Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



бет83/87
Дата02.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#131426
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы-emirsaba.org

Пəндік матрица - парадигма ұғымына тең ұғым.
Қалыпты ғылым - бір кезеңде парадигманың басымдылығын білдіретін
ұғым. Осы кезеңнің соңы «аномалийлердің» (сол шеңберде шешілмейтін
мəселелер) қысылымымен парадигма ішінен «жарылғанда» болады. Бір-бірінен
жүлдені тартып алу, басқаша дағдарыс, революциялық кезең басталады.
Біреуінің жеңісімен дағдарыс шешіледі, сөйтіп, «нормалы» кезеңін бастамасын
білдіреді, келесіде, осы процесс қайталанады.
Басты 
қатыру 
жаттығулары - бұл
ұғым
Т. Кунның
тұжырымдамасында «нормалы ғылым» кезеңіне сипаттау береді, яғни нақты
парадигманың шеңберінде сондай жаттығуларды шешу арқылы ғылыми
білімнің баяу кумуляциялық дамуы өтеді.
Парадигмалардың сəйкессіздігі - бір-бірін ауыстыратын теориялардың
арасында қандай болса қатынас мүмкін емес деген. Бұл тезис парадигмадан
тəуелсіз фактілердің болуы мүмкін еместігін бекітеді, яғни, бақылаудың
теориялық орташа тілі жоқ. Керісінше, ғалымдар парадигманың мазмұнын
меңгерген соң, оның призмасынан өтіп «дүниені көруге» үйренеді. Теорияны
фактілер бағаламайды, теория мағыналы тəжірибеге кіретін фактілерді
анықтайды. Осымен Кунның ғылым эволюциясында бірізгіліктік жоққа
келтіріледі: алғашқы парадигмамен жиналған білім оның құлдырауымен
лақтырып тасталады, ал ғылыми қоғамдар бір-бірін ығыстырады.
Пол Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмына» келесі ұғымдар
қатысты: теорияның пролиферация принципі, ғылым методологиясындағы
плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм.
Теорияның пролиферация (көбею) принципі - бұл қағида бойынша,
ғалымдар қазіргі жəне қабылданған теориялармен келіспейтін теорияларды
шығару қажет. Бұл Фейерабендтің принципі Поппер мен Лакатостың
ұсынылған ғылыми теорияны жоққа шығаратын фактілермен қақтығысқан
жағдайда тағы бір теория қажетті (фактты жоққа шығаратын куəлік) деген
ережемен негізделген. Альтернативтік теорияны шығару Фейерабендтің
пікірінше олардың екі жақты өзара сынауына негіз береді жəне ғылымның
дамуын жеделдетеді. Пролиферация принципі Фейерабендтің ұсынысы
бойынша ғылыми танымның методологиясының плюрализімін дəйектейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет