Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
РЕСУРСТАРСТИЛИСТИКАСЫ СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ СТИЛИСТИКАСЫ ЖӘНЕ СИНТАКСИС Зат есімнің стилистикалық қызметі Сөз таптарының стилистикалық қызметі стилистикалық белгі мен стилистикалық мәнердің арасын жалғастыруда маңызды орын алады. Атап айтқанда, деректі зат есімдер көркем әдебиет стиліне, ғылыми стильге тән болып келеді. Функциональдық стильдерде сөз таптарының әрқайсысы семантикалық-стилистикалық мағынасы мен көркемдік-бейнелілік қасиеттерінің әлеуеттігімен көзге түседі.
Зат есім ресми стильде кісі есімдері, жер-су атауларын нақты берсе, дерексіз зат есімдер көркем әдебиетке тән: мұң,сағыныш,өмір,сезім, ғылыми стильде: дерек,категория, түсіністік т.б. Зат есімдердің публицистикалық стильдегі жиілігі етістіктен кем түспейді, ал етістіктің көркем әдебиет стиліндегі жиілігі ресми стильге қарағанда екі есе аз болып келеді. Ғылыми стильде зат есімдер термин ретінде қолданылады да, маңызды хабарлау функцияны атқарады. Сөз таптарының барлығы дерлік әр стиль аясында мәтіннің сипатына орай кейбіреуі жиі қолданылады да стильдік мәнерімен ерекшеленеді.
Қазақ тілінің морфологиялық құрамында зат есім айырықша орын алады. Зат есім дискус пен мәтінде заттық мағына береді, ал заттық мағынасыз ой берілмейді, сондықтан зат есімдер барлық сөзкоммуникациясында міндетті түрде қатысып отырады. Әсіресе, жалқы есімдер ұнату – ұнатпау, достық –қастық, биресми – ресми әрі туыстық, әлеуметтік мәнімен стилистикалық әсері мол. Қайран жеңеше ... (Р.Мұқанова). Ақмарал Сәрсенбайдың атың естігенде жиырылып қалды (Ш.Құмарова ).
Зат есім ресми, ғылыми, мәдени коммуникацияда халықтың керегін қанағаттандыратын зат ұғым атаулар ретінде жиі қолданылады. Олардың қатарына мекеме атаулары, адамдардың қызмет атаулары, өндіріс-шаруашылық заттары т.б. жатады. Зат есімдер кітаби стильде дәлдікке, нақтылыққа қызмет етеді, кейде есімдікті пайдалануға жол бермейді (бірақ басқа стильдегі есімдіктің стильдік қызметін жоққа шығаруға болмайды).
Зерттеушілердің айтуынша, зат есім ресми стильде жиі ұшырасады,ғылыми стильде жиілігі екінші орынды иеленеді. Сөз таптарының стилистикасын толық тану грамматикалық тұлғалар арқылы стилистиканың нәзік иірімін жіті толық сезінуге алып келеді. Шешесі салқынқандылау еді (Т.Нұрмағанбетов),Кәмилла жылауық еді (Ә.Нұршайықов), осында салқынқандылау, жылауық сияқты сын есім экспрессивтілігінің қанық бояуын грамматиқалық тұлғалар арқылы көрсете отырып, стилистикалық әсерлі мәнді жеткізеді.
Функциональдық стильдердің кеңістік параметріне қөз жібергенде мына мәселе назарға ілінеді. Стильді жасаушы, құраушы, түзуші субъект ойланудың шығармашылық психологиясы арқылы стильді қалыптастырады. Оның өзін екі топқа бөлуге болады:
1. Көрнектілік- көркемдік;
2. Теориялық.
1. Көрнекілік-көркемділік шығармашылық:
- ауызекі сөйлеу
- көркем әдебиет стиль стиль
- публицистикалық
2. Теориялық шығармашылық :
- ғылыми
стиль құрайды.
- ресми
Көркем әдебиет стилінде дерексіз зат есімдер экспрессиялық ерекше стильдік мән алғанымен, оның эстетикалық қызметі көп байқала бермейді, себебі oл басқа стильдік құралдар немесе тәсілдер тұрғысынан талданып кетеді.
Мен ол кезде Апамның өмір тарихын, тіпті кім екенін білмей, алаңсыз шуақты күндерге марқайып маңар едім. ...Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып отырғанымыз (О. Бөкеев).
Қазақ көркем сөз зергерлері өздерінің шығармаларында зат есімнің ерекше көркемдік қызметі жайлы сөз ұстанымы ретінде әсерлі қолдана білген. Жоғарыда келтірілген мысалдарда апам зат есім тәуелдік жалғау тұлғасында келіп, автор өзінің жан жылулық сезімін беру мақсатында қолданылғанын көруге болады.
Зат есімдер поэзиялық шығармаларда туған ел, жамағатқа байланысты мәтіндердің көркемдік қуатын көрсету мағынасында жиі жұмсалады.
Көркем шығармада зат есімдер жеке тұрып та кейде жалғаулар арқылы өзінің стильдік мәндерін айқындай түседі. Өлең мәтініңде зат есім экспрессивтілігінен гөрі,нақты философиялық сипат береді. Сондықтан оның жалқы есімдік тұлғасы алынуы нақтылықпен толғаныс нысаны ретінде жұмсалынған. Кез келген оқиға, құбылыстарды суреттеуде зат есім нақты атау ретінде алынады. Мәселен, көркем әдеби тілде аты аңызға айналған жалқы есімдер Төлеген, Қыз Жібек, Баян сұлу, Қозы-Көрпеш сияқты әдеби, тарихи кейіпкерлер ауызекі сөйлеу тілінде махаббаттың, сұлулықтың символы ретінде жиі ұшырасып отырды. Ауыз әдебиетіндегі Қарабай, Шығайбай сараңдық, малқұмарлықтың белгісін көрсетсе, Қодар–дүлей күш иесі болып, халық арасына кең тараған жалқы есімдер.
Қазақтың әдеби тілінің бай кеңістік әлемінде ономастикалық атаулар ерекше жағымды ой туғызады әрі көркем шығарманың бай сөздік қуатын арттырады. Көркем әдебиет стилінде кісі есімдері, жер-су атаулары түрлі ассоциациямен стилистикалық бағалау категориясынның рөлін атқарады. Зат есімдердің әлеуеттілігі күшті тобына әр түрлі ассоциациялық ұғымға негізделген географиялық атаулар кіреді.
Бір мезет Орхон,Он, Ертіс өзендерінің жағасындағы Найман, одан төмен осы күнгі Сырдарияның оңтүстік-батыс өңірін жайлаған Алшын, Қыпшақ, Найман, Керей, Қоңырат сияқты белді рулардың Шыңғысханның үлкен баласы Жошының ұлысына бағынып Бату ханның Алтын Орданың негізін қаласқанын, Сырдария мен Еділ, Жайық бойын еркін жайлағанын бір шолып өтті. Жетісудағы Үйсін, Дулат, Жалайыр руларының Жағатай ұрпақтарының иелігінде қалғанын да жыр етті (І. Есенберлин).
Қарап отырсақ, тарих, әлем, жер, су, адам т.б. зат есімдер адам санасына шындық болмысты деректі ақпарат арқылы беру мақсаты зат есімдердің стильдік байлығын ерекше айқындап көрсетеді әрі автордың прагматикалық бағдарын нақтылайды.
Зат есімнің ассоциациялық, атауыштық, нұсқаушылық, экспрессивтік, прагмастилистикасы ерекше, осы қасиеттерімен көркем әдебиетте, батырлар жырында, жыраулар поэзиясында көптеп кездеседі. Асан Қайғынның “Еділ бол да, Жайық бол”, Доспамбеттің “Сарыарқасы”, Шалкиіздің “Ер Шобаны”, Ақтанбердінің “Қарт Бөгенбайы”, Тәттіқара ақынның “Артық туған Абылай”, Үмбетай жыраудың “Ей, Ақтамберді”,“Қабанбай”, “Бекболат би”, “Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту”, Бұқардың “Ай, Абылай, Абылай” т.б. бұдан да басқа қазақтың әдеби тіл өкілдері жазба әдеби тілдің стильдік тармақтары сараланғанға дейін өз шығармаларында ономастикалық, топонимиқалдық атауларды қолдану арқылы стильдік сұраныс қажетін өтегінін көруге болады.
Суреткерлер өз поэзиясында қазақ халқының өмірлік күресін, талайлы тағдырын, ел, жер үшін азаматтағы асқақ мәртебесі биік абзал ұлдарын, тәтті, дәмді, тармақты, Ұзын,Ертіс, Жетісу (Мағжан) жерлерін өзіне мәңгілік тақырып етіп алған. Қазақ халқының ұлттық мәдени дәстүр-салтын, таным- сенімін, ондағы халық тіршілігі мен тынысын, халық шежіресін, халық өмірін, халықтың тағдырын поэтиқалық тіл арқылы жеткізді. Кез келген көркем поэзияда ономастикалық және топонимикалық атаулар осындай қазақтың сырлы дүниесінен сыр шертеді. Ономастикалық және топонимикалық атаулар – бағалы тарихи мұра, ел-жер-су атауы, қымбат қазыналы жер,ер-азамат – ежелгі ел арманы, ел мұраты. Ұлттық санамыздан мәдениет пен тарихты ысыру үшін бұл тарихи тұлғалар мен жер-су атаулар біраз уақыт аталмай кетіп, тәуелсіз мемлекеттің арқасында ұлттық ономастиканың қоғам өмірінен орын алуы көркем шығарманың тағы бір қырының маңыздылығын көрсетеді. Әр түрлі саяси жағдайлардың, отаршылық идеология әсерінен рухани мәдениетті көзден бұлбұл ұшыру үшін жер-су, елді мекендердің, адам есімдерінің тарихи себептердің құрсауында өзгертілмеген, көркем әдебиеттің стильдік әлемінде оны ешкім өзгерте алмайды екен. Ол – өнер тілі, сондықтан поэтиқалық әлемде адамзаттың рухани жан-дүниесімен ғұмыр кешеді. Өнер тілінің өн бойында лексикалық қазынаның стилистикалық тұрғыдан ономастикалық, топонимикалық атаулар деген топтарға енуі заңды құбылыс болғанмен, олардың мағыналық әрі мәнерлік сипатта қолданыстарын сөз ету поэзия тіліне тән авторлық шеберлік қызметін танытады.
Көркем әдебиет стилінде зат есімдер тарихты жаңғыртушы ақын қолданысында ерекше стильдік фон құрады, тарихи, әлуметтік тұғыр танымда стилистикалық фреймдер ретінде ассоциацияланады.
Ендеше, кез келген көркем туындыда халық мәдениетінің тарихи ізі рухани байлығымызбен сабақтастырылып ұлттың ұлылығын көрсететін елі мен ел ардагерлерінің есімдері өлең арқауына айналады да стилистикалық әсер тудырады.
Тіл қанша дәуірді басынан кешірсе де толығып, жаңғырып, жаңарып өткен өмірдің куәгері болады. Сөз байлығы өткен тарих жайлы мол мәлімет береді. Қазақ тілінің көне де байырғы лексикалық байлығын, әсірессе, оның жер-су атаулары мен кісі аттарын зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор.
Тіл дамуындағы географиялық кеңістік, мекен-жай, уақыт-мерзім межесі мен тарихи кезендер, әлеуметтік жағдай антропонимия мен топономикаға қатысы ерекшеліктердің барлығы тарихи стилистикалық фреймдар арқылы ассоциацияланады. Мысалы: Арқадан бір өзенді дер Обаған, Сол жерде аз ғана Уақ қоныс қылған. Уақытық ерте күнде өжет– Қайсар, Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған. Алатау – алып ана көкпен талас, Арқада емген сол анасын тентек Талас. Қырғызға қасиетті Талас суын. Ертеде қоныс қылған батыр Манас, Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун, Түріктер бұл екеуін дария дейтін, Киелі сол екі су жағасында Табасың қасиетті бабаң бейітін (Мағжан).
Қазақ тілінін ұлттық дүниетанымының коммуникативтік қызметінен ерекшелігі мынада: адресант адресатқа сыйлау, құрмет тұту мағынасында Нұреке,Сәке, Алеке немесе әйел адамдарды еркелету мақсатында Сәулеш, Қанаш, Мағашдеп атайды, бұл атаулар көркем әдебиет стилінде ұлттық тілдің атауыштық қызметінде жұмсалуы екен.
Публицистикалық стильде зат есімдердін ішінде жалқы есімдер тарихи-мәдени атау ғана емес, қоғамның әлеуметтік жүйесін таныту мақсатында елдің, жердің, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатының мемлекеттік масштабын көрсету мағынасында қолданылады. Алматы – менің сүйікті қалам, Азия дауысы Алматыда өтеді, Таразға – 2000 жыл бұл зат есімдер тарихи – әлеуметтік мәнге үнілуді ұғындырады.
Ресми стильдің мәтінінде жалпы есімдерсіз оның деректілік, ақпарттық сипаты ешуақытта анықталмайды, құқықтық тұрғыдан заңды ресми құжатқа жатпайды, сондықтан ресми стильдің негізгі факторы зат есімдер стильдік сұраныс қажеттілігін өтеуге жұмсалады.