Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


əдіс жатады. Ғылыми əдіс



Pdf көрінісі
бет8/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86
əдіс
жатады.
Ғылыми əдіс
- зерттеушінің таным процестерінің, операциялары мен
процедураларының мазмұндық тұрғыда регламенттеуге арналған алдын-ала
жазба бұйрықтардың жүйесі. Əдіс классификациясының бірнеше түрі бар, оның
ішінде: философиялық əдістер (зерттелетін нақтылықты анықтайтын,
синтездейтін, фрагментациялайтын жалпы қағидалар) диалектика жəне оның
альтернативалары, яғни 
метафизика 
мен 
эклектика, структурализм,
феноменологияның, инструменталды операционализмнің философиялық
түрлері.
Жалпы, ғылыми əдістерге (бүкіл ғылыми салаларда қолдалынатын)
сапалық, сандық, құрылымдық-функционалды, жүйелік, кибернетикалық,
бағдарламалық, синергетикалық түрлері жатады.
Нақты ғылыми əдістер (нақты ғылымда зерттеушінің таным іс-əрекетінің
мазмұны мен ізгілігіне регламентация жасайды): физикада - ядерлы-
магнетикалық резонанс, калибровты əдіс, химияда - хроматографиялық əдіс,
психологияда - интроспективті əдіс, тарихи зерттеулерде - герменевтикалық
шеңбер. Осыған қарамай, дəстүрлі жіктелудің түрлері келесі: формальды
өлшемдер бойынша: жалпы логикалық əдістер; ал мазмұндық тұрғыдан:
эмпириялық пен теориялық зерттеулер əдістеріне бөлінеді.
Жалпы логикалық əдістер:
Салыстырмалы
- бұл əдістің мақсаты негізгі біртекті өлшемдер бойынша
объектілерді салыстыру жəне олардың сапалы мен сандық қасиеттерін белгілеу.
Анализ
- бұл таным бойынша, біртұтас объект ойлау немесе практикалық
(материалдық) түрде қосынды элементтерге (белгілерге, қасиеттеріне,
қатыстарына) бөлшектелінеді жəне олар біртұтас объекттен тыс өзгеше
зерттелуі қажет.
Синтез
- бұл таным бойынша, объектің ойлау немесе практикалық
(материалдық) түрде алдын ала бөлшектелген қосынды элементтерін тұтастыру
жəне біртұтас объекттен тыс зерттеу процесінде пайда болған олар туралы
нəтижелерді қолдану.
Абстракциялау
- бұл таным бойынша, ойлау арқылы объектің кейбір
белгілері мен қасиеттерінен көңіл сергіту жəне зерттеуде тек қажетті
белгілеріне назар аудару.


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет