Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет86/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

Рух туралы ғылымдар - əмбебап құндылықтар, оның табиғаты мен адам
өмірінде  көрінісі  мен  қызметтерін, адамдардың  жеке  жəне  ұжымдық  мінез-
құлықтарын  зерттейтін  гуманитарлық  пəндер  жүйесі. Рух  туралы  ғылымдарға
қатысты: құндылық  теориясы, мəдениет  тарихы  мен  теориясы, жалпы  тарих,
дін  тарихы, философия  тарихы, өнер  тарихы, саяси  жəне  əлеуметтік  тарихы,
ғылым тарихы, жантану, мінез-құлық туралы ғылым.
Мəдениет  туралы  ғылымдар - адамзат  іс-əрекетін  негізгі  жақтарында:
пəндік, мақсаттық, процессуалдық  жəне  нəтижелік  түрде  зерттейтін  көп  түрлі
ғылыми пəндер. Мəдениетті адамның іс-əрекетінің өнімі бойынша материалды
мен  рухани  деп  бөледі; пəндік  іс-əрекеті  тұрғысында - ол  өндіріс, əлеумет,
бағдарлама  т.б. қамтиды; процесс  қасиетіне  қарағанда - шығармашылық,
репродуктивті, өзгеріс, даму; мақсат  тұрғысында - жоғарғы  жəне  төмен  т.б.
болады. Өзінің  өзгеше  аспектілерінің  біртұтастығында  мəдениет  адамзат
өркениетінің  құрылысының  негізгі  жаратушысы (ежелгі  Мысыр  мəдениеті,
ежелгі  Үнді  мен  ежелгі  Қытай  мəдениеті  мен  өркениеті, орта  ғасыр  Еуропа
мəдениеті  мен  өркениеті  т.б.). Мəдениет  туралы  ғылымдар: археология,
мəдениеттану, антропология, тарих.
Антика  ғылымы - бұл  фундаменталдық, имперсоналдық, жетілмеген
эмпиризмге  бағынатын  концептуалдық  модельдеуге  икемделген  ғылыми
интенциялардың жиынтығы. Біріншісінің апологиясы - Пифагор, стоиктер мен
элеаттардың,
Платонның
болмыс-логостың
бейнесін 
дамытқан


182
шығармашылықтарында  айқын. Платон  тек  ой  арқылы  заттарды  тану  керек
деген; сезім-түйсіктер, яғни, адам  өзінің көзі, құлағы, жалпы  тəнінен  алыстап,
болмыстың өзін, таза түрде түсінеді. Екіншілердің апологиясы - Аристотельдің
шығармаларында  көрсетілген; ол  білімнің  тəжірибелік  табиғатына  назар
аударды; тəжірибесіз  алынған, дерексіз, жалпылықты  нақтылықсыз  тану
түбінде қателікке əкеледі, себебі, тек нақтылыққа бет бұрады.
Архаика - рецептурлық-эмпириялық, утилитарлық-технологиялық  білім,
индуктивтік генерализация  мен  қолданбалы əдеттер түрінде  қызмет  етеді. Бұл
танымдық  формаларды  ғылыми  деп  айтуға  болмайды, себебі, жүйесіз,
теориялық-номологиялық болған емес. Ғылым фундаменталды жүйелік заңдық
дискурсымен  өзі  оңайланады. Ғылым - ол  қарапайым  түрінде  идеалдандыру
кеңістігінде шығарылған заң деп тұжырымдасақ, онда, архаикалық мəдениеттер
(Майя, Мысыр, Қытай, Үнді, Таяу  Шығыс) ғылымды  білмеген  деуге  болады.
Ежелгі  əлемнің  архаикалық  білімі - ғылымның  қарсаңы. Нағыз  заңдарды
білдірмесе  де  ол  ғылымның  қалыптасуында  маңызды  каузалдық  байланысты
шығаруға  бағытталған. Индуктивтік  генерализациялар, түбінде, заңдардан
алыстататын  импликативтік  қатынастарға  əкеледі. Нормативтік-инструктивтік
мəртебеге  ие  болған  техникалық  қабілеттер (субъект  пен  объекттің  қызметін
ұйымдастырады, осында  ғылым-технологиясы  білім-бейнелеуден  ерекше)
нақтылықтың  нағыз  қатынастарына  сүйенгенде  тиімді  болуы  мүмкін. Жалпы
осы  əлемнің  заңдылық  қасиеттерін  жаңғыртуға  бағытталған  ғылыми
ұстанымның  дамуына  себепші  болады. Тарихи  уақытта  осы  гносеологиялық
процесс ежелгі шығыс мəдениетінің өркендеуімен сəйкес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет