Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет27/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Жұт жеті ағайынды деген тіркестің қолданысының үлкен әлеуметтік мәні бар бейнелі сөз, ол –халық тіршілігіндегі бұрыннан келе жатқан қатал қыс, аштық, өрт, жер сілкіну, су тасқыны, індет сияқты болып жататын қасіретнама арнап айтылған бейнелі сөз тіркесі, жұт– аштан қырылу, мал қырылу, қатал қыс болуы сияқты мәселелер бір-бірімен араласып жататын құбылысқа қарсы әрекет ету мақсатында жұмсалынған.
Мысалы, қыс қатты болса, көк шықпайды, көк шықпаса, мал аштан өледі, төлі өспейді, төлі өспесе, мал артынан төл ермейді, төлі ермесе ол көбеймейді, одан аштық болады, жейтін шөп болмаса, мал аштан қырылады, мал болмаса, ол адам шығынына алып келеді –қазіргі халық тұрмынсында жұттың заманына қарай қауіп-қатері көбейіп кетті, оның бірі–қоғамдағы экологиялық жағдайлар. Осындай әрекеттерді суреттегенде публицистикалық және ауызекі сөйлеу стилінде ФТ қолданысы айрықша сөз мәнері ретінде айтылмақшы ойға көрік беріп, қат-қабат оқиғаларды әсерлі, адам зердесіне нақтылау үшін қолданылады.
Функциональдық стильдердің қай-қайсысында болса да ФТ етістік мәнді фразеологизмдер болып келеді. Олардың тілдік қолданыста басым болатын себебі, адам өзіне өте жақын болмысын тұрақты тіркес жасауға икемделген. Олай болса, көзіне шел қаптау, көңіліне дық алу, көз майын тауысу, көзіне ілмеу, көз қырын салмау, көз бояушылыққа салыну деген сияқты фразеологиялық тіркестер айтушы аузына жиі түсіп отырады.
Ауызекі сөйлеу стилінде адамдар дайын сөздермен дайындықсыз сөйлейді, ФТ айтушының аузына жиі оралады, сондықтан дайын тілдік единица ретінде қолданылады. Мысалы: өзегім өртенді, өзегім талды, аш кенедей жабысты, арқаны кеңге салу, басына бәле болды, арқасында ауыр жүк тұрғандай, жүрегі шошып кетті, қол ұшын берер адам жоқ, жаны шығып кете жаздады т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде жағымды-жағымсыз мағынадағы фразелогиялық тіркестерді стилистикалық бағалау категориясы тұрғысынан прагматикалық мақсатта пайдаланылады.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі фразеологиялық тіркестердің басты ерекшелігінің бірі – сөйлеу ситуацияларына тікелей байланысты әрі адамдардың әлеуметтік-псиxологиялық жағдайларына тікелей қатыстылығы. Дискурс түрлеріндегі сөйлеу әрекетінде, атап айтқанда, ғылыми стильдің ауызша түрінде, публицистикалық ортаның сөйлеу мәдениетінде немесе шаршы топ алдында көркем сөз шеберлерінің сөйлеу стилінде фразеологиялық тіркестер сөйлеу ситуацияларының белгілі прагматикалық мақсатын қамтиды. Ауызекі сөйлеу стилінің тағы бір ерекшелігі дөрекі фразеологизмдердің қолданылуы болып саналады. Олар көбінесе көркем әдебиет стилінде кейіпкерлер тілінде де кездеседі. Аузымен орақ ору, боғын пышақтау, кежегесін кетіру, көкпеттеніп кету т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде фразеологиялық тіркестердің айрықша сиптының бірі – интонация. Фразеологизмдердің айтылуы әуені адамның ойын, сезімін білдіреді. Бұл құбылыс интонациямен өте әсерлі беріледі, интонацияның таңбалауға болмайтын экспрессиялық-эмоциялық бояулары фразеологизмдердің прагматикалық мүмкіндіктерінің мәнін айтқындап отырады. Күміс көмей жез таңдай дегенде таза әсем үнді ассоциациялау мәнде жұмсалады. Интонация арқылы сүйсіну, мадақтау, риза болу сияқты прагматикалық мақсат бірге айтылады. Кірерге тесік таппадым дегенде айтушы ұят пен шарасыздықты ғана емес контексте әрі сөйлеу ситуацияларына қарай әр түрлі таңба “әрекетінің” нәтижелерін бере алады.
Ауызекі сөйлеу стилінің фразеологиялық тіркестердің жиі байқалатын ерекшелігі болып табылатын құбылыс – инверсия әдісі.
Инверсия әдісі – стилистикалық тәсіл. Ауызекі сөйлеу стилінде адресат өзінің ең маңызды ойындағы сөзін айту мақсатында пайдаланады, сондықтан стилистикалық акценттік категорияның мақсатында ауыстырылып айтылады. Мысалы: амал жоқ (жоқ амалды қайтейін), обалы нешік (не обал дейсің), жаман-жақсы (жақсы-жаман), жарым түн (түн жарым), құр босқа, босқа құр (опасыз дүние, дүние опасыз), ішкені алдында, ішпегені артында (алдында ішкені, артында ішпегені), құдайдан сұрап алған жалғызы (жалғызы сұрап алған құдайдан), өзін қоярға жер таппау (таппай жер қоярға өзін), атарға оғы болмау (болмау оғы атарға) т.б. Алайда, инверсия стилистикалық нормаға қайшы келетін тұстары бар, себебі тілдің экстралингвистикалық факторларымен қатар прагматикалық фактордық ықпалынан адресант өз ниетін дұрыс білдіргісі келмейді, тыңдаушыға ықпал ету мақсатын көздемейді, сондай-ақ, адресанттың “сөздік қоры” дұрыс меңгермегені сияқты дәлелдермен анықтауға болады.
Фразеологиялық тіркестер одағаймен, яғни әр түрлі көңіл күйге байланысты әуенмен айтылады. Қырсық шалды деген осы-ау, қырсығы тисе қайтем-ау, қырсыққа ұрындырған, құдай-ай, жолы болмай кетті ғой, жолы болып кетсе ше? Жолы оңғарылсын, басы қатып жүр-ау, көк ми-ай т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде диалектілік фразеологиялық тіркестер кездесіп отырады. Мысалы: ада болды (ада қылды), айшығы айналуы (ыңыршығы айналды), ақшам болды (ақірет күні жетті) сол сияқты алғыс, қарғыс, бата, тілек фразеологиялық тіркестер өте көп қолданылады: алдыңнан жарылқасын, қара бассын, ақ құсың құтты болсын, бағың жансын, жолын болсын, тілегің қабыл болсын, тілеуі кесілгір, тілеуі кесілсін! Тіл-көзден сақтасын, тілің кесілсін, тіліңе шоқ түссін, ұл тап, үбірлі-шүбірлі бол!
Кез келген стиль түрінде фразеологиялық қателіктердің кездесуі стилистикалық норма талаптарына нұқсан келтіреді. Оның басты себептері мыналар:

  • фразеологизмдердің нақты мағынасын түсінбеу;

  • лексика-грамматикалық құрамын сақтамау;

  • экспрессивті-стилистикалық ерекшелігін байқамау;

  • қай ортада қолдануға болатын сипатына мән бермеу;

  • фразеологизмдердің бейнелік табиғатына мұқият үңілмеу т.б.

Сөйлеу актісінде фразеологиялық қателіктерге жол беріледі, сондықтан стилистикалық қателіктерге ұрындырады. Сөйлем құрылымы ретінде кейде қосымша компоненттерді қосып айтады. Мысалы: несіне мұрнын көтеріп жүр, кейде фразеологиялық тіркестердің бір сыңары қыстырылып айтылады: көзіне ілмеу, ілгісі де келмейді дегенде мағыналық тұтастығы бұзылады, сондықтан мұндай тіркестердің стилистикалық әсер беру қызметі мен прагматикалық мақсаты бәсең тұрады.
Мақал-мәтелдер, фразеологизмдер сан ғасырдың жемісі ретінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Мақал-мәтелдер әр заманның талабына сай пайда болып, мазмұн, мағына жағынан туып, қалыптасып толығып, дамып отырады, ал фразеологизмдер тұрақты қалыптасқан сөз тіркесі болғандықтан, олардың өзгеру, даму, толығу процесі болмайды, ол дайын тілдік единица ретінде қолданылады, сондықтан уақыт үнемдеуге, тездікке құралады. Мақал-мәтелдердің фразеологиялық тіркестің ішкі мазмұны сияқты түрі жағынан ерекшелігі бар, мақал-мәтел – сөз сипаттаудың дербес түрі. Олар лексика-семантикалық, грамматикалық-стильдік ерекше (релеванттық) белгілерімен айқындалады. Мысалы: Көпке топырақ шашпа! Көппен біргк адас! сияқты мақал-мәтел ауызекі сөйлеудің мәнерлі қасиетін аша түседі.
Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең көне түрі, ой-пікір жиыны, асыл-ой мұратының сөз мәйегі, сондықтан ауызша әдеби тіл үлгісінің ең негізгі мұрасы, асыл қазынасы, оған фразеологиялық тіркестер де жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет