Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Стилистикалық категориялардың мәтін өрісіндегі табиғаты



бет5/50
Дата14.09.2023
өлшемі337,45 Kb.
#107831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Стилистикалық категориялардың мәтін өрісіндегі табиғаты
Тіл ғылымының басқа салалары сияқты стилистика ғылымының да өзіне тән категориялары бар. Стилистикалық категориялар стильдік белгілерден шығады. Функционалдық стильдердің өздеріне лайықты стильдік ерекшеліктері болады. Публицистикалық стильге тән образдылық, ғылыми стильге тән нақтылық, міндеттілік болу т.б. Осы стильдік белгілеріне қарай стиль туралы толық мәлімет алуға болады. Ол туралы мәтін құрастырылып, осының бәрі функциональдық семантикалық стилистикалық категорияның моделі әр мәтіннің өрістік жүйесінен көріне алады, әр түрлі дәрежедегі тілдік және мәтіндік тәсілдер орталық және шеткі болып бөлінеді, олардың жиынтығы арқылы ажыратылады.
Функциональдық семантикалық стилистикалық категориялар стилистика ғылымында өте аз қарастырылған, олар стилистикалық категориялар деп қарастырылды.
Стилистикалық категория (басқа көңіл аударатын) – мәтіндік категориялардың бірі. Акценттік категория концептуалды тілдік бірліктердің мағыналық жақтан көңіл аударуын қажет етеді, адресат автордың көзқарасына көз жеткізу сенімділігін көрсетеді, сол арқылы қабылдаушы мен тыңдаушының ортақ түсінікке ие болуын қамтамасыз етеді. Адресант өзінің басты мәтіндік мәліметінің ақиқатына тыңдаушының көзін жеткізеді. Мәтіндік акценттік категорияны реттеудің тәсілдері сөздің стилистикалық қызметіне байланысты әрі соған тікелей тәуелді. Ахан – біз үшін әлі оқылмаған дастан (Ә. Қайдар). Ана тілі Ахаң түрлеген сайын шыңында да түрлене түсті (З. Қабдолов).
Ғылыми стильде акценттік категория микро өрістерге бөлінеді:дәлелдеу, нақтылау, бағалау, категориялық, белсенділік т.б. Ғылыми стильдегі дәлелдеу оның стильдік базасы арқылы да түсіндіріледі.
Ғылыми стильдегі нақтылық логикалық жақтан тиянақтауды қамтамасыз етуде көрінеді. Ғылыми стильде акценттік категорияны ғылыми жүйелеудің танымдық процесінің динамикасы мен табиғаты арқылы түсіндіріледі. Ғылыми стильде ол терісті теріске шығару заңына сәйкес келіп отырады. Сонымен қатар, бірақ, алайда, керісінше, дегенмен ,сияқты шылаулар кез келген ғылыми мәтіннің стилистикалық жағынан дұрыс құрылуында маңызды рөл атқаратын акценттік категория болып табылады. Демек ... әдеби тіліміз ұзақ жылдар бойы жалпы халық тілі негізінде пайда болды (М. Балақаев). Бірақ күрделі етістіктің құрамындағы жеке сыңарлар өзінің дербестілігінен айырылған (Қазақ грамматикасы).
Акценттік категорияның ғылыми стильдегі тағы бір түрі нығайту деп аталынады. Ғылыми мәтіндерге үстеудің түрлерін осыған жатқызуға болады, ерекше, айрықша, төтенше автор осы сөздер арқылы ғылыми стильдің ерекше көңіл аударатын тұстарына адресаттың назар аударуын көздейді. Интонацияның маңызды да ерекше компоненттерінің бірі – пауза (Қазақ грамматикасы).
Ғылыми стильде адресант адресатқа айрықша көңіл аударту үшін мәтіннің микроөндірісіндегі тыңдарманның қызығушылығын арттыратын кейбір синтаксистік және графикалық тәсілдерді пайдаланады. Ғылыми мәтіндегі осындай акценттік категориялар өзінің күрделі ғылыми хабарларға толы мәтіннің мазмұнын қабылдаушыға түсіндіруді жеңілдетеді. Сондықтан кейбір графикалық сызықтар мен сөйлемдерді ерекше белгілерімен сызып, дизаин жасап, белгілі стильдік белгілермен көрсетіп отырады. Ғылыми стильде баса көңіл аударатын құбылыс оның фактілігін, терминдерін түсінуін, анықтамаларын графикалық сызбалар арқылы бөліп көрсетеді. Міне, осы графикалық сызықтар адресаттың немесе қабылдаушының стильдік сұранысын өтеуге жеңілдік қана әкеп қоймайды, қызығушылығын тудырады.
Ғылыми стильде акценттік категорияның арқасында «экспрессивті мазмұндау» деп аталатын стильдік белгілермен келетін синтаксистік категориялар болатындығы белгілі болып отыр. Осындай ғылыми анықтамалық сөйлемді қабылдаушы толқымай оқи алмайды. Көз ауруының 200 түрі бар (Ғылыми оқулықтан). Әлихан Бөкейханұлы – аристократ, төрелігі бар, батыс рухындағы ғалым, күрескер стратег, тактик саясаткерлігі басым тұлға. А.Байтұрсынұлы – өз заманындағы әлемдік дәрежедегі ғалымдардың еңбектерімен жетік таныс болған адам. Демек, экспрессивті мазмұндық тәсілмен келетін стилистикалық акценттік категориялар ғылыми танымдық шығармаларда да баршылық.
Ғылыми стильде кездесетін категориялардың қатарына жататындардың бірі – гипотезиялық категория. Стилистикалық категорияның бірі болып саналатын гипотезиялық категорияны зерттеу жаңа басталып келе жатыр. Гипотезиялық категория әр түрлі тілдік тәсілдерді оның ішінде белгілі болжамға негізделген жүйелілікті көрсетеді, мәтіннің белгіленген жазықтығындағы жалпы функциясы және семантикасының қалыптасқан сөз гипотездері немесе гепотезиялық құбылыс болып саналады.
Гипотезиялық категория сөздің стильдік аспектілерінде пайдаланылады, бірақ оны барлық мәтінге қатысты деп айтуға болмайды, тек ғылыми мәтінге ғана тән. Ендеше, гипотезиялық категория ғылыми стильдің және көркем әдебиет стилінің кейбір жанрларына тән (атап айтқанда, фантастикалық шығарламарға). Бұл категорияның экстралингвистикалық негізгі ғылыми танымның өзіндік ерекшелігіне және ойлау процесіне байланысты болса, фантастикалық шығармаларда қиял сияқты сезімінің ерекше сәтінен туындайды. Гипотеза – білім формаларының бірі және жаңа білімінің өндірістегі процесінің таным әдісі ретінде көрінеді. Гипотезияны жаңа ғылыми көзқарастардың синонимі ретінде алуға болады. Гипотезиялық категория ғылыми стильдің барлық жанрларында кездеседі. Гипотезиялық құбылыс мәтіннің «гипотеза болжам» деп аталатын өрісінде номинативтік атау ретінде байқалады. Олардың қатарына жататындар: идея, жорамал, болжам, далбар, ниет, тапқырлық, күдік, алдын ала болжау, ықтималдылық, сондай ақ модаль сөздер, шылаулар, қыстырма сөздер қатысып отырады: демек, алайда, әйтсе де, егер де, олай болса т.б.
Гипотезиялық категориялардың грамматикасы көбінесе шартты рай тұлғаларымен, келер шақ, етістік формаларымен келеді. Ғылыми мәтінде олар бір бірінен бөлшектенбей, бірлескен, маркерленген сөздер жиынтығы ретінде кездеседі. Гипотезиялық категорияның негізгі орталық өрісінде сұрақ жауап топтамалары, проблемалық сұрақтар мен тізбектелген сұраулы сөйлемдер, синтаксистік конструкциялар бағыныңқы сөйлемнен аяқталып отырады.
Стилистикалық категорияның тағы бір саласы – «бағалаушылық». Бағалаушылық – философиялық әлеуметтік әдебиеттерде кең қолданылатын термин ретінде философиялық категорияның құрамында айтылады.
Кез келген ғылыми мәтін оқырманның атынан «бағалау» тұрғысынан қаралмаса, оның мамандықты керек ететін ғылыми білімі негізделмейді. Бұл арада мынаған айрықша мән беру керек, автордың өз сенімділігіне көп нәрсе байланысты. Оқырманның объектіге қарым қатынасы белгілі бағалау тұрғысынан айқындалады. Егер ғылыми стильде автор өзінің зерттелуіне сенімді болса, онда тыңдаушы тұрғысынан толық бағалана алады. Ғылыми стильдегі бағалау аспектісі көп жағдайда ғылыми тілдегі басқа мазмұндаудың объективтілігі стильдік белгісімен тікелей байланысты болады, бұл микроөрісті категориялық және категориялық емес деп бөлуге болады.
Автор ғылыми стильде категориялықтан қаша отырып, алдын ала шешілмеген белгілі объективтілігі қамтамасыз ете отырып, тек ақиқат шындыққа ұмтылады. Бұл – категориялық емес аспекті болып саналады. Мазмұнның категориялық емес аспектісі ғылыми стильдің нормасы болып табылады, дәстүрлі қалыптасқан, ғылыми этикет, психологиялық қабылдау т.б. «автордың» көмегінсіз оқырман өз тұрғысынан бағалау категориясын бере алады.
Стилистикалық категориялардың қатарына жататын бағалау категориясындағы модальдік өрістің элементтерінің бірі – субъект, объект және предикат. Субъект бұл тұлға немесе социум, бағалау объектісі тұлға, зат т.б.
Ғылыми стильде бағалау категориясы ғылыми рецензияда жан жақты көрінеді. Олар жалпы аксиологиялық баға, ментальді баға, практикалық баға (нормаға сәйкес келуі) және эмоционалды баға беру т.б. деп бөлінеді.
Ғылыми стильдегі бағалаудың түрлері:

  • аксиологиялық баға: тамаша идея, жоғары деңгей, ғажайып үлгі;

  • ментальді баға: маңызды үлес, рационалды ыңғай;

  • тәжірибелік баға: ұтымды классификация, академиялық еңбек;

  • ғалымды бағалау: үлкен ғалым, білікті ғалым, білікті маман, жоғары білікті маман.

Автордың кез келген сөйлеудің мазмұнындағы жағымды және жағымсыз бағалаушы семантикасын білдіретін әр түрлі тілдік бірліктердің жиынтығы бағалау категориясы болып табылады. Ғылыми стильде автордың прагматикалық бағыты бұрынғы және жаңадан алынған біліміне де тікелей байланысты. Бұрынғы ғылыми білімдерді меңгереді, жаңа идеялармен қорытындыларды ғылыми жүйеге құра біледі, оның дамуын, тәжірибеде орннығуын қадағалайды. Ғылыми стильде қорытынды білім, болжам, әдістеме, тәсіл түрлерін кәдеге асырады. Ғылыми стильде бағалау категориясының қатарына жағымды бағалау лексикасы жатады: (жоғары сатыға көтерілген, дұрыс қорытынды жасалынған, рационалды (ұтымды қолданыс), нәтижелілік, алдыңғы қатарлы, қанағаттанарлық) т.б. Бағалай сипатына жағымсыз бағалаушы лексикалар да кіреді: диспропорция, кешірілмейтін, жарамайтын, дәлелсіз, қисынсыз. Ғылыми мәтінде рациональды бағалаушы коннотациялар да көптеп кездеседі: жоспарлы даму, икемді құрылым т.б. Ғылыми стиль мен ресми стильде бағалаушы тілдік бірліктер іс жүргізу мен ғылыми мәтінді құраудың тәжірибесі арқылы белгілегенеді, олардың қатарына көбінесе стандартты құрылымдар қатысады: толық қанағаттанарлық, түбегейлі жақсарту, аса қанағаттанарлық т.б.
Ресми стильдің кейбір жанрларында заң, бағдарлама, ереже, келісім т.б бағалау категориясы ашық түрде жазылып, адресат жазылған мәтіннен ресми стильдің негізгі мазмұнын қабылдау үшін прагмастилистикалық бағдар жасай алады.
Публицистикалық стильде бағалау категориясы әлеуметтік болып саналады. Публиуистикалық стильде бағалау категориясы полемика, теледебат, прения сияқты бұқаралық ақпараттық жанрларда жиі кездеседі.
Бағалау категориясын тудыратын біріншіден субъект. Субъект заңды қоғамның әлеуметтік өкіл ретінде өзі жазып отырған оқиға, құбылыс туралы бағалау категориясын қолданып, оқырманға акценттік ой тастайды. Екіншіден, қабылдаушының жалпы көзқарасы тұрғысынан да автор стилистикалық бағалау категориясын пайымдап бере алады. Публицистикалық стильдің субъектісі өзінің белгілі обекътіге тек бағалау категориясы тұрғысынан келуі, оның белгілі қоғамның өкілі екенімен ғана шектелмейді, қоғамдағы жағымды заттық ұғым, болмыста суреттеу нәтижесінен де байқалады. Публицистикалық стильде бағалау категориясын жеткізу жолдары сапалық қатыстық сын есімдер, зат есім, фразеологиялық құралдар, экспрессивтік синтаксистік конструкциялар арқылы жүзеге асады. Публицистикалық стильде стандартталған құрылымдар да экспрессия тудырушы тәсілдер, стилистикалық бағалау категориясы арқылы оның стильдік сапасын арттырып отырады. Публицистикалық стильде ақпарат тыңдаушыны иландыруға сендіруге қызмет ететіндіктен, қабылдаушы тарапынан бағалау категориясына ие бола алады. Берілген хабар арқылы адресат жағымды немесе жағымсыз эмоция алады. Эмоция қоғамдағы келеңсіз оқиғаларға жағымсыз мен тудыруды көздесе, автор оны жағымыз бағалаушы лексика арқылы білдіреді, ол өмірдің таза, адамгершілік рухына тәрбиелейтін хабарда сөз жоқ жағымды эмоция тудырады.
Мысалы: ғажайып суреткерлік жалпықоғамдық байлықтар, алтын қолдар, тазалық, еңбексүйгіш, заң, қорқақтық, зиянкестілік, жалқаулық, еріншектік, қулық.
Бағалау категориясы – философиялық категория, қарама қарсылық және өмірдің «жақсы» және «жаман» сияқты белгілері арқылы сараланып отырады. Пулицистикалық стильдегі бағалау категориясы кейде автордың философиялық танымдық көз қарасының жиынтығы ретінде көрінеді. Сондықтан мәтіннің өз бойында объективті логикалық авторлық идея толық сақталынады. Сөз болып отырған құбылыс затқа әлеуметтік тұрғыдан баға беруді ұсынады. «Автор» өзінің ашық баға мен эмоциясын іріктелген фактілер оның сапасының сипаттамасы арқылы адресатқа ықпал етеді.
Ауызекі сөйлеу стиліне рационалды, объективті логикалық бағалау тән емес. Ауызекі сөйлеу стиліне бағалау интонициямен, эмоционалды, одағай сөздермен келеді: сұмдық, қорқынышты, өте жаман, жаман жақсы, қатты мақтайды, өлердей сұлу т.б. Кейде ол сол, сондай деген есімдіктермен қосылып айтылады: сондай сұлу, сондай ақылды, сондай білгіш, сондай жолы болғыш.
Ауызекі сөйлеуде бағалау категориясы жаргон сөздермен де айтылады.
Көркем әдебиет стиліне де рационалды, логикалық, обекътивті бағалау категориясы тән емес. Көркем әдебиет стилінде бейтарап лексика да бағалау коннотациясымен жиі көрінеді.
Стилистикалық категориялардың қатарына автор бейнесі категориясы жатады. Бұл категория В. В. Виноградов, одан ертеректе Г. О. Винокур, Б. М. Эйханбаум еңбектерінде сөз болған еді.
«Автор образы» категориясы жазушының өз дәуірінің әдеби тіліне, оны түсініп сезінуге, поэтикалық сөз өрнектеріне деген қарым қатынасына тікелей қатысты. В. В. Виноградов автор образы категориясын диахрондық және синхрондық жүйеде өз замандастарының шығармашылық әлемімен салыстыра зерттеуді айтады. Қазіргі қазақ стилистикасында автор бейнесі категориясын келешекте жаһандану үрдісімен жан жақты талдап оқытуды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет