Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Шылаулардың стилистикалық қызметі



бет46/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Шылаулардың стилистикалық қызметі

Басқа сөз таптары сияқты шылаулар да функциональдық стильдердің әрқайсында атқаратын стильдік қызметімен айрықша орын алады.Шылаулардың әрбір қолданысында оның нәзік қатарлары арқылы аңғарылатын стильдік белгі әр түрлі, әсерлілік пен сезім сырларын бере алады .Мысалы:Ауылым қорған Сырымбет саласына,Болдым ғашық ақ сұңқар баласына.Бидайыққа лайық қарағым-ай,Бір жаманға қор болып барасың ба? (Ақан сері).Халық арасында айтылатын өлең жолдарының екі вариантында тек шылау сөздер өзгертіліп айтылып отырады, оны тек өлең тіліне зер салғанда байқауға болады.


Кейде өлеңнің соңғы жолы бір жаманға қор болып барасың ба деп айтылады, ба сұраулық шылау риторикалық сұрау күйінде айтылып тұр, екінші жолда да шылауы болған оқиғаға “көбінесе амал жоқ” деген шарасыздықпен өкінішті аңғартып тұр.
Шылаулар сөз бен сөзді,сөйлем мен сөйлемді немесе сөздерге грамматикалық мағына беруде ерекше стильдік мән ала алады.Лексикалық мағынасы болмаса да, түрленбесе де оның байланыстырушылық, дәнекершілік қызметі функциональдық стильдердің өте нәзік стильдік бояуын береді, Басқа сөз таптары сияқты өзіндік орны бар.
Жарқ етпес қара көңілмен не ғылса да, Аспанда ай мен күн шағылса да Дүние, сірә, сендей маған жар жоқ.Саған жар меннен артық табылса да (Абай).
Бұл өлеңде Абай да шылауын үлкен ықыласты жүрек әуенімен наз,сағыныш, өкініш, көңілсіз көңіл, жүрек сыры сияқты жалпы сезімін адамзатқа ортақ қасиеттерінің (бұл жерде жағымды,жағымсыз деп алуға келмейтін сезімдер туралы айтылып тұр) нәзік иірімдерін шылауларды қолдау арқылы стильдік бояуға
ендірген.Жалқаулық шылаулардан басқа демеулік шылаулар да көркем әдебиет стилінде көңіл-күйдің алуан түрлі мағыналық- стилистикалық бояулар бере алады.
-Сайтан қатықтағандай күледі-ей,жоқ-ау несіне жетісіп күледі деймін-ау (О.Бөкей). Осы сөйлемдегі айтушы сөйлеу актісіндк әр түрлі көңіл-күйдің прагматикалық аспектісін де айғақтайды, кез келген тілдік бірліктер стильдік қолданыс мақсатында белгілі жүйелі ойға жетелейді,ой арқылы сөйлеу жағдаяттарына икемделеді.Егер осы сөйлемдердегі шылау сөздері алып тастағанда, онда сөйлемде басқа стильдік мән пайда болады, ол шылаулармен тіркескенде сөйлеушінің айтылу мақсаты ешбір бүкпесіз, шын көңілден айтып тұрғаны байқалады,прагматика тілдік таңбаның қарым-қатынас жағдайындағы қолданысын қарастырады, ал стилистикалық мәнде ол тіпті айқындала түседі екен.
Шылаулар ауызекі сөйлеу стилінің қолданысында интонация арқылы алуан түрлі стильдік бояумен құлпырып кетеді.Мысалы,да шылауы, солай де шылауының астарында көп мағына үнмен айтылғанда көп астарлы ойдың түрлі мақсат әрекеттері көрініп отырады.
Ресми мәтінде шылаулардың қолданыс үлгілерінің қызметі әр түрлі а)байланыстырушылық; ә) жеке сөзді толықтырушы; б) грамматикалық мағына үстеушілігімен ерекше көзге түседі.Шылаулардың ішінде жалғаулық, демеулік шылауларға қарағанда ресми стильде септеулік шылаулардың үлес салмағы айрықша рөл атқарды.
Ресми стильде субъект пен объект қимыл-қозғалыс арасындағы белгілі мақсатқа, себепке салыстыру міндетін атқаруда септеулік шылаулардың қызметі айтарлықтай мол екені бірден байқалады.Әсіресе,қатысты, қарсы, байланысты, бойынша, жөнінде, арқылы, туралы шылаулары жиі ұшырасып отырады.Акт арқылы жою, қаулы туралы баяндау; кешірім туралы өтініш, шағым арыз туралы т.б.
Ғылым стильде де шылаулар аз кездеспейді, олар сөйлемді логикалық жағынан байланыстыру мақсатын көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет