұрақты тіркестердің фразеологиялық синонимдік қатарларын берудің стильдік мәнмен бейнелілікке әкеледі, асығы алшысынан түсу жалпыxалықтық ұғымдағы уәжділікке айтылса, сәті түсу уақыттың өтуіне байланысты қолданыста жиі ерекшеленеді.
Фразелогизмдердің экспрессивтілігі оның көп қырлы бейнелілігімен астасып жатыр. Ол тілдің көркемдегіш амал-тәсілдері болып табылатын стилистикалық троп, стилистикалық фигуралармен бірлесіп стильдік компонент құра алады. Мыслалы, фразеологизмдер тұрақты теңеу, тұрақты метафора, тұрақты литота,тұрақты әсірелеу болып келетін түрі көркемдегіш амал-тәсілдердің қатарынан орын алады.
Белгілі ғалым Б.Хасанов тұрақты тіркестерді “метафоралық” амал тәсілердің де жемісі деп санайды. Сондықтан ФТ тіл ғылымынан басқа салаларда, атап айтқанда эстетика,психалогия,этика,философия ғылымның шеңберінде де қарастырылады, автордың бейнелілік,танымдық, оймен елестетілген шындық бейнесін жасау әрекетінен және ойлау стилінің бейір талғамынан туындаумен де байланысты болып келеді.
Тұрақты эпитет,дайын тілдік тәсіл, бейнелі тіркес ретінде функциональды стильдерде молынан ұшырасып отырады.Мысалы,тұрақты эпитет: қуыс кеуде,құба жон, қу мойын, құйма құлақ, құмырсқа бел, қызыл арай, қызыл тіл, қылаң сақал, мақпал қара, тасбақа жүріс.
Тұрақты метафоралар түрінде келеді:жағасы – жайлау, төбесі – қыстау,жүзіктің көзі өтердей, инемен құдық қазғандай,инеліктей арық, аш кенедей жабысу,басы таудай, аяғы қылдай,инедей қиянаты жоқ т.б.
Тұрақты теңеу: ителгідей жұтынды, инеліктей бұралған, иненің көзінен өткендей, иттей болу, боз інгендей боздау, баудай түсіру, киіктің асығындай, көк дауылдай, көңілі желдей есті, қайыстай қатты, қасықтай қар, тоқытай тоқ қылмау.
Тұрақты әсерлеу: құйындай ұшты, қыл көпір, қылдай бөлді, ныспысы жоқ, сөзін бақ шаққандай көрмеу, сыптай болды, сірке жауын, табаны алты қарыс, төбесі көкке жетпеу, талағы тарс айырылу, талабы таудай, танауымен көк тіреп, тасы өрге домалады, таудай талап, түймедейді түйедей қылу, шегірткенің айғырындай, шаш етектен, шылқия тойды.
Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі мен мүмкіндіктері айрықша прагматикалық мақсатты көздейді. Фразеологиялық бірліктердің узустық құбылысқа енуі мен экспресстілігі, бейнелілігі және фразеологиялық тіркестердің өзіндік көркемдік құбылысы, оның стилистикалық ерекшеліктерін тануға тікелей ықпал етеді. Фразеологиялық тіркес қай стильде қаншалықты дәрежеде қолданылады, атап айтқанда, ғылыми әдебиеттерде, публицистикалық немесе көркем әдебиеттерде фразеологиялық тіркестің стилистикалық қызметі қалай көрінеді (узустың қарама-қарсы құбылысына окказионалдық бірліктер тұрады), контекстегі окказионалды фразеологиялық тіркестердің стилистикалық тиімділігі әрі ұлттың өзіне тән фразеологиялық тіркестің мәнерлілік қызметімен анықталады.
Фразеологиялық тіркес узустың стилистикалық ерекшелігі эмоционалды-экспрессивтік бағалаушылық, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық элементтердің әсерінен де өзгеріп отырады. Оның басты себебі мынада: стильдік өң алдына тікелей басты әсер етуші тілдік құбылыс ретінде танылатын ритмикалық ерекшеліктері болып табылады: аллитерация, ассонанс көркемдік тұғысынан әр түрлі семантикалық-стилстикалық мән-мағынағы алып келеді, теңеулік қасиеттермен белгігі мәнер түзеді, қайталау әдісі арқылы ой түйіндеуге түрткі болады, синонимдерді ойды жүйелеп әрі мағыналас сөздердің әр түрлі мағыналық реңктері арқылы да стилистикалық әсер ету мақсатын көздейді, қарама-қарсы қою арқылы немесе контраст арқылы белгілі стильдік прагматикалық қызмет үшін жұмсалынады.
Фразеологиялық тіркестер кез келген функциональдық стильдердің әрқайсысына (ауызша және жазбаша түрінде болсын) стильдік калорит құрайтын мақсатта жұмсалынады. Фразеологиялық тіркестер үндес, мағыналалас, қарама-қарсы, ұйқастып топқа құрылуына байланысты семантикалық-стилистикалық колориты ерекше рөл атқарады.
Фразеологиялық тіркестердің функциональдық стильдерде көп қолданылуы оның “мың бір әсерлі орадымдығына” әрі дайын тілдік бірлік ретінде қолдануына, әрі ойдың жиынтық бейнесін танытатын көп қасиетіне байланысты. Фразеологиялық тіркестің көркемдік-бейнелілік қасиеті бірінші орынға қойылады. Бірақ көркем әдебиеттен басқа ғылыми-ресми стильдерде, тіпті газет тілінің ең стильдік ауқымын көтеретін тілдік бірлік ретінде фразеологиялық тіркестің стереотиптік мәселесі де ерекше сөз болуға тиіс. Функциональдық стильдердегі фразеологизм атауының табиғатын ашу, көркемдігін, бейнелілігін штамптардан ажыратып, межесін көресту де оның әр стильдегі қызметін жете танып, арнайы саралауға мүмкіндік береді. Кейбір мамандар фразеологизмге мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, қалыптасқан формалар мен өзге штамптары да жатқызылады.
Стереотип – газет лексикасындағы жиі қолданылатын сөздер, терминдер, сол сияқты фразеологиялық тіркестер алдын ала белгілі және дәлме-дәл тағайындалған тұрақты формулалар жиыны. Фразеологиялық тіркестер бір кезде экспрессивті болған, кейін стереотиптік штампқа айналады, сондықтан белгілі бір тілдік мазмұнын білдіруге “қолайлырақ” экспрессивті бейнелілік жүктемесі бар сөздер шоғырын құрайды. Штамптың негізінде функциональдық белгі жатады, жиі және әрдайым қолданылған кез келген тілдің, сөздің құрылымдық және мазмұндық, мағыналық бірлігі тұрақталынады.
Бұдан шығатын қорытынды фразеологиялық тіркестердің өзінің бейнелілік сипаты мен бейнелілік көркемдік тіл элементі болумен қатар, жиі қолданылатын штампты сөз қолданысы ретінде публицистикалық стильде де стилистикалық бағалаушылық категорияға ие бола отырып, әсер етуші сөз таңбасы ретінде қолданылады. Фразеологиялық тіркестердің осындай жиі қолданысы жалпыxалықтық тілдің сөз қазынасын функциональдық стильдерде тұрақтандыру мақсатында стильдік жүк арқалайды.
Функциональдық стильдердің ауызша түрлерінде мақал-мәтелдердің қолдануының басты мақсатын былайша тұжырымдауға болады: мақал-мәтелдердің табиғаты xалықтың философиялық ой-тұжырымымен поэтикалық образ жасау амалдарының сәйкестігінен туындайды, сондықтан стилистикалық бағалау категориясының негізгі компоненті бола отырып, стилистикалық әсер берудің ең ұтымды бөлігін қамтиды.
Көркем әдебиет тілінде басқа да функциональдық стильдердің элементтері қоса пайдаланылады. Көркем шығарманың осы ерекшелігіне байланысты оның тілінің барлық функциональдық стильдердің элементі, ғылыми-теxникалық терминдермен, кәсіби лексика элементтерімен қоса, түрлі экспрессивті және стилистикалық мәндегі образды сөздер, мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер, арxаизмдер мен неологизмдер, қарапайым сөйлеу тілі элементтері кездеседі. Көркем әдебиет стилінде оның барлық жанрларында фразеологизмдер бейнелі әрі мәнерлі болуымен қатар, шығарманың эмоционалды-экпрессивті бояуын арттырып тұрады. Автор бейнелі сөз оралымдарын орнын тауып нақтылы, дәл қолданысқа негіздейді.
Қазақ xалқының дәстүрлі тіл өнерін xалық әдебиетінің байлығынсыз, ұлттық ерекшеліктерін xабардар ететін шешендік өнері мен айтыс өнерінсіз дайын күйінде жұмсалатын бейнелі тіркестерсіз көзге елестету қиын. Ауыз әдебиетінің үлгілері де, шешендік, айтыс өнері де тіліміздегі тұрақты сөз тіркесінің мол қорынан нәр алып, өркендеген, дамыған. Көркем шығарма тілі осы аталған жалпы xалықтық тіл өнерінің жалғасы ретінде қалыптасқан, сондықтан өз бойында стилистикалық амал-тәсілдері еркін қолданылады.
Тұрақты сөз тіркестерін көркем шығарманың қай жанрында болсын, прозалық, поэзиялық жанрда қолдануда автор үлкен шеберлік танытады.
Фразеологиялық бірліктің мәнерлегішітік және бейнелегіштер қасиеті контексте әр ақын-жазушының өзіндік сөз қолдану әдісіне қарай айқындала түседі. Тұрақты сөз тіркесінің әр түрлі варианттарын сөз шеберлері талдап, таңдап кейіпкерлердің іс-әрекетін нақтылауда, шығарманың идеялық көркемдік жақтарын жетілдіруде т.б. толып жатқан мүмкіндіктеріне сай етіп, стильдік мақсатпен қолданады. Сонымен, фразеологизмдердің және оның варианттарының стильдік мақсатта қолдану ерекшеліктері қандай десек, ойға оралатын бір қағида – ол әр жазушының стилистикалық мүмкіндігін, өз стилінің шеберлігін әрекетіне пайдаға асыруына тікелей қатысты.
Қай қаламгер болмасын өз шығармасында фразеологизмдерді дайын күйінде де, авторлық өңдеумен де (перефраза жасап) қолданады. Өйткені ол дайын, бүтін тұрған тілдік материал ретінде пайдалануға оңтайлы және өзіндік бейнелілік, экспрессивті-эмоциялық қасиеттермен тартымды болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет