Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Бұйрықты сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі



бет52/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Бұйрықты сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі

Бұйрықты сөйлем де лепті сөйлем сияқты мазмұны әр түрлі болып келеді . Олардың әр түрлі болу себебі бұйрық қалай, қандай жағдайда қандай мақсатпен айтылғанымен байланысты,Бұйрықты сөйлемдегі баяндауыштар құрамының сөйлемде орналасу тәртібі әр түрлі болады.Лепті сөйлемге қарағанда бұйрықты сөйлем лирикалық шығармаларды көп кездесе бермейді. Лирикалық шығармаларда қатал бұйрықты, өктемдікті талап ететін сөйлемнен гөрі тілекті, өтінішті,жалынышты қажет ететін сөйлемдер жиі кездеседі. Қатал бұйрықты сөйлем лирикалық шығармада кейіпкерлер арасындағы диалогтық қатынастығы сөйлем түрінде кездесіп қалады. Сөйлемде айтылған бұйрықты, тілек,өсиет,үндеу мағынасындағы сөйлем болып келеді.


Бұйрықты сөйлем біреуді бір іс істеуге “әрекет ету ”мақсатында айтылады. Бұйрықты сөйлем жалаң тілекпен ғана айтылмайды,кісінің еркін, талабын,кеңесін,тілегін ,жалынышын білдіреді. Қазіргі қазақ тілі оқулығында бұйрықты сөйлем ауыз екі сөйлеу тіліне тән,көркем әдебиет стилінде диалогта жиі ұшырайды делінген. Бұйрықты сөйлемдер көбінесе рай категориялары арқылы жасалынады, негізінен таза бұйрық мағынасы бұйрық раймен, тілек, өтіну,жалыныш,тілек қалау рай арқылы жасалынады.
Ресми стильде императивтік сөйлеу жанрының негізін құрайтын бұйрықты сөйлем кездеседі. Бұйрықты сөйлемнің негізгі коммуникативті мақсаты адресанттың іс – әрекетінің жүзеге асырылуына негіз болады.
Өтініш иесі ардесатқа өзінің бұйрықты сөйлемі арқылы екі жақты қызығушылық тудыра отырып,болашақ іс – әрекеттің орындалуын талап етеді. Бұйрықты сөйлемдер бұйыру мен сол бұйрықтың орындалуын да қадағалап отырады. Мысалы: көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу стиліндегі бұйрықты сөйлемдердің прагматикасының астарында өзіңнің қалағаныңды сұра , не сұрасаң да , не бұйырсаң да соны істеймін деген мағына тұрады, ал ресми стильдегі бұйрықты сөйлемдердің прагматикасы басқару талабын көрсетеді , осыдан екі бұйрықтың стильдік мәні шығады.Ресми стильде іс – әрекеттің орындалуын қатаң талап кету мағынасы адресат оны ықтиярсыз жүзеге асырады, басқа стильдегі бұйрықтың орындалуын талап ету мағынасы бәсеңдік танытады.
Ресми стильде қоғамдың бұйрық адресаттың жеке іс- әрекетіне байланысты тәртібі сақталып , арнайы қалыпты синтаксистік конструкциялар қолданылады.Басқа стильдерде бұйрықты сөйлемдер адресант пен автор, бұйыру талабының күші-қуаты, бұйыру мәні жеке стильдік мәнері арқылы дайындалады.
Бұйрықты сөйлемдер ресми стильде негізінен хабарлы сөйлеммен бір шамада қатарласа қолданылыды, әсіресе бұйрықты сөйлем ретінде бірден көзге түсетін ерекшелік кейбірі тақырып түрінде көрінеді. Ресми стильдің тақырыптары :бұйрық , нұсқау,ереже , жарлық деп аталуы заңды орындалу талабын көрсетеді.Кейде ол ресми мәтінде жаңа жолда бұйырамын деген сөзбен беріледі. Сөйлемнің баяндауышы ретінде жұмсалып , бұйыру қатал талап ретінде айтылады. Ресми стильдегі бұйрықты сөйлемдер көбінесе баяндауышсыз айтылып, оның орнына қаратпа сөздер жеке шоғыр топ құрап, бөлек мәтін түзеді (бұл көркем әдебиет, ауаызекі сөйлеу стиліндегі бұйрықты сөйлемдердің сыртқы жүйелілік сипатынан ерекшелігі болып саналады).
Бұйрықты сөйлемнің бұрыннан айтылып жүрген өзгешелігі олар аз сөзден құралып екпінді әуенмен тақ – тұқ айтылады, классикалық синтаксистік ерекшелік ресми стильде де толық сақталынады.
1.Бұйрықты сөйлемдерді ,біріншіден, хабарлы бұйрықты сөйлем деп те бөлуге болады. Алайда бұл сөйлемдер таза бұйрықты сөйлем болып саналмайды, хабарлама – талап мағынасындағы стильдік мәні басым сөйлемдер: үйді үстіміздегі жылы пайдалануға беру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, жұмыстарын жеделдету, шара қолдануыңызды сұрайды.
2. Бұйрықты сөйлемдер 1 – жақта жіктеліп, жеке бұйрықтың орындалуын талап етеді. Сондай –ақ... жүзеге асырылсын, орындалсын, тағайындалсын деген субъектінің деректі-дерексіз атауларға қатысын талап ететін 3 –жақтағы бұрықты сөйлемдер де кездеседі.
Ресми стильдердегі бұйрықты сөйлемдерді жалпы халыққа , көпшілікке арналған деп те бөлуге болады.Бұл ресми құжатты жазылу мақсаты мен мазмұнына қарай топтастырғанда көрінеді. Бұл үндеу мәндес бұйрықты сөйлемдер деп саналады.Мемлекет аралық өкімдік құжаттарда осындай стильдік сарын байқалады.Баяндауыштары бұйрық райдың 3- жағында айтылған сөйлемдер көбінесе талап,тілек мәнге құрылып, бүтіндей ресмилік сипаты басым болып келетін стильдік жүйелілік тәртіппен құрылған синтаксистік конструкцияларды түзеді.
Функциональдық стильдердің кез келген түрінде сөйлем коммуникативтік дербестігі бар тұлға ретінде ақпарат беру үшін жұмсалуы барлық стильге тән. Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысу қатыспауына байланысты жай сөйлемнің өзара іштен бөлінісі шығады . Біріншіден, әр стильдің жазба стильдерінде сөйлем мүшелерінің қатысуы синтаксистік заңдылыққа, ал көркем шығарма тілінде автор стильіне қатысты болып келеді.
Ауызекі, көркем әдебиет, публицистикалық стильдерде тілдік модельдердің сөйлеудегі көрінісі толық сақталады.Ауызекі сөйлеу стильіндегі монологтік және диалогтік бірліктердің ерекше синтаксистік құрылым екендігі белгілі, яғни сөйлем диологқа құрылып, автор баяндауы арқылы толық түсінікті болады,шартты түрде алғанда олар:жақсыз,атаулы, лепті немесе перцелляцияға құрылған сөйлем тұлғалары болуы да мүмкін .
Функциональдық стильдердің ауызша түрінің бәріне қатысты сөйлемдер ауызекі сөйлеу түрінің диалог түрінде жүреді, ең басты синтаксистік құрылысы өзгереді, сөздер ,сөз тіркесі,сөйлемдер айтуға жеңіл , ыңғайды болады (кім –кімнен сұрады, кім келді, соны сұрады) үнемді әдіске құралады,ой негізі беріледі,сөйлем құрамы қысқа болады.Бұл ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік құрылысына тән болып келеді.
Ғылыми ,ресми стильдің ауызша түрінде сөйлемдер логикалық синтаксиске құрылады .Біріншіден ,дайындық қажер етіледі, екіншіден, дайын сөйлемнің барлық конструкциясы болмаса да жартылай стандартты сөйлемдер қатысады, олардың ғылыми – ресми түрде айтылуына тікелей ықпал етеді.
Эллипсиске қарама –қарсы көп құрамды құрмалас сөйлемдер бар. Олар плеоназмдық және тавтологиялық түрде қолданылады.Эллипсиске қарсы сөйлемдер – үнемдеуге қарсы мақсаттан туындаған сөйлемдер.Эллипсиске қарсы сөйлемдер контекстуалъді , ситуативті, монологты және диалогті болып келеді.
Эллипсиске қарама – қарсы сөйлемдер көркем әдебиет стиліне, публицистикалық, ресми стильге тән болып келеді. Эллипсиске қарсы сөйлемдер ауызекі сөйлеу стильін сирек ұшырасады,тіпті кездеспейді деуге болады.Себебі ресми – ғылыми стиль эмоционалды – экспрессивті тапсырманы орындау үшін емес, бұл стильдердегі кездейсоқ құбылыс оның логика – хабарламасына тікелей байланысты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет