Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Термодинамиканың екінші бастамасы



бет78/87
Дата02.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#131426
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   87
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы-emirsaba.org

Термодинамиканың екінші бастамасы - заттар арасында жылу беру
процесінің жолына кедергі жасайтын физикалық қағида. Термодинамиканың
екінші бастамасы мəңгі қозғалтқыштың жоқтығын бекітіп, жүйенің ішкі
энергиясын пайдалы іске айналдыруға мүмкін емес дейді. Оны
термодинамиканың шеңберінде дəлелсіз қабылданатын постулат деп есептейді.
Ол көп тəжірибелік фактілер мен эксперименттер арқылы қалыптасқан. Оның
бірнеше эквиваленттік анықтамалары бар:
Клаузиус постулаты: «Жалғыз нəтижесі бар тек мұздай заттан ыстық
затқа жылу беру деген процесс мүмкін емес (Клаузиус атымен аталған
процесс).
Томсон постулаты: «Нəтижесі жылы резервуардың суытуының өндіріс
жұмысы деген айналмалы процесс мүмкін емес (Томсон процесі деп аталады).
Энтропиямен негізделген: «Жекеленген жүйенің энтропиясы азаймайды
(энтропияның азаймау заңы). Бұл анықтама бойынша энтропияны жүйенің
жағдайының қызметі деп қабылдаудан шыққан.
Диссипация (лат. Жайылу). Диссипацияның
түрлері: газдар
диссипациясы (планеталар арасында Жер планетаның газдарының жайылуы);
энергия диссипациясы (реттелген энергияны реттелмеген процестердің
энергиясына айналу, мысалы, жылуға - кинетикалық, электр тоқ т.б.); планета
атмосфераларының диссипациясы (планета атмосферасындағы газдар ғарыш
кеңістігіне жайылады).
Илья Романович Пригожин (25 қаңтар 1917, Москва, Ресей патшалығы -
28 мамыр 2003 Остин, Техас) - бельгиялық жəне американдық физик, химик,
химиядан Нобель лауреаты (1977). 1967 ж. Остин қ. Қиын кванттік жүйелерді
зерттейтін орталық ашты. Шығармалары теңсіздік термодинамика мен
статистикалық механикадағы қайталанбайтын процестерге арналған. Оның
зерттеулерінің ең жетілген нəтижесі - теңсіздік термодинамикалық жүйелер бір
ерекше жағдайда кеңістіктен салмақ пен энергияны қабылдауда өзінің
диссипативтік құрылымын сапалық тұрғыдан өзгертеді деген тұжырым. Оның
себептері статистиканың классикалық заңдарымен негізделмеген. Ол жүйелер
келешекте соның атымен аталған. Олардың есебі 1947 ж. шыққан шығармалары
арқылы
шешілген. Сонымен
қатар,
теңсіздік
процестердің
термодинамикасының теоремасын дəлелдеп берген, ол ашық жүйедегі
энтропияны өндіру минимумы деп аталады. 1982 ж. Ғылым академиясының
шетелдік мүшесі болып тағайындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет