Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
Лепті сөйлемдердің прагмастикалық қызметі Лепті сөйлем адамның көңіл – күйінің әр түрлі эмоциясын білдіреді.Лепті сөйлем жәй және құрмаластың ішінде де жеке парцеляциялық құбылыстарда, элипсистенген сөйлемдерде жиі ұшырасады . Эмоция да экспессивтілік сөйлемдердің барлық түрлерінде де кездеседі .
Лепті сөйлемнің белгісі – леп белгісі. Леп белгісі “эмфаза көрсеткіші” деп аталынады.Эмоция сөйлемдердің ішінде лепті сөйлемнің құрамына ғана тән, басқа сөйлемдер бірге эмоцияға қатысты болса, бірде қатыспауы мүмкүн.
Эмоция – адам жанының әр түрлі реакциясы. Лепті сөйлемдер субъективті психологиялық процесс ретінде алынады.Сөйлем құрамында суъективті психологиялық процесті білдіретін адам сезімінің әр түрлі реакциясын көрсететін сөйлемдер – лепті сөйлемдер.
Функциональдық стильдерде лепті сөйлемдер ауызекі сөйлеу стилінде, көркемәдебиетте және публицистикалық стильде жиі қоланыдады. Көркем әдебиет стилінде оның әр түрлі жанрларында, әсіресе, поэзиялық шығармаларда жиі ұшырасады.
Публицистикалық стильдің электронды – ақпаратық салаларында лепті сөйлем жиі қолданылыды. Мысалы , тек қана алға!Лепті сөйлемнің белгісі – леп белгісі, адресанттың жан – дүниесінің психологиялық жай – күйін білдіреді, адресанттың да жан – дүниесін ассоцициялайды.
Лепті сөйлемдерде ерекше байқалатын стильдік мәнер мынадай мақсаттардан туындайды: құмарлық, құштарлық, тілек, ниет, шабыт әр түрлі императивтік мағыналары арқылы стилистикалық әсер беріп отырады.Қоғам мен адам арасындағы қарым – қатынастағы қарама-қарсы сезімдерден тұратын психологиялық ерекше құбылыс нәтижесін көрсете алады.Одағайлар лепті сөйлемнің құрылуының алғы шартына негіз бола алады. Автордың өз басының алуан – алуан нәзік түйсіктері, адам басындағы сол алуан толғаныс сыртқы дүние түрлі мағыналық ренкте интонациямен , екпінмен сыртқа шығады.Оның бәрі лепті сөйлем арқылы беріледі.
Лириканың күші әсерлілігінде. Әсерліліктің өзі сыртқа шыққанда түрлі көңіл – күймен айтылады. Көңіл – күй шаттықты, ашулы, өкінішті, ренішті, қоздырулы, тілек – қалаулы, бұйрықты тағы сол сияқты ойдың екпінімен айтылады.
Лепті сөйлем бір сөзге де, бүкіл сөйлемге де тән болып келеді.Ыстық, суығы қатар жүретін шіркін өмір! Билік, мансап дегеннің құдіреті осындай!Мұндай қорлық болмас! (І.Есенберлин).
Поэзиялық шығармаларда лепті сөйлемнің құрамы да, мағынасы да көп болуы заңды құбылыс.Сөйлемнің сан түрлі мағыналық түрлері кездеседі.
Ұлым, менің бұл сөзіме бағарсың, Жанар кезде өзің де от боп жпнпрсың.Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ, Ал, басқасын өзің тауып аларсың! (Т.Молдағалиев).
Бұл өлең жолдарындағы әр сөйлем жеке сөйлем етіп алғанда лепті сөйлем болып кетеді.Бірақ бір ойдың бірнеше қабаттары айтылып, не – гізгі айтылатын ой тиянақталатын кезде лепті сөйлеммен аяқталады. Мысалы:
Кейде жеке сөз лепті сөйлемнің жүгін көтеріп кетеді де соның қызметін атқарады.
Қазақ көзі ол өлкеге қарауыл, Жайқалады бұл далада ала гүл Тек біздерге адасуға болмайды,Өз үйіміз, өз жолымыз бола біл! (Т.Молдағалиев).
Осында біл сөзі – алдындағы ойдың жетекші сөзі. Сондықтан ұйқас үшін біл сөзі сөйлемнің соңына барғанмен біл , ой міне деген сияқты есімдік сөздерімен мағыналас дәрежеде ойды нақтылап, анықтап көрсету үшін лепті сөйлемге айналған.Өлең әр уақытта бірнеше шумақтан тұрады.Құбылысты, оқиғаны суреттей отырып түрлі жорамал ,болжам айтылады. Сонда ойдың негізгі шешімін тапқан жағдайда соңғы шумақтың соңғы тармағындағы сөйлем лепті сөйлем қызметін атқарады.Сыр бермеспін, өлсем – дағы ,тегі ,мен, Көздегі жасты сүртіп жеңіммен, Ауылыңнан мен алыстап кеткенше ,Қимай қарап қалады деген сеніммен! (Т.Молдағалиев).
Белгілі бір істің орындалуын талап еткенде немесе өзіне-өзі талап қою, серт беру мақсатын танытқысы келгенде автор лепті сөйлемді қолданады.Ешкімнен сорлы да емес бақ мерейім, Бітпейді қошаметшіл көпке дейін,Ешкімнің қорасына түспеймін деп Елуді айтпаңдаршы, ант берейін! (Т.Молдағалиев).
Қайталау үлгісінде жаазылған сөйлемдерге ой екпіні түсіп тұрғандықтан лепті болып келеді. Мысалы:
Мақтай бер далам менің,Сол жақтың ой мен өрің. Өйткені ол туған жерің!
(Т.Молдағалиев).
Автор немесе лирикалық, кейіпкер айтылған оқиғаны толық баяндамайды,тек оқырманына ой ,сыр тастап кету үшін лепті сөйлемді пайдаланады.
Мәтінде лепті сөйлемнің прагмматикасы мынады:таңырқау, таңдану,қайғыру,қорқу,аяу,арман ету,өкіну т.б.